Сейтимбетова Айгерим Байдуллаевна Кауымбек Индира Сейтбеккызы Оразбекова Раушан Асансеитовна «Математикалық есептерді шешуге арналған программалық құралдар» пәні бойынша Дәрістер курсы білім беру бағдарламасы



бет13/14
Дата11.12.2023
өлшемі0,76 Mb.
#137437
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
multi-82977 x475124888

Добавить батырмасын басу арқылы келесі форманы аламыз.
40
Сызықтық теңдеулер жүйесін МОБР() функциясын қолданып шешуге де болады. MS Excel кестелік процессорында теңдеуді шешу Сервис менюіндегі «Подбор параметра» құралының көмегімен де жүзеге асады.

Оның алгоритмі қолданушыға көрінбейді, жасырын түрде орындалады.


Қолданылған әдебиеттер:





  1. Бірлесова Қ.Н.Қазіргі заманғы математика сабағы: ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану // Педагог. - 2015. - №5. - С. 11-13 б.




  1. Жубаев К. Геометрия пәнін оқыту әдістемесі - Алматы : Респ.баспа каб., 2007. - 185 б. б.




  1. Гусев, В., Бекбоев И., Қайдасов Ж, Абдиев А. Геометрия : жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. - Алматы : Мектеп , 2010. - 103 б.




  1. Смирнов В. А., Тұяқов Е. А. Геометрия [Электронный ресурс]: жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық / - Электрон. текстовые дан.(12,8Мб). - Алматы : Мектеп, 2017. - 144 б.




  1. Нурмаханов Б.Н., Абилдабекова Д.Д., Карымсаков У.Т.Компьютерлік графика. Алматы, 2011ж.




  1. Шыныбеков Ә. Н. Геометрия: жалпы білім беретін мектеп. 8-сыныбына арн. оқулық. - 3-ші басылым. - Алматы : Атамұра, 2012. - 127 б. ,

  2. «Ақпараттық технологиялар». Изд.:Мұғалім.KZ




  1. АКТ бойынша электрондық лекциялар (мамандықтар бойынша). Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ.



Тақырып 7. Желіде оқыту технологиясы

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика мектептерін көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру


мақсатында ақпараттық мәселені шешу құзыреттілігін

коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс. Компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттілігі, компьютерлерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы



41


міндетті талап екені бүгінде аян. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешуге

міндеттіміз: компьютерлік технологияны, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқуықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеру орынды. Теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің


қажет екендігі даусыз. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі


оқушылардың ақпараттық технологиялармен, арнайы бағдарламалармен жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Бұл оқушыларға білімін тереңдетуіне септігін тигізеді. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен


теледидарларды, компьютерлерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта арнайы бағдарламаларды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана


қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Сонымен бірге дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық


технологияны пайдалану мұғалімдердің, білімгерлердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі кезеңде өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз.


Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А. Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту технологиялық болуы қажет. Оның мағынасы – нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я.А. Коменский “дидактикалық машина” деп атады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл



42


құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болады. Соған байланысты, мақсат – құрал – оның қолдану ережелері – нәтиже модулі шықты. Бұның өзі – білім берудегі кез – келген технологияның өзегі.

Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында


педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады.


Желі функцияларына математикаға оқытуда жүгіну, ол мұғалімдердің құзіретін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетіндігі; оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігімен қамтамасыз ететіндігі; жеке алынған бір мектеп ұсына алмайтын көптеген мүмкіндіктер ұсынып, олардың икемділігін қамтамасыз ететіндігі; шығармашылық әлеуетті, тәуекел ету қабілетін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында пайдаланылатын инновациялық әдістерді дамытатындығы; оқушылардың аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне әкелетіндігі байқалады.


Оқыту технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Қазіргі


заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Педагогикалық үрдіс технологиясы – мақсатты, мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс - амалдарының, дидактикалық талаптарының, психологиялық - педагогикалық нұсқауларының жиыны.



43


Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс - әрекетіне игі әсер етумен қатар педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжіриебесінің нәтижелігіне, жинақылығына ұтымды әсер ететіндей оқу – тәрбие үрдісінің басты күре тамырының ролін атқарады.

Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кездері әдебиеттерден қазіргі заманға білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны дәстүрлі әдістемеден ажырата алмайды. Сондықтан оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.Поташник ұсынған критерийлерін көрсете отырып, олардың кейбіреуіне талдау жасадық, критерийлері:





  • елдің, аймақтың, қаланың талап – тілегі - мектепке әлеуметтік сұраныс;




  • мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар – мемлекеттік сұраныс;







  • педагогикалық озат тәжірибе;




  • мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс – тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;




  • мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.

Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:





    • алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;




  • жүйелілігі және тиімділігі, т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:





  • әрбір оқушының жеке және дара ерекшелігін ескеру;




  • оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

44


  • оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жалпы қабылданған анықтамаға сәйкес ақпараттық технологиялар – бұл ақпараттарды өңдеу мен сақтаумен, есептеу техникасы мен өндірістік құралдармен, олардың қолданыстағы қосымшаларымен, сонымен қатар барлық әлеуметтік – экономикалық және мәдени мәселелермен айналысатын адамдар еңбегін тиімді ұйымдастыруды зерттейтін өзара байланысты ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндердің кешені. Ақпараттық технологиялардың өздері күрделі дайындықты, үлкен шығындар мен ғылыми негізделген техниканы қажет етеді. Оларды қолданысқа енгізуден бұрын алдымен теориялық тұрғыда негізделіп, арнайы мамандар дайындалуы тиіс.


Жалпы білім беретін орта мектептерде қолданыстағы ақпараттық технологиялар құралдары негізінде қосымша құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер бар.


Қазіргі қоғам мұғалімдер алдына тек білім беру ғана емес, сонымен бірге оқушылардың жеке дара қасиеттерін дамыту міндетін қойды. Бүгінде білім мақсат емес жеке тұлғаны дамыту құралы деп саналады. Ол үшін бай мүмкіндіктерді заманауи ақпараттық компьютерлік технологиялармен алуға болады.


Ақпараттық технологиялар келесідей мүмкіндіктер береді:


 әрбір оқушыға өзіндік оқу троекториясын қамтамасыз ететін ашық білім жүйесін тұрғызуға.

 олардың бойында жүйелі ойлауды қалыптастыра отыра оқушыларды оқыту үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі түрде өзгерту.


 оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру.


 оқу үрдісін жекелендіру мақсатында компьютерлерді қолдану және барынша жаңа танымдық құралдарды пайдалану.


 микро және макроәлемдегі құбылыстар мен үрдістерді компьютерлік бағдарламалар, модельдер мен графикалар арқылы зерделеу.


 барынша жылдам дамып келе жатқан физикалық, химиялық, биологиялық үрдістерді зерделеуге ыңғайлы уақытпен ұсыну.



45


Басқа техникалық құралдармен салыстырғанда ақпараттық технологиялар оқушыларды тек дайын, толық сараланған, талаптарға сай білімдермен ғана жандандырмай, сонымен бірге

оқушы бойындағы интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді, жаңа білімді жинақтаудағы дағдысын, ақпараттар көздерімен жұмыс істей алу қабілетін дамытуға жағдай жасайды.


Ақпараттық технологиялар тек ақпараттарға қол жетімділікті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқу қызметінің вариативтілігіне мүмкіндіктер ашады, оқытудың барлық субъектілерінің қарым-қатынастарын оқушы оқу қызметіндегі белсенді бір мүше етіп қатысатындай жаңаша құруға ықпал етеді.


Жаңа ақпараттық технологияларды пәндік сабақтар аясында құрастыру сабақ тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарлама-әдістемелік кешендер жасауға қажеттілікті туғызады. Сондықтан да оқу үрдісінде ақпараттық технологиялар құралдарын нәтижелі қолдану үшін мұғалімдер қызмет етудің жалпы сипаттағы принциптерін және қолданбалы құралдардың дидактикалық мүмкіндіктерін білулері тиіс, содан кейін барып өз тәжірибелері аясында оларды оқу үрдісінде пайдаланады.


Бүгінгі таңда математиканы оқыту бірнеше ерекшеліктермен ұштасады. Қалай десек те елімізде математикалық білім дағдарысы байқалады. Оның себебі келесідей болуы мүмкін:



өзгеруі;




  • мектептердегі математикалық білімнің өмірден алшақтығында;




  • оқушылардың бұл салаға деген көзқарасының өзгешелігінде.

Қазіргі қоғамда орын алып жатқан өзгерістер педагог қызметіне де барынша өзгерістер енгізу қажеттілігін көрсетеді.


Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде. Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың бөлгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. Олар:



46


  • мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы;

  • қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;




  • басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;

  • жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;




  • мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;




  • іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;




  • өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;




  • технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.

Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану

жеңілемес,олоқытушыданбілімділікті,іскерлікті,


еңбекқорлықты, шығармашылықты, құндылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.


Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру - жаңаша оқытуға жеткізетін жол.


Математика сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары да бар. Кең мағынада алғанда бұл ұғым әртүрлі компьютерлік бағдарламалар мен техникалық құралдарды қолданып, оларды қолданыс үшін барынша тиімді етуді білдіреді. Мультимедиялық технологияларды көру қабілетін іске қосу арқылы оқушыларға оқу материалын жеткізу мақсатында және оны қабылдауын нәтижелі ету мақсатында қолданылатын оқытудың түсіндіруші-иллюстративтік әдісі ретінде қарастыруға болады.


Мектеп математикасы курсын оқыту үрдісіне қолдануға бағытталған білім сайттарына жасалған талдау, сонымен қатар ақпараттық білімдік ресурстар көрсеткендей олардың мазмұны негізінен жоғары математиканы лекция, конспект, мақала, анықтамалар түрінде игеруге бағытталған. Оған қоса қолданушыға теориялық материалдарды көшіру, қарап шығу және солардың негізінде берілген есептерді шешу ұсынылады. Бұл әрине мектеп оқушысы үшін тиімді нұсқа емес, сондықтан да


психологиялық-педагогикалық, техникалық, мазмұндық-әдістемелік талаптар мен олардың сапаларына талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жан-жақты талдау жұмыстары



47


көрсеткендей АКТ құралдарын пайдаланумен жүргізілетін сабақтарда олардың мүмкіндіктері дидактикалық тұрғыда толық қолданылмайды. Математика бойынша білім стандартының мазмұнын қарай отыра ол құжатта сабаққа АКТ құралдарын

пайдалану мәселесі қарастырылмағандығын байқады. Ақпараттандыру жағдайындағы бүгінгі күні оқушы математиканы игеруі үшін мұғалім АКТ құралдарын кәсіби тұрғыда қолдана білетіндей деңгейде болуы тиіс.


Табысты желілер реформа жүргізу бағытында жұмыс топтарын құру арқылы жұмыс істейді. Басшылық етуші топтар


реформа жүргізу бағытында орындалатын жұмыстарды бағыттайды, басқарады және бақылайды. Желіні жақсарту жөнінде жоспар құру үшін жауапты. Желілік қорлардың бөлінуін және пайдалануын бақылайды, мүдделі адамдарды тартады. Үйлестіруші топ желінің әр түрлі бөлімдері арасындағы қызметті реттейді. Үйлестіруші топтар мектептер арасындағы және желі ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды. Дамытушы топ желінің даму жоспарларында басым сала ретінде белгіленген салаларда оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру әдістеріне назар аударады. Дамытушы топтар оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегиялардың қабылдануына қолдау көрсету арқылы желіні дамытуға өз үлесін қосады.


Осы топтарда желі арқылы білім беруде жасалған жұмыстарға тоқталып өтсек:





  1. Оқушы-оқушы

  2. Мұғалім- оқушы




  1. Мұғалім- ата-ана




  1. Мұғалім- мұғалім

Сынып сағатын қашықта отырып дайындау: Оқушылар

тәрбие сағатын өздері топтасып өткізгенді жақсы көреді. Алайда оны бірігіп дайындауға кейде уақыт болмай жатады. Мұндай жағдайда оқушылар желі арқылы кеңесіп, тапқан материалдарын, фото, видеоматериалды ортаға салып тәрбие сағатына дайындалады.


Мұндай жұмыстар оқушыларға ынтымақта жұмыстануға, уақытын үнемдеуге, мәлімет алмасуға, бірін-бірі оқытуға, өз оқуына жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді.



48


Білім беру саласындағы реформалар педагогтардыңда жаңа талаптарға сәйкестігін жан жақты қарастырады. Бүгінгі таңда білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыстанатын, белсенді, тез өзгеріп жатқан әлемде өз орнын таба алатын шәкірттер тәрбиелейтін педагогтар сұранысқа ие. Smart технологиялар дамыған заманда мұғалімнің өзі де Smart қоғамның мүшесі ретінде қалыптасуы тиіс. Профессор В.П.Тихомировтың айтуы бойынша «Бұрынғы білім беру жүйесі Smart қоғамда жұмыс жасай алатын адамдарды қалыптастыра алмайды. Smart технологияларсыз инновацияның болуы мүмкін емес. Егер білім беру жүйесі осы даму бағыттарынан қалыс қалса, ол тежелуге ұшырайды». Smart қоғамда жұмыс жасай алатын адамдарды қалыптастыру үшін мұғалім өз бойына өзгерістер еңгізе алатын, инновацияларға ашық Smart қоғамның мүшесіне айналуы тиіс. Әлемде болып жатқан өзгерістерден хабардар болумен қатар, оң өзгерістерге өз үлесін қосып, тәжірибе алмасып, білімін тереңдетуге мүмкіндік беретін, инновациялық технологиялар арқылы жүзеге асатын желі арқылы оқыту мен оқудың бір түрі вебинарларға қатысу және ұйымдастыру болып табылады.

Вебинар сөзі ағылшын тілінен аударғанда онлайн-семинар немесе веб-конференция дегенді білдіреді. Бұл сөз жиі естілгенімен вебинардың не екенін көбі біле бермейді. Сондықтан, тәжірибе


алмасып, білім жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейтетін вебинарларды өз жұмысымызда пайдалануды жөн көрдік. Сонымен қатар вебинар арқылы айналаңдағы таныс адамдармен ғана емес, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде шаралар өткізуге болатындығын әріптестерімізге жеткізуге тырыстық. Вебинар арқылы қатысушылар онлайн режимінде


ақпараттармен алмасып оларды талқылай алады, таныстырылымдар көрсетіп, конференция өткізеді. Қазіргі таңда вебинарлар онлайн оқытуда: курстар, тренингтер, семинарлар өткізуде қолданады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет