Секрециялық бездер физиологиясы



бет5/5
Дата26.11.2023
өлшемі28,55 Kb.
#128480
1   2   3   4   5
Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары - әйелде аналық клетка және ерлерде аталық клеткалар - сперматозоидтар өніп дамиды. Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары түзіледі. Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап, баланың өсуіне, дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын т е с т о с т е р о н гормоны өнеді. Тестостеронның алмасуы негізінде а н д р о с т е р о н және басқа жыныс гормондары түзіледі. Жалпы алғанда аталық гормондар а н д р о г е н д е р тобына жатады. Андрогендер тобындағы гормондар бауырда, бүйректе және бұлшық еттерде белоктың түзілуіне әсер етеді, жоғарғы жүйке әрекетіне ықпалы зор, жоғары жүйке арқылы жыныс қылықтарының қалыптасуына және тежелудің тепе-теңдігіне әсер етеді.
Тестостерон гормоны ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, әр адамға лайық сақал-мұрттың, денедегі түктердің, көмейдің дыбыс жарғақтарының өсуіне әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет