Сәлеметсіздерме! Бүгін бізде арнайы қонақта IT маманы Бауыржан мырза. Бүгінгі менің сұхбатымның тақырыбы: «телефонның пайдасы мен зияны» туралы болмақ.
-Сәлеметсізбе!
-сәлеметсізбе!
- өзіңізді таныстырып өтсеңіз?!
- Мен Сержанұлы Бауыржан, IT маманы болып жұмыс істеймін.
- Қазіргі заманда технологиялар қарқынды даму үстінде. Түрлі ұялы телефондар, планшет, компьютер, ноутбуктар және т.б электронды құрылғылар адамзат өмірін оңтайландыруда игі көрсеткіштерге қол жеткізуде. Алайда олардың пайдасымен қатар зияны да бар екендігін көп уақытта аңғарып жатпаймыз.Бүгін сол ұялы телефонның маңызы, пайдасы мен зияны туралы өз ойыңызбен бөліссеңіз, сіз ұлы телефонды қаншалықты қолданасыз?
- Дұрыс айтасыз, казірге кезде ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес сияқты, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланады. Менде солардың қатарындамын, жұмысыма байланысты көп қолданамын 24 сағаттың 13-15 сағатында қолданамын десем болады.
- Телефонның пайдасы мен зиянының қайсысы басымырақ деп ойлайсыз?
- менің ойымша пайдалы жағы көбірек.Ұялы телефондардың арқасында өмір сүру әлдеқайда жеңілдеді, кез-келген уақытта керек адамдарыңмен хабар алмасуға, өзіңе керекті ақпараттар іздеуге мүмкіндік бар.
- Әрине, ұялы телефон ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін құрастырылған.Алайда, кейбір ата-аналар балаларына ойыншық ретінде ұсынуына байланысты ұялы телефон олардың денсаулығына ,оқуына кері әсерін тигізуде. Мектеп оқушылрынң көбісі ұялы телефонды сабақ үстінде пайдаланады, музыка тыңдайды, бейнеклип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп, ұйқылы-ояу маужырап отырады. Соның әсерінен сабаққа деген қызығушылығы да әлсірейді. Үлкендердің өзі қолдан тастамай, тәулік бойы қызығына бататындар да баршылық. Осылайша олар өздерінің алтын уақыттарын жоғалтады.
- Иә, дұрыс айтасыз, Оның жарқыраған экранына қарап отыру ең алдымен,көз жанарын құртады. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін бұзып, нерв жүйесіне кері әсерін тигізеді.Тіпті, жүрек ауруы, қатерлі ісік сырқатына шалдығуға әкеліп соғуы мүмкін. Мен көбінде телефонды жұмысыма байланысты қолданамын, сол үшін пайдалы жағы көп деп ойлайтынмын, шыныменде зиянды жағы көп сияқты.
- Телефонға, әлеуметтік желілерге тәуелділіктен арылуға қандай ұсыныстар айта аласыз?
- Жаңа хобби табыңыз.Бұл кеңес бір қарағанда "біртүрлі" көрінуі мүмкін. Өзі уақыт жоқ кезде қай уақытта жаңа іспен айналысуға болады? Бір жағынан, зерігу – адамның смартфонға "кіріп кетуінің" ең кең таралған себебі. Достарыңыздың немесе танымайтын адамдардың суреттерін қарап, көңіліңізді түсіріп, лента мен историяны тауысқанша отыра бергенше, йогамен айналысуға, сурет салып үйренуге немесе тамақ дайындауға болады. Бұларды үйренуге күніне 1 сағаттың өзі жеткілікті, ал нәтижесі сізді ұзақ күттірмейді.
- Кеңесіңізге рахмет! Сау болыңыз!
-Сау болыңыз!