Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер! Алдымен өзімді таныстыра кетейін!



бет3/4
Дата13.12.2022
өлшемі33,92 Kb.
#56835
1   2   3   4

6.Зайцев технологиясы?

Ойын арқылы оқыту. Баланы санауға, оқуға үйрету. Балаға санатып оқытып, дұрыс сөйлеуін оқыту.



7.Ойын технологиясы?
Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық ойындар. Баланың танымдық қабилеттерін, шығармашылығын дамыту.



8.Триз технологиясы және?
70 жылдары Альтшуллер ойлап тапқан. ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді. Шығармашылық қиялын дамытуға үйретеді.


6 слайдқа қойып оқимын! Әрбір басшыда мынадай сұрақ туындайды: «Тиімді ақтық нәтиже алу үшін өз жұмысымды қалай жоспарлауым керек?». Мектепке дейінгі ұйым басшысының басқару жүйесі аса күрделі, әрі жауаптылықты қажет етеді. Басқару– бұл оның сапасын арттыру мақсатымен оқу-тәрбие үдерісін реттеу. Формасы жағынан бұл ақпаратты талдау үдерісі. Осылайша, технология МДҰдағы тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жай-күйі туралы бастапқы мәліметтерді жинау; алынған мәліметтерді талдау және әсер етуші ақпарат беру болып табылады.
7 слайдқа қойып оқимын! Басқару стилі деп басқарушының қолданатын әдістері мен әдісті жүзеге асыру формаларын айтамыз.
Аты айтып тұрғандай бар билік тұтастай тек бастықтың қолында болады. Басқару ісіне қызметкерлер еш араласа алмайды. Бұл стиль арқылы қатаң тәртіп орнатуға болады. Еңбек шартын бұзған қызметкерді қатаң жаза күтеді. Қателігі үшін бастық оған сөгіс жариялайды не айыптайды. Бұл жерде ешқандай қызметкердің пікірі маңызды емес. Барлық жұмыс процесі нұсқаулықтармен бекітіледі. Қызметкерлер басшылықты әр басқан қадамынан хабардар етіп отыруы тиіс. Өктем стиль компаниядағы дағдарыс кезеңін тез арада артта қалдыруға көмектеседі.

АВТОРИТАРЛЫҚ СТИЛЬ: Басқарудың бұл түрі басшының біраз уақыт жұмсауын талап етеді. Егер ұжымның ауқымы кеңейіп, қызметкерлер саны көбейсе, олардың барлығын бірдей ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстау оңай болмайды. Осындай себептерге байланысты кей мәселелерді шешуге бірнеше күн қажет, жеделдік жоғалады. Бұл стильдің кемшіл тұсы – егер бастықтың қабылдаған шешімі қызметкерлеріне ұнамай қалса, бірнеше жақсы маманынан айырылып қалу қаупі туады, яғни бір мезгілде бірнеше адам өз еркімен жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Сол себептен қатып қалған нұсқаулықпен ғана жүрмей, қабылданған шешім қандай нәтиже берерін зерттеп алған жөн.

Демократия немесе алқалы басқару стилі ұжыммен тығыз қарым-қатынас орнатумен байланысты. "Демос" деген сөздің мәні халық билігі екенін мектеп кезінен білеміз. Демократия режимінде әлеуметтік топтағы әр адам өз ісіне жауапты және маңызды шешімдерге тең дәрежеде үн қоса алады.
Бастықтың орынбасары мен жоғары лауазымды қызметкерлер ғана емес, бір ортада қызмет ететін тұлғаның барлығы бірдей басқару үдерісіне қатысуға құқылы. Барлығының пікірі маңызды. Компания үшін маңызды шешім қабылдау керек болса, алдын ала барлығын құлағдар қылып, ақылдасып отырып, бірлесе үкім шығарады. Бұл қатардағы қызметкерлерді де жігерлендіре түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет