Семантикалық желіні шет тілін үйретуде қолдану



Дата31.01.2023
өлшемі15,8 Kb.
#64148
Байланысты:
Семантикалық желіні шет тілін үйретуде қолдану Мақала


Семантикалық желіні шет тілін үйретуде қолдану
Білімді көрсетудің бұл формасының негізгі идеясы – класының, оның прототипінің мәнін сипаттау және объектінің қасиеттерін көрсететін сөздермен байланыс орнату.
Бұл модельде концептуалды объектілер ‘шыңдардан’ және ‘доғалардан’ тұратын ассоциативті желілер түрінде көрсетіледі. Шыңдар – бұл концептілер, доғалар концептілдердің арасындағы қатынасты көрсетеді.
Өзінің ең қарапайым формасында семантикалық желі қиылысу нүктелері ‘түйін’ деп аталатын байланыстардың ассоциативті ұйымдастырылуы. Әрбір түйін өзіндік концепт саналады, сондықтан да семантикалық желіні кейде концептуалды желі немесе концептуалды тәуелділіктер желісі деп атайды.
Семантикалық желінің әрбір түйінімен адамның ұзақ уақытты жадындағы басқа концептілер ассоциативті түрде байланысты. Егер бір түйін қоздырылса онымен бір уақытта жадыдағы онымен байланысты ақпараттар мен фактілер сыртқа шығады.
Семантикалық желілер білімнің, оның ішінде екінші тілдегі білімнің де адам жадында сақталуына септігін тигізеді, сонымен қатар ақпарат іздеуді жеңілдетеді.
Семантикалық желі формасында тек қана экстралингвистикалық білімдер емес, тілдік білімдер де кодталуы мүмкін болады.
Әр уақыт кезеңінде интеллектуалдық әрекеттің әр түрлі ерекшеліктерін ескеретін семантикалық желілердің көп түрлері ұсынылды. “Компьютерге дейінгі” эрада логикалық ой-толғауларды формалдау үшін семантикалық желілердің түпбейнесі(прототипі) қолданылды(Фреге, Пирс).
Джеймс Д. Данның Жапонияда жасалған ғылыми зерттеуінде: «Семантикалық желілердің өзара байланыстылығын тіл үйренуші студенттердің пайдасына қолдана аламыз. Мысалы, obfuscate(жаңылыстыру, шатастыру, жасыру) деген жаңа лексикалық бірлікті таныстыру барысында автордың сыныбында осы теориялық әдісті қолдана отырып ол сөз мұғалім өзі мәдени және семантикалық тұрғыдан сәйкес деп есептеген байланыстырушы мысалдар арқылы ұсынылады. Мұғалімдер мысалдардың мемлекет немесе аймаққа байланысты әртүрлілігін есепке алуы керек. Мұның мысалы ретінде, мысал сөйлем(Ninja in the trees) мен сөздік картада келтірілген ninja байланыстырушысын қолдану болып табылады. Лексикалық бірліктің айналасында байланыстырушылар симуляциясын қолдану жаңа сөздерге мықтырақ байланыстар беріп, олардың есте сақталуына көп мүмкіндік береді» – деп тұжырымдайды.
Тілдер және оған байланысты терминдер, сөздер мағынаға ие болуы үшін контекст қажет болып табылады. Бұл дегеніміз үйрену процесінде студенттің өткен тәжірибесін және ерекше идеяларын қолдану үйрену тәжірибесін эмоционалды қуаттайды. Студенттерге өздерінің семантикалық желілерін кеңейтуге мүмкіндік беру олардың жаңа терминді қоршап тұрған өздеріндегі бар семантикалық түйіндерін одан ары қарай жаңа сөздермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Студенттер жаңа терминді байланыстырушы ретінде не үшін қосқандығын түсіндіруге мүкіндік алуы керек. Бұл оларға жаңа терминді қолдану мен бекітуге, жаңа лексикалық бірліктің семантикалық түйіндерін ары қарай белсендіруге мүмкіндік туғызады.
Студенттер құрған байланыстырушыларды қолдану жаңа терминге (сөздіктен алғанға қарағанда) тереңдік, мағыналық кеңдік береді(Anderson, 2011).


Қолданылған әдебиеттер:



  1. Екшембеева, Л. В. Второй язык: теоретические основы усвоения [Текст] : Учеб. пособие по курсу "Теория усвоения второго языка" / КазНУ им. аль-Фараби. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2003. - 84,[3] с. - ISBN 9965-12-588-0 : 186.67т. тг.

  2. Бабкин, Э.А. Принципы и алгоритмы искусственного интеллекта: Монография / Э.А. Бабкин, О.Р. Козырев, И.В. Куркина. – Н. Новгород: Ниже-город. гос. техн. ун-т. 2006. 132 с.

  3. James D. Dunn. UNITAS at Teikyo University, Tokyo, Japan. Utilization of Semantic Networks in the Teaching of Vocabulary. Language Education in Asia, Volume 4, Issue 2, 2013


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет