Болашақ
Б
о
л
а
ш
а
қ
Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің газеті
Болашақ 2015
Наурыз-сəуір 2015 жыл
Болашаққа кемел біліммен
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы
IХ аймақтық олимпиада
жүлдегерлері
6 бет
11 бет
10 бет
Наурыз мейрамы
«Ізгілік шапағаты»
инклюзивті
əлеуметтік жобасы
қортындыланды
8 бет
Жаңалықтар
2
«Іздедім сен үшін, əлемнің асылын»
мерекелік кеш
Наурыз айының 7-і күні əйелдер
мерекесіне орай мектебімізде əр салада еңбек
етіп жүрген ер азаматтар таң атысы нəзік
жанды əріптестерін гүлмен қарсы алып,
құттықтау лебіздерін білдіріп жатты. Осынау
мерекелік көңіл-күй əріде оқушылардың
ұйымдастыруымен халықаралық əйелдер
күніне арналған «Іздедім сен үшін, əлемнің
асылын» атты мерекелік концертімен
жалғасты. Оқушылар ұстаздарын салтанатты
түрде қарсы алып, ырғақты биге шақырып,
концерт залындағы орындарына шығарып
салды.Концерт шымылдығы мектебіміздің
сахна режиссері Дастан Қайсеновтың шағын
əзіл-шоуымен ашылды. Əріде ұстаздар би
билеп, «Арулар» əнін орындады. Мектеп
директоры Бағдан Тоқтамысұлы барша
əйелдер қауымын көктемнің алғашқы
меркесімен құттықтап, жылы лебіздерін
жолдады.Мерекелік кеш əріде оқушылардың
түрлі əн-биімен жалғасып, тіпті, арнайы
п о н т о м и м о д а қ о й ы л д ы . Ж а л п ы , е р
азаматтарымыздың ұйымдастыруымен
жасалған мерекелік кеш аруларымыздың
көңілінен шықты деп сенеміз.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
3
«Абай тынысы - заман тынысы»
Наурыз айының 4-жұлдызында Семей
қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Нұр Өлке»
шаңырағы қаламыздағы Абай мұражайында
болып қайтты. Осы мұражайда біз ұлы
ақын,ағартушы, жазба қазақ əдебиетінің, қазақ
əдеби тілінің негізін қалаушы, философ,
композитор, аудармашы, саяси қайраткер,
либералды білімді исламға таяна отырып, орыс
жəне еуропа мəдениетімен жақындасу арқылы
қ а з а қ м ə д е н и е т і н ж а ң а ртуд ы к ө зд е ге н
реформатор – Абай Құнанбаев жайлы өз
б і л і м і м і з д і э к с п о н а н т т а р а р қ ы л ы
толықтырдық.
Мұражайға кірген кезден бастап 19-
ғасырға саяхат жасағандай болып əсер алдық.
Себебі, осы мұражайда ұлы Абайдың сол
кездегі пайдаланған ат-əбзелдері, жиһаздары,
туысқандарының қолданған заттары, тіптен,
Абай Құнанбаевтың шыққан тегі мен одан
т а р а ғ а н ұ р п а қ т а р ы н а д е й і н б е р і л г е н
мағлұматтармен таныстық. Сондай-ақ,
ақынның өзі жазған қолтаңбаларымен жəне сол
кездегі зиялы қауым өкілдері Достоевский мен
жер аударып Семейге келген Михаэлистің Абай
Құнанбаев туралы жазған пікірлерін оқып
білдік. Сонымен қатар, мұражайдағы Абайдың
қалада өз білімін кітапханалардағы кітаптарды
оқи отырып білімін толықтыра отырып,
орыстың зиялы қауым өкілдеріменен араласа
жүріп, өзінің қолданған жиһаздары арқылы
біз оның көзі ашық, көкірегі ояу жəне европа
стиліне өз көзқарасы болған жан екеніне көз
жеткіздік.
Абай-қазақ халқы үшін аты əлемге
танылған ұлы тұлға. Оған дəлел ретінде
М ұ х т а р Ə у е з о в т ы ң « А б а й ж о л ы »
эпопеясының дүние жүзі халықтарының 116
тілінде аударылғанынан білеміз. Бұл жер
шарындағы 116 елдің Абай арқылы қазақ елін
танып, білгендігі.
«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-
заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де
үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр»
,- деп Мұхтар Əуезов айтқандай, Абайдың
поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-
пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар
берген. Ол қазақ халқының өткен замандағы
өмірін зерттеуші жəне зерделеуші. Ұлы ақын
өз халқының ғасырлар бойғы мəдениетінің
таңдаулы нəрін алды жəне бұл қазынаны
орыстың жəне Батыс Европа мəдениетінің игі
əсерімен толықтырды.
Бұл шаңырақ сағаты барлық оқушыларды
бей-жай қалдырмады деп ойлаймын. Абай
мұражайында Қазақстан тарихы пəнінде оқып
жүрген Алаш партиясы жайында көптеген
сабаққа қажет мəліметтер алдық. Бұл саяхат
м а ғ а н е р е к ш е ə с е р б е р і п , а л д а ғ ы
мақсаттарымды айқындауға себебін тигізді.
Бекен Мөлдір
«Нұр Өлке» шаңырағы
Жаңалықтар
4
8 наурыз… Осы мерекені есте қалатындай
қалай өткізуге болады ? Оның құпиясын сізге мен
айта аламын.
7 наурыз күні біздің 6 «В» сынып ұлдары
қыздарға арнап ойын түріндегі мереке өткізді.
Жүргізушілер бастамас бұрын, əділ-қазылар
алқасымен таныстырып өтті. Олардың құрамы:
біздің сыныптан екі ұл:Мади мен Даулет жəне пəн
мұғалімдерінен математика мұғалімі Алма
Қадырбековна. Сынып қыздары жеребе бойынша
екі топқа бөлінді. Осылай, сайысымыз басталып
кетті. Сайыстың бірінші түрі «Таныстыру» кезінде,
əр топ өз тобына ат қойды. Бірінші топ: «Няшки
симпотяшки» деген ат таңдады. Ал, екінші топтың
аты: «Сұлу қыздар». Қалған сайыстарда, қыздардың тапқырлығы, еңбекқорлығы, сұлулыққа
бейімділігі сыналды. Біз арнайы уақыт ішінде түйме қададық, берілген тағамдардан тəтті
тағамдар жасадық, актерлік шеберліктерімізді де паш еттік. Амина мен Айназ деген аруларымыз
өз бағын сынады.Екінші сайысымыз инемен түймені орамалға тиянақты тігу.Əр нəрсені тиянақты
жасайтын Назерке мен Арайлым сайысқа түсті.Үшінші ең күрделі сабырлылықты талап ететін
сайысымыз «Ең үздік аспаз» деп аталды.Сыныбымыздың тамақты өте тəтті дайындап,оны кез-
келген жерде жасай алатын аспаздарымыз-Альсана жəне Махаббат.Олар 10 минутта алдарына
берілген тағамдардан тамақ жасауы керек. Олар қияр,нан,қызанақ,банан,алмұрт,алма жəне
сыр.Төртінші сайыс «К» əрпінен басталатын тамақтың атын жазу керек.Осы тапсырмада да
аруларымыз қолдарынан келгенін жасады.Ойынды қорытындылай келе,екі топ та 83 ұпаймен
жеңіске жетті!
Жалпы,осы мереке маған өте қатты ұнады. Сынып кураторы мен оқытушыларымыз жəне
ұлдар бізді құттықттап, сыйлықтарын сыйлады. Ұлдарымыздың осындай ілтипаттары үшін біздің
де алғысымыз шексіз болды. Осыдан кейін достарымызбен бірге асханаға барып, тəтті мерекелік
тағамдар жедік. Ұлдардың мерекесі кезінде де біз оларға сайыс құрастырамыз деген үміттеміз.
Смаилова Альсана
«Нұр Өлке» шаңырағы
«Барлық əлем қасиетті ана үшін!»
Жаңалықтар
5
Шын мəнінде биылғы жыл ел өміріндегі
ерекше тарихи оқиғаларға толы. Соның бірі –
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау
науқаны. Қазіргі уақытта ел Президенттігіне
Н ұ р с ұ л т а н Ə б і ш ұ л ы Н а з а р б а е в т ы ң
кандидатурасы бір ауыздан ұсынылып, қолдау
көрсетілуде. Əрине, бұл таңдау жер бетін
ж а п п а й д а ғ д а р ы с ж а й л а ғ а н м ы н а д а й
аласапыран заманда Қазақстандағы саяси,
əлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен
ұлттық бірлікті, халықтар достығын сақтай
отырып, əлемдегі озық отыз мемлекеттің
қатарынан өзімізге лайықты орын алуы үшін
маңызды рөл атқармақ. Бұл тұрғыда Елбасына
бүкіл халық үлкен үміт артып, сенім білдіруде.
Ал енді келесі айтулы тарихи даталар – Қазақ
хандығының 550, Ұлы Отан соғысының 70, Ата
Заңымыз бен Қазақстан халқы ассамблеясының
20 жылдық мерейтойларының мемлекеттік
деңгейде атап өтілуімен тікелей байланысты
болып отыр. Жалпы, қазақта: «Өткенге топырақ
шашсаң, келешек саған тас атады», - деген сөз
бар. Мұны жастарымыз ешқашан ұмытпауы
тиіс. Біз кешегі жəне бүгінгі тарихымызды,
жалпы, рухани құндылықтарымызды қастерлеу
арқасында ғана барып нағыз ұлтжанды ұрпақты
тəрбиелейтін боламыз.
Қазақстанның кемел келешегі білімді
жастардың қолында екені белгілі. Бүгінде
Семей қаласындағы физика-математикалық
б а ғ ы т ы н д а ғ ы « Н а з а р б а е в з и я т к е р л і к
мектебінің» директоры Қайыржанов Бағдан
Тоқтамысұлы басшылығымен мұғалімдер
ұжымы үш тілді еркін меңгерген, өздік іздену
арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын,
проблема ларды шешу жолдарын т ауып
көрсететін, іскерлік қатынастар орнатуға
қабілетті, дарынды оқушыларды даярлау
мақсатында еңбек етуде. Оқу үрдісі барысында
о қ у ш ы л а р д ы ң ғ ы л ы м и ж о б а л а р м е н
айналысуына, халықаралық стандарттарға сай
білімдерін жетілдіруіне ерекше мəн беріліп
отырады. Атап айтсақ, жылда оқушыларымыз
əлем бойынша өтетін халықаралық SAT
тестілеуіне қатысып, үздік нəтижелер көрсетіп
келеді. Сондай-ақ, Франция, Швейцария,
Греция, Испания, Түркия, Ресей, Малайзия,
Сингапур елдерінде өтетін халықаралық
олимпиада жүлдегерлері де бар. Биылғы
жылдың өзінде екі оқушымыз Президенттік
олимпиаданың бір алтын жəне бір күміс
медальдарын иеленді. Бұған қоса тағы бір
оқушымыз академик Жəутіков атындағы
халықаралық олимпиаданың жеңімпазы
атанды. Айта берсек, мұндай табыстарымыз
жетерлік.
Бұл ретте өскелең ұрпаққа сапалы білім
беру, олардың бойларынан зияткер тұлға
қалыптастыру жалпы мемлекеттің алға
ілгерілеп, қарқынды дамуына қо с атын
сарқылмас капитал болатыны сөзсіз.Бұл
х а қ ы н д а Е л б а с ы м ы з ө з і н і ң д ə с т ү р л і
жолдауларында үнемі айтып келеді.Демек, біз
ұстаздар қоғамы бұл жолда аянбай еңбек ете
бермекпіз.
Салима Шаянбаева,
Қазіргі əлемдегі Қазақстан пəні бойынша
мұғалім-эксперт.
Білімді ұрпақ-
сарқылмас капитал
Жаңалықтар
6
IХ аймақтық олимпиада жүлдегерлері
14 наурыз күні Семей қ. Шəкəрім ат.
универститетінде математика, физика жəне
и н ф о рм ат и ка п ə н д е р і н е н I Х а й м а қ т ы қ
олимпиада өткізілді, оған 160-тан астам 10-11
сынып оқушылары қатысты. Атап айтқанда
Тарбағатай, Үржар, Бородулиха, Бесқарағай,
А я г ө з а у д а н д а р ы ж ə н е қ а л а н ы ң
№7,6,12,48,22,33,13,36,4,30,3,23 мектептерінің
о қ у ш ы л а р ы м е н қ ат а р С е м е қ . Н а з а р б а е в
Зияткерлік мектебінің оқушылары да өз өз
білімдерін сынады.
Математика пəні бойынша жеке дара
жетістіктер нəтижесі бойынша Майлыбаев
Алпамыс 2 орын, ал, Кенесбеков Ерсаин занял
3орынды жеңіп алды.Құттықтаймыз!
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
7
13-18 наурыз аралығы Орал қаласында Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-
техникалық университетінде жаратылыстану-математика бағытындағы пəндерден
республикалық оқушылар олимпиадасы өтті.Аталмыш олимпиадада білімдерін бəйгеге салған
екі бірдей оқушымыз жүлделі орныдарға ие болды. 9 с сынып оқушысы Ибраев Тингиз физика пəні
бойынша күміс алқа тағынса, 11 Д сынып оқушысы Амантаев Данияр қола медальге ие болды.
Еліміздің жетекші ЖОО-арының білікті ғалымдарынан құралған, академик, физика-математика
ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбаев төрағалық еткен қазылар алқасының шешімі
бойынша жүлдегер атанған оқушылар ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің дипломдарымен,
бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кетейік, олимпиада жүлдегерлеріне жоғары оқу орнына түсер кезде жеңілдіктер
жасалады.
Баспасөз орталығы
Семейлік оқушылар жаратылыстану-
математика бағытындағы пəндерден өткен
республикалық олимпиададан жүлделі
оралды
Жаңалықтар
8
Наурыз айының 20 күні Семей қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен қолға
алынған «Ізгілік шапағаты» атты көпкүндік инклюзивті əлеуметтік жобасының жабылу
салтанаты өтті. «Ғұмыры ғасырларға жалғасқан, Əз-Наурыз!» атты мерекелік кеш аясында өткен
салтанатты шараға қалалалық əкімшілік пен білім департаменті өкілдері, сондай-ақ,
қаламыздың бірнеше жоғарғы жəне орта білім беру ошақтарының басшылары мен ұстаздары
қатысты.
Жалпы, аталмыш əлеуметтік жоба екі бағыттан тұрады. Бірінші бағыт бойынша
оқушылардан құралған мектебіміздің көшбасшылары № 25, 39, 37, 3, 22 мектептерімен бірлесе
отырып, құрылған əлеуметтік əріптестік шеңберінде бірқатар шаралардың басын қайырды. Ал,
екінші бағыт бойынша мектебіміздегі əр шаңырақ ұйымы мүмкіндігі шектеулі жəне ата-ананың
қамқорынсыз қалған балаларды қолдап, рухани əрі əлеуметтік құндылықтарды оқушылар
арасында насихаттау бағытында бірқатар əлеуметтік шаралармен қоса шығармашылық
жобаларды жүзеге асырды.
«Ізгілік шапағаты» инклюзивті əлеуметтік
жобасы қортындыланды
Жаңалықтар
9
Жоба аясында оқушылар əлеуметтік серіктестер мен
шаңырақтар арқылы шығармашылық бағыттарды іске
асырып, қамқорлыққа зəру балаларға материалды көмек
көрсетті.
Оқушылар ұйымдастырған түрлі қайырымдылық
шаралары нəтижесінде 260 мыңнан астам қаржы жиналып,
қамқорлыққа алынған 5 бірдей балаға салтанатты түрде
табысталды.
Осы жобаға əріптестік танытып, ең белсенді қатысқан
қала мектептері мен ата-аналарына мектеп директоры
Кайыржанов Бағдан Тоқтамысұлы өз ризашылығын жеткізіп,
арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Жалпы, Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінде түрлі қайырымдылық шараларын өткізу дəстүрге
айналған.Бұл игі іс əлі де жалғасын таба бермек.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
10
Наурыз мейрамы
Наурыз айының 20-шы жұлдызында Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде
оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналардың ат салысуымен күн мен түн теңелетін жаңа жылымыз,
Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамы тойланды. «Нұр Өлке», «Ұлытау», «Керуен», «Хан Тəңірі»,
«Оқжетпес» шаңырақтары мен əрбір бірлестік ұйымдары бір шаңырақ астында мерекелік
дастарқан жайып, əртүрлі ойындар ойнатып, əн шырқап, би биледі. Мерекелік дастарқан
бауырсақ, ет, қазы-қарта, құрт, наурыз көже, қымыз, талқан, ірімшік сияқты тағам түрлерімен
толықты. Үлкен үзілістер кезінде мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналардың бір бөлігі əр
шаңырақ пен бірлестік ұйымдарының дастарқанынан дəм тартса, екінші бөлігі ұйымдастырылған
сайыстарға қатысты. Мерекелік іс-шараның екінші бөлігінде оқушылардың «Ғұмыры ғасырларға
жалғасқан əз-Наурыз» қойылымы мен «Ізгілік шапағаты» инклюзивті жобасының қорытындылау
концерті өтті. Ата-аналар осы мерекелік іс-шараға зор ықыласпен белсене қатысты. Концерт
барысында ата-аналар Абайдың 170 жылдығына орай «Көзімнің қарасы» атты өлеңін бірлесе
шырқады. Күні бойы тойланған Наурыз мейрамы əркімнің есінде қалардай жоғары деңгейде өтті.
Беков Сабыржан Артықбайұлы,
«Нұр Өлке» шаңырағының ата-анасы
Жаңалықтар
11
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы
Адамның адамшылдығы – ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады.
Абай
Иə, осы дана сөздерде қанша мағына, қанша
терең ой жатыр десеңізші. Абайдың сөзін үлгі
етпейтін адам кемде-кем шығар. Себебі, бала
тəрбиесі адам өміріндегі ең басты мəселе. Ол тек
отбасының ғана емес барлық адамзаттың
мəселесі. Атақты ғұлама ғалым, əлемнің екінші
ұстазы Əл Фараби «Тəрбиесіз берілген білім -
адамзаттың қас жауы» демекші, бүгінгі таңда
Н а з а р б а е в З и я т ке рл і к м е кт е п т е р і а д а м и
құндылықтарды тəрбиенің негізі ретінде оқу-
тəрбие жүйесіне жаңашыл əдіс-тəсілдерді
енгізуде.
Əрбір оқушы халқын, ұлтын сүйген, ана
сүтінің құдіретіне бас иген, əрбір жан өз тілін,
дінін, ділін қадірлеп қастерлеумен қатар,
мейірбан жүректі, жайдары жанды, жібек
мінезді, таза рухты, ақылды, парасатты,
инабатты, иманды, білімді болса, оның нағыз ел
азаматына айналғаны. Ал бұның бəрін,біз,
ұстаздар қауымы тек сөзбен айтып қоймай,
оқушыларымызбен бірге мектеп өміріне белсене
араласып, іс-шаралар өткізуде өз істерімізбен
үлгі-өнеге көрсету арқылы тəрбиелеудеміз.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – деп
тектен-тек айтылмаған шығар. Өйткені ақынның
өмірі мен шығармашылығы тұнып тұрған тəрбие.
Ұлы ақынымыздың 170 жылдық мерейтойы
қарсаңында ғұлама Абай атамыздың рухына
құрмет көрсету, өмірі мен шығармашылығын
н а с и х а т т а у, ж а с ұ р п а қ т ы і з г і л і к п е н
м е й і р і м д і л і к к е т ə р б и е л е у м а қ с а т ы н д а
кураторлар əдістемелік бірлестігі атаулы іс-
шараларды жоспарлап өткізді. Ақпан айы бойы
Семей қаласындағы физика-математикалық
бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
оқушыларынан құралған көшбасшылар кеңесі
жалпы білім беретін 5 мектеппен бірлесе
мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету
мақсатында «Ізгілік шапағаты» атты əлеуметтік
инклюзивті жоба, «Қазақтың 100 əні» жобасы
Жаңалықтар
12
аясында Абай əндерін орындау байқауын,
əлеуметтік серіктестермен бірлесе «Абай-дана,
Абай-дара» атты шығармашылық шаңырақ
сағаттарын өткізіп, Наурыз мерекесі қарсаңында
«Ғұмыры ғасырларға жалғасқан, əз-Наурыз»
қайырымдылық концертімен жалғастырып,
əлеуметтік инклюзивті жобаның қорытындысын
шығарды. Əрине, біздің ұйымдастырған əрбір іс-
шарамыз ұстаздар мен ата-аналардан қолдау
тауып жатады. Ата-ана-ұстаз-оқушы – бұл
бөлінбейтін, бір мақс атты көздеген, бір
армандарға жетелейтін серіктес.
Осы сөзімнің дəлелі ретінде Абай əндерін
орындауда мектеп оқушылары «Желсіз түнде
жарық ай» əнін шаңырақ болып орындаса,
əдістемелік бірлестіктер «Қазақтың 100 əні»
жобасында ұсынылған 4 əнді қалауларынша
таңдап, орындау барысында əрбір бірлестік
шығармашылық тұрғыда ерекшелене білді.
Абай əндерін шырқата орындаған ұстаздарына
деген шəкірт құрметі арта түсті. Ең маңыздысы -
о л ұ с т а з д а р д ы ң о қ у ш ы л а р ы н а қ ұ р м е т,
сыйластық, жауапкершілік, Отансүйгіштік деген
қ ұ н д ы л ы қ т а р д ы ү л г і - ө н е г е р е т і н д е ө з
бойларынан көрсетулері. Біздің мектептің ата-
аналары да қалыс қалмай, наурыз мерекесінің
қайырымдылық концертінде Абай атамыздың
«Көзімнің қарасы» əнін орындады.
Менің ойымша, осындай тəрбиені көріп
өскен жас ұрпақ əрқашан өзінің Отанына,
тарихына, салт-дəстүріне үлкен
жауапкершілікпен, құрметпен қарайтыны сөзсіз.
Куляш Найманова,
кураторлар ƏБ жетекшісі
Жаңалықтар
13
2014 жылдың қазан айынан 2015 жылдың наурыз айы аралығында Санкт-Петербург
ақпараттық технологиялар, механика жəне оптика ұлттық зерттеу университетінің
ұйымдастырумен «Ақпараттық технологиялар» жəне «Математика» пəндері бойынша
оқушылардың халықаралық ашық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 3320 мектептен 18115 оқушы
қатысты.
Қазан-ақпан айлары аралығында өткізілген екі кезең бойынша Семей қаласындағы ФМБ
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7, 8, 9, 11 сынып оқушылары жоғары ұпай жинап, «Ақпараттық
технологиялар» бойынша финалдық кезеңге жолдама алса, математика пəні бойынша 3 бірдей
оқушымыз қатысқан болатын.
2015 жылы 14-15 наурыз айында Павлодар қаласындағы «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-
практикалық орталығы базасында «Ақпараттық технологиялар» жəне «Математика» пəндері
бойынша оқушылардың ашық олимпиадасының финалы өтті. Бұл жолғы олимпиада
тапсырмалары алдыңғы жылдан күрделі болғанымен оқушыларымыз ө білімдерін дəлелдеп,
жоғары нəтиже көрсетті. Нəтижесінде ақпараттық технологиялар бойынша 8"B" сынып оқушысы
Ернар Серік 13 ұпай алса, 9"B" сынып оқушысы Дастан Беков 5 ұпай, ал, 9"A" сынып оқушысы
Анель Қабылбаева 3 ұпайды місе тұтып, 9"L" сынып оқушысы Елдос Ерболов 6 ұпай жинады.
Ал, математика бойынша: 7"А" сынып оқушысы Улан Сейткалиев өз қатарластарының арасынан
жоғарғы 17 ұпай алса, 9"К" сынып оқушысы Ермахан Габдулкаримулы 8 ұпай, ал 11"Е" сынып
оқушысы Аяжан Досмухаметова жинады. Жалпы, биылғы жылғы олимпиаданың ерекшелігі
оқушылар керекті қосымша бағдарламаларды қолдана алды.
Ақтық мəренің қорытындысы бойынша Ақпараттық технологиялар пəнінен 8 «В» сынып
оқушысы Серік Ернар жүлделі 2- орын алса, математика пəнінен 7"А" сынып оқушысы
Сейткалиев Улан жүлделі 2- орынды иеленіп,
9"К" сынып оқушысы Габдулкаримулы Ермахан жүлделі 3- орыннан көрінді.
Жүлделі орын алған жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Баспасөз орталығы
Семей зияткерлері «Олимп-ИФМО»
олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді
Жаңалықтар
14
«100 кітап» жобасына арналаған
қызықты шара өтті
7 сəуір күні Семей қаласындағы физика-
мат е мат и ка л ы қ б а ғ ы т ы н д а ғ ы Н а з а р б а е в
Зияткерлік мектебі кітапханасында «100 кітап»
жобасына арналаған қызықты шара өтті.
Бағдарлама аясында түрлі ойындар мен
«BINGO», «Кітап іздеу» атты акциялар
ұйымдастырылып, командалар шығармашылық
жұмыстары мен қойылымдарын ортаға
салды.Сондай-ақ, кітапханада «100 кітап»
т а қ ы р ы б ы н а а р н а л ғ а н к ө рм е а ш ы л ы п ,
қ ат ы с у ш ы л а р о қ у б а р ы с ы н д а ө з д е р і н
қызықтырған кітаптарын таңдады.Солардың
ішінде «Жетім», «Ұшқан ұя», «Жабайы алма»,
«Қызыл кітап», «Менің атым Қожа», «Ғасырдан
да ұзақ күн», «Махаббат қызық мол жылдар»,
«Great Expectations», «Adventures of Tom
Sawyer», «The Time Machine», «Alice in
Wonderland», «The Wonderful Wizard of Oz», «The
Little Prince», «Jane Eyre», «Prideand Prejudice»,
«Romeo and Juliette», «Oliver Twist» сында
көптеген қызыққа толы кітаптар болды. Шара
барысында оқушылар жапсырмалы қағаздармен
«Сөйлейтін қабырғаны» көркемдеп, өздері оқып
шыққан кітаптардың мазмұнын ашуға
Жаңалықтар
15
тырысты. Нəтижесінде көп тізімінің арасынан
«Жетім», «Менің атым Қожа» жəне «The
Wonderful Wizard of Oz» көп оқылған ең үздік
кітаптар болып танылды. Аталмыш шара «100
кітап» жобасы тізіміндегі кітаптарға деген жас
оқырмандардың қызығушылығын арттыру
мақсатында ұйымдастырылған еді. Бұл ретте
а л ғ а қ о й ғ а н м а қ с а т а қ т а л д ы д е с е
болады.Өйткені, жас оқырмандар шара
барысында қойылған тапсырмаларды орындай
отырып, өздерінің əлі оқымаған кітаптарына
д е г е н қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ т а р ы н а р т т ы р д ы .
Оқушылардың мұндай шараларға белсене
араласуы «100 кітап» жобасын жүзеге
асырудағы кезекті қадамның бірі ғана. Демек,
өзге де оқушылар жыл бойы жоба аясында
тіркелген кітаптарды қызыға оқып, алда талайын
əңгімелеп беретін болады.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
16
Атомная энергетика - одна из будущих
перспектив Казахстана. Будущее в наших руках,
и именно нам удалось побывать в городе
Курчатов, в Национальном Ядерном центре и
Парке Ядерных технологий и своими глазами
увидеть экспериментальную установку токамак
КТМ. Зде сь, мы ближе познакомились с
перспективами развития атомной энергетики, ее
положительными и отрицательными сторонами
и ее применение в различных целях. Например,
мы узнали о применении ускорителя заряженных
ч а с т и ц д л я с т е р и л и з а ц и и р а з л и ч н ы х
медицинских материалов. Также мы узнали о
применении ядерных технологий для создания
полиэтилена и адсорбирующих веществ. Зарва
Денис провел экскурсию по Парку Ядерных
технологий, ознакомив с действием установки,
продемонстрировал наработки и поделился
к о л о с с а л ь н ы м о б ъ е м о м и н ф о р м а ц и и .
Атомная энергетика /Своими глазами
Жаңалықтар
17
Экспериментальная установка токамак КТМ
является экспериментальной тороидальной
установкой для магнитного удержания плазмы и
создания условий, для протекания управляемого
термоядерного синтеза. По проекту, данная
установка должна работать в течении 5 секунд и
формировать плазменный шнур с током 10-30кА.
( h t t p : / / w w w . n n c . k z / O - p r e d p r i y a t i i /
Eksperimentalnie-kompleksi/tokamak.html).
Данную установку представят на ЭКСПО – 2017.
Всю полученную информацию мы будем
использовать в дальнейшем при создании
научных и исследовательских работ. Данные
экскурсии помогли нам не только с проектами, но
и с определением профессии будущего.
Диана Кульгускина и Алия Туманбаева
9 “C” класс
Жаңалықтар
18
Ару қала- Астанада өткен естен кетпес күндер
Сəуір айының 9 мен 10- жұлдызы аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары ару қала – Астанада бас қосты. Олардың
барлығының жиналған мақсаттыры бір еді. Яғни, келешекте тілші болып, еліміздегі журналистика
саласын дамыту.Біз медиафорум барысында бұл саланың жаңа қырлары мен сырларын танып,
одан əрі қызығушылығымызды арттырды.
Алғашқы күн Астанада қаласында орналасқан физика-математикалық бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінен бастау алды. Осынау салаға қызығушылық танытқан
оқушыларымен журналистика жайында ой бөлістік.Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББ-ның
баспасөз хатшылары Айгерім Қали жəне Алия Ахметова алғашқы сəттен бастап бізбен бірге
белсенді жұмыс атқарды.Сондай-ақ, осы күні «Еуразия» арнасындағы журналист Айнұр
Жақыппекқызы өз мамандығының көптеген сырларын ашып берді.
Айнұр Жақыппекқызының айтуынша, бұл салада жұмыс атқарған өте қызықты. Сондай-ақ, «
сюжет жасау үшін алаңнан бір детальді таңдап алып, көрермен қызығушылығын ояту керек»-,
деген өз кеңестерін айтып берді.
Жаңалықтар
19
Сондай-ақ, осы орталықта тікелей эфирдегі бағдарламалар мен радиоларды өз көзімізбен
көрдік. Мысалға алатын болсақ, «Əйел бақыты» , «Астана FM» радиосы, «Алаң» ток-шоуы жəне
тағы басқа.
Орталықта өткен брифингке қатысып, əр түрлі салада жұмыс атқаратын вице-
министрлерінің баяндамасын тыңдадық. Яғни, олар Светлана Кабыкеновна, Ғалым Алгеевич,
Муслим Мұхтар, Жұмабек Хасен.
Бұл кісінің кеңестерінен кейін Қазақстанда танымал блогер Самат Искаковтың əлеуметтік
желіде оқырмандардың өзіне қалай көңіл аудару керектігін, қандай тақырыптарда блог жазуға
болатындығы жөнінде мəлімет алдық.
Сондай-ақ, осы күннің ең керемет те, əсерлі оқиғалардың бірі болған - Қазмедиа орталығына
баруымыз болды.
Орталыққа бармас бұрын бізге диктофон сыйлыққа берді. Осы құрал арқылы біз Қазмедиа
орталығында болған брифингтарды, кеңестерді жəне бізге арналған ақ тілектерді дыбысқа жазып
алдық.
20
Мен үшін осы брифингта журналистердің аса бір ізденіспен жəне қызықты сұрақ
қойғандары үлкен əсер қалдырды.
Ал, барлық шаралар біткеннен соң «Елдің бағы.Елбасы.Елдің сенімі.Ел бірлігі» атты кітап
əрбір балаға таратылды. Екінші күні НЗМ-де 24.Kz арнасындағы жүргізуші Лаура Жакуповамен
кездестік.
Ол бізге мəтінді оқу кезіндегі қалай тыныс алу керектігі жөнінде жəне эфирге қалай киіну
қажеттігін үйретті. Сондай-ақ, КТК телеарнасында режиссер болып жұмыс атқарған,
видеороликтер құрастыратын – Жанна Үмбетова деген жанмен де кездесіп, видеороликтер
жасауға алғашқы қадамдарды ойластыруды үйрендік.
Осы 2 кун барысында мен өзіме көптеген достар тауып жəне журналистика саласындағы өз
білімімді толықтырдым.
Ең бастысы, бұл медиафорум менің болашақ мамандығыма үлкен əсерін тигізді. Себебі,
осындай керемет кездесулер мен оқиғалардан кейін, журналист болуға деген құштарлығым артып,
келешекте осы саланың дамуына үлес қосатын жандардың бірі боламын деген арманым пайда
болды.
Бекен Мөлдір 9 В сыныбы
Жаңалықтар
21
Жаңалықтар
С 8 по 11 апреля в Российской Федерации, г.
Томске прошел ΙΙΙ Всероссийский Форум
школьников, студентов, аспирантов и молодых
у ч ё н ы х с м е ж д у н а р о д н ы м у ч а с т и е м
"Космическое приборостроение", посвящённой
55-летию кафедры точного приборостроения. На
данном Форуме прияли участие учащиеся 9
классов филиала "Назарбаев Интеллектуальная
школа ФМН г. С емей" АОО "Назарбаев
Интеллектуальные школы" - Стахан Сабыржан,
Кожебеков Алихан, Абдилов Адиль, Ибраев
Тенгиз, Сушкова Ксения, Мустакимова Раммина.
8 апреля 2015 года состоялось открытие
Форума, в ходе которого, на пленарном заседании
выступали ведущие ученые, директора и
руководители крупнейших фирм, корпораций,
имеющие опыт по запуску спутников, разработке
и подготовке его составляющих. Слушатели
активно задавали вопросы, шла живая дискуссия
по обсуждению проблем запусков спутников и
с о в м е с т н ы х п р о е к т о в Т П У и в е д у щ и х
организаций. По окончании пленарного
заседания мы посетили выставочный центр
научных достижений ТПУ, где познакомились с
историей основания Томского политехнического
университета, его выпускниками и результатами
за этот период времени.
В тот же день, с 14.15 часов началась работа
секций. Всего на данном Форуме работало 5
секций. Мы приняли участие в секции №5
Вернулись с высокими результатами...
22
Жаңалықтар
"Молодёжь и космос"№. Общее количество
докладов на секции - 20. При защите работ у
учащихся были подготовлены на только
теоретические основы, но и практическая часть.
Работы вызва ли очень живой интере с у
слушателей, а также у организаторов конкурса.
Наши учащиеся продемонстрировали высокий
уровень подготовки, уверенно и правильно
отвечали на вопросы жюри, оргкомитета и
слушателей. По итогам работы секции члены
жюри отметили, что в этом году делегация из
нашей Республики и подготовку. Тематика
проектов была актуальна, а ученые в ходе
разговора со мной и учащимися остались очень
довольными, предлагали пути сотрудничества с
ними.
По итогам Форума, учащийся 9 «С» класса
Ибраев Тенгиз завоевал 1 место на данном
Международном конкурсе, Стахан Сабыржан,
Кожебеков Алихан, Абдилов Адиль – ученики 9
класса «D» отмечены дипломами за лучшие
доклады. Работы учащихся были подготовлены
под руководством учителя физики Жумабекова
А.С. А ученицы 9 класса «D» класса - Сушкова
Ксения, Мустакимова Раммина – 2 место
(руководитель – Аубакирова А.А.).
Асхат Жумабеков
учитель физики
23
Жаңалықтар
В с о в р е м е н н о м м и р е н а ч и н а е т
прогрессировать кризис природных ресурсов и
энергии. Поэтому идёт активное развитие
а л ьт е р н ат и в н о й э н е р г е т и к и , р е с у р с о в ,
практически неисчерпаемых.
П о ка е д и н с т в е н н о й а л ьт е р н ат и в о й
получения энергии, имеющей перспективное
развитие - это атомная энергетика, тем более в
Казахстане.
Нас всегда интересовала эта тема и её
будущее развитие в Казахстане. И вот 3 апреля
2015 года нам удалось посетить Национальный
Ядерный центр, материаловедческую установку
токамак КТМ и Парк Ядерных технологий в
городе Курчатов. Именно это поездка ближе
познакомила нас с перспективами развития
атомной энергетики, ее положительными и
отрицательными сторонами и ее применение в
различных целях. Мы узнали о применении
у с к о р и т е л я з а р я ж е н н ы х ч а с т и ц д л я
с т е р и л и з а ц и и р а з л и ч н ы х м е д и ц и н с к и х
материалов. Также, мы узнали о применении
ядерных технологий для создания полиэтилена и
адсорбирующих веществ. Зарва Денис провел
Перспективы развития атомной
энергетики
24
Жаңалықтар
увлекательную экскурсию по Парку Ядерных
технологий, ознакомив нас с действием
установки, показал наработки в данной сфере и
поделился колоссальным объемом информации.
Н а м у д а л о с ь у з н а т ь м н о г о е о б
экспериментальной установке токамак КТМ.
То к а м а к К Т М - м а т е р и а л о в е д ч е с к а я
тороидальная установка для магнитного
удержания плазмы и создания условий, для
протекания управляемого термоядерного
синтеза. По проекту, данная установка должна
работать в течении 5 секунд и формировать
плазменный шнур с током 10-30кА. Данная
установка будет представлена на ЭКСПО – 2017,
в качестве проекта по изучению управляемого
термоядерного синтеза и его применения в
будущем.
Вся полученная информация была для нас
очень полезной и познавательной. Данные
экскурсии помогли нам не только с проектами, но
и с определением профессии будущего, ведь мы
– будущее Казахстана.
Алия Туманбаева, 9 “C” класс
25
Жаңалықтар
14 сəуір күні Семей қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінде Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ)
үйлестіруімен кезекті PISA халықаралық зерттеуі өтті.3 жылда бір рет қайталанатын аталмыш
халықаралық зерттеу осыдан 15 жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Елімізде
осымен үшінші рет өткен PISA-ға Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жасы 15
ке толған 9-11 сыныптардан құралған 120 оқушысы алғаш рет өз білімдерін сынға салды.
Оқушылар 2 сағат тест тапсырып, 35 минут сауалнама толтырды.Тапсырмалар саны
жаратылыстану бағыты бойынша басым болды. Оқушыларға берілген тапсырмада сызба,
диаграмма, тест, логикалық сұрақтар қамтылды.Ал, оның қаншалықты қиын болғандығын
зерттеу жұмыстарына қатысқан 9 «А» сынып оқушысы Ерасыл Ермеков былай дейді:
- Мен PISA халықаралық зертеуіне
а л ғ а ш қ ы р ет қ а т ы с т ы м . Б ұ л з е рт т е у
жұмысын абыроймен тапсыру менің борышым
болды. Себебі, осы арқылы біздің мектептің,
өзіміздің ең бастысы мемлекеттің білім
деңгейін айшықтайды. Менің ойымша, біздің
ұ с т а з д а р о қ у ш ы л а р д ы P I S A ғ а ж а қ с ы
дайындықпен жіберді. Маған бұл тестілеуде 51
сұрақ келді.Бұл ретте мен үшін бұл сұрақтар
қатты қиындыққа түскен жоқ. Оларға дұрыс
жауап беру үшін логика мен білім қажет. Бір
қызықтысы кейбір сұрақтарға жауап беру
үшін алдыңғы сұрақтарға оралу қажет болды.
Көп мəтінді сұрақтар біраз қиынға соққаны рас.
Себеб, оларды толық оқып шығу едəуір
уақытты шығындайды.
Тест кітапшалары жауаптарымен бірге АҚШ-тағы халықаралық ұйымға жіберіліп,
қорытындысы сол жақта 2016 шығады деп күтілуде.
Баспасөз орталығы
Семейде PISA халықаралық зерттеуі өтті
26
Жаңалықтар
23 сəуір күні Семей қаласындағы
ф и з и к а - м а т е м а т и к а л ы қ б а ғ ы т ы н д а ғ ы
Назарбаев Зияткерлік мектебінде дəстүрлі
географиялық сайыс өтті. Ұлтымыздың
ажырамас бір бөлігі болған, салт-дəстүрімізді,
рухани құндылықтарымызды насихаттауды
б а с т ы н а з а р ғ а а л ғ а н о с ы н а у ш а р а
мектебіміздің география пəні мұғалімдерінің
бастамасымен қолға алынған. Шараның басты
м а қ с а т ы қ а з а қ х а л қ ы н ы ң ұ л т т ы қ
құндылықтарын, тарихын, салт-дəстүрін,
мəдениетін насихаттауды көздейді.Сайысқа
мектебіміздің 8 сынып оқушылары мен
шетелдік ұстаздардың қатысты. Шетелдік
ұстаздарымен бірге тіл табысып, басқа ұлт
өкілдеріне өз халқымыздың ұлы өнерін, салт-
дəстүрлерін таныстырып, қазақ тілінде еркін
сөйлеуге үйретіп, шеберліктерін жетілдіруді
көздейтін бұл жоба осымен екінші жыл
қатарынан өтуде. Оқушылар мен шетелдік
ұстаздар Азия, Европа, Африка жəне Америка
құрлықтары бойынша 4 топқа бөлініп, өзара
түрлі сайыстарда сынға түсті. Атап айтқанда,
3 минут ішінде топтың атын қазақ тілінде
таныстырып,
қазақ əндерін орындап, ұлттық биімізді
қаншалықты меңгергендерін көрсетті.Сондай-
ақ, жарапазан айтып, ерулік , байғазы, көрімдік
жəне бата берудің салт жоралғыларымен
таныстырды.Сайысқа қатысушылар əріде
Семейде географиялық сайыс өтті
27
Жаңалықтар
мектеп атриумында қазақ халқының асық ату,
ақсерек-көксерек, қыз қуу сынды бірнеше
ұлттық ойындарын көрсетіп, көрермендер
қошеметіне бөленді.
Оқушылар мен шетелдік ұстаздар үзіліс
барысында қазақтың ұлттық киімдерін киіп,
м ы ң б ұ р а л т қ а н б и г е т о л ы ф л е ш м о б
ұйымдастырды. Жоба барысында «Ұлы
далам» тақырыбы бойынша еліміздің жер, су
атауларымен қаншалықты таныстығын білу
үшін географиялық сайыста оқушылар мен
шетелдік ұстаздарға қазақ даласы жайлы
көптеген географиялық, тарихи сауалдар
қойылып, білімдері сыналды.
Халқымыз «ас адамның арқауы» деп
дастарханына жайылатын тағамына аса мəн
берген. Бұл ретте оқушылар мен шетел
ұстаздары қаламыздағы мейрамхананың
бірінде ұлттық тағамдарымызды өз қолымен
жасауға тырысты.Сайыс түйіні түрлі
салттымыздан сыр шертетін қойылымдар,би
жəне əн шашумен тəмамдалды.
Қазақ халқы дəстүрге бай. Ендеше ұлттық
құндылықтарымызды өзге елге танытып,
онымен мақтан тұту бүгінгі ұрпақтың басты
ұстанымы болса нұр үстіне нұр.
Баспасөз орталығы
28
Жаңалықтар
Дəстүрге айналған түлек күні
Сəуір айының 22- күні Семей қаласындағы
физика-математикалық бағыттағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінде дəстүрге айналған түлек
күні өтті. Бұл мектебіміздің 5-ші түлектері.
С о н д ы қ т а н б о л а р , т ү л е к т е р д а й ы н д ы қ
б а р ы с ы н д а қ о б а л ж ы п , б а л а л ы қ ш а қ п е н
қоштасуда жақын қалғанын сезінгендей болды.
Күн таңғы лездемемен басталып, қоңырауларда
мектеп өмірінен көріністер, əн, бимен жалғасын
тауып жатты.
Биылғы түлек күнінің мақс аты тек
ұстаздарға алғыс айту, мектеп қабырғасындағы
қызықты күндерді еске түсіру ғана емес,
сонымен қатар түлектерге арналған тағы бір
дəстүр- ол «Менің өмірімдегі құндылықтар»
атты əлеуметтік жоба болды. Əрбір түлек екіден
үштен топқа бөлініп немесе сынып болып осы
мектеп қабырғасында жүргенде өздеріне
маңызды болған құндылықты майлы бояумен
сурет салуға арналған кенепке салып, аты
жөндерін жазып, құндылықтардан тұратын
кілемше естелікке қалдырды. Бұл жоба түлектер
арасында жылда жалғасын табады деген
үміттеміз.
29
Жаңалықтар
Көшбасшылар кеңесі «Біз біргеміз...» атты
мектеп оқушылары мен ұстаздары атынан
т ү л е к т е р г е а р н а л ғ а н т і л е к б ұ р ы ш ы н
ұйымдастырды. Пəн мұғалімдері, мектеп
психологтері жəне көшбасшылар кеңе сі
мүшелері мен жетекшілері де сырт қалған жоқ.
Олар түлектер арасында «Ең зияткер түлек»
атты интеллектуалды марафон ұйымдастырып,
8 сабақтан кейін нəтижесін шығарды. «Ең
зияткер түлек» атағын 12 «Е» сынып оқушысы
Еңбекшіл Айым жеңіп алды.
Əрине үзіліс уақыттарында қалай бəріне
үлгеруге болады? деген сұрақ туындайды.
Дегенмен, түлектер бəріне үлгерді: сабақ пен бос
уақытты тиімді, əрі қызықты, əрі пайдалы ете
білді. Бұнымен күннің тосын сыйы аяқталған
жоқ. Ең маңыздысы біздің 12 сынып оқушылары
арасынан алғаш рет дауыс беретін 5 түлекке
мектеп директоры Б.Т. Қайыржанов құттықтау
қ а ғ а з ы н б е р і п , о л а р д ы ң д ұ р ы с т а ң д ау
жасайтындарына сенім артты.
Куляш Найманова
кураторлар ƏБ жетекшісі
30
Спорт жаңалықтары
Семей қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына
орайластырылған командалық спорт түрлерінен өтетін мектепшілік бірінші фестивальдің ашылу
салтанаты болды.Салтанатты шараға сол зұлмат соғыстың бел ортасында жүріп, етігімен қан
кешкен ардагерлер Ошакпай Сакенов пен Коломин Петр Михайлович қатысты. Ардагерлер жас
спортышыларға жеңіс тілеп, ақ батасын берді.Сондай-ақ, осынау фестивальға № 28, 37, 47, 11, 15,
5, 43, 3, 38, КТЛ, 9 мектептің жас спортшылары да шақырылды.Салтанатты шарада оқушылар
баскетбол, пионербол, волейбол, футзал, көңілді старт сынды спорт түрлерінен үзінді ойын
көрсетіп, автоматты шашып, қайта жинау сынды əскери-патриоттық шараларға белсене араласты.
Айта кетерлігі, фестивальге мектепішілік чемпионаттарда жеңіс тұғырынан көрінген командалар
ғана қатыса алады.
5 сəуір күні фестивальдің алғашқы ойыны өтті. Баскетболдан бақ сынасқан ұлдар тобында
1-ші орынды №37 мектеп-гимназиясы жеңіп алса, 2-ші орын №15 мектеп спортшыларының
еншісіне бұйырып, ал, Семей қ.Назарбаев Зияткерлік мектебі 3-ші орынды місе тұтты.
Қыздар тобында 1-ші жеңіс тұғырынан №11 мектептің жас спортшылары көрінсе, №37
мектеп-гимназиясы 2-ші орынды , ал , № 28 мектеп оқушылары 3-ші орынды қанағат тұтты.
Жалпы, фестиваль аясында оқушылармен қатар ұстаздар да өзара спорттық сайыста өнер
көрсетеді. Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған фестивальдің келесі спорттық сайысы 10
сəуір күні ұстаздар арасында үстел тенисінен өтпек.
Баспасөз орталығы
Семейде командалық спорт түрлерінен бірінші
фестиваль бастау алды
Езу тартар
31
- Апа, мектепте барлығы мені «өтірікші» деп атайды!
- Мейіржан, сен сабаққа барып жүрген жоқсың ғой!
Əкесі баласынан:
- Балам мектептегі жағдайың қалай болып жатыр?
Баласы:
- Мен тəртіпсіз, сабағын оқымайтын баланың əкесімен
сөйлеспеймін!
Ұстаз:
- Балалар, бүгін жіктеу есімдігін өтеміз. Мен тұрмын, сен тұрсың,
ол тұр, біз тұрмыз, сендер тұрсыңдар, олар тұр... Өмірбек,
қайталап жіберші...
Өмірбек:
- Қысқасы, барлығы тұрып тұр.
Анасы баласынан:
- Əліби, мен сенің күнделігіңді таба алмай жатырмын. Қайда
кеткен?
- А, оны Ержан ата-анасын қорқыту үшін алған еді.
Болашақ 2015
Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің газеті
Мекен-жайымыз:
ШҚО, Семей қаласы, Қабылбаев көшесі, 32
Телефондар: 8(7222)53-18-88; 53-24-33
E-mail:
info@sm.nis.edu.kz
www.sm.nis.edu.kz
Web-сайт:
Болашақ
Б
о
л
а
ш
а
қ
Ү
з
д
i
к
ə
с
т
Лəззат Төлеуханова
11 "Д" сынып оқушысы
Достарыңызбен бөлісу: |