Семестрлік жұмыс Пәні: «Кадастрлық бағалау және жерді аймақтарға бөлу»



бет2/4
Дата07.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#65875
1   2   3   4
2 Негізгі бөлім
2.1 Жерді аймақтарға бөлудің және кадастрлық бағалаудың теориялық негіздері

Аймақтарға бөлу-жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау.


Аймаққа бөлу коэффициенті (Кайм) –салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алатын коэффициент, жергілікт iатқарушы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленеді.
Жерді аймақтау–жерді тиімді, ұтымды, нысаналы мақсатқа сай пайдалануда, жерге салынатын салықтың мөлшерін анықтау менжерлерді бағалауда қолданылады.
Жер телімі үшін төлем ақының базалық ставкасы– мемлекеттің жер теліміне жеке меншік құқығын беру немесе жер пайдалану құқығын сатқан кезде жер телімінің кадастрлық бағасын анықтау үшін қолданылатын бағалық көрсеткіш.
Елдi мекеннiң аумағы- қалалық немесе ауылдық елдi мекеннiң белгiленген шекара (iшкiаумағы) шегiндегi кеңiстiк;
Елдi мекеннiң бас жоспары- аймақтарға бөлудi, оның аумағының жоспарлы құрылымымен функционалдық ұйымдастыруды,көлiк және инженерлiк коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерiн белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды не басқада қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;
Кадастрлық бағалау нысаны– елді мекен жерлері, қала іші шегінің жер аумағы;
Кадастрлық құны–мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең–кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер телімінің есептік құны;
Қалалық жерлердің кадастрлық бағасы– жер телімінің бағасын анықтаудағы әкімшілік аумақтың бағалау жүргізілетін аймағының шегімен бағалау кезінде жүргізілетін әкімшілік, техникалық және қоғамдық– экономикалық әрекеттер жиынтығы бағалау шегі бекітілгенге дейін жүргізіледі. Елді мекен дамуының Бас жоспары шегіндегі территория аймақтау объектісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет