2.2 Жамбыл ауданы бойынша жерді аймақтарға бөлудегі негізгі нормативтік-құқықтық негіздері
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл аудандық әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) “Жамбыл ауданының Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 8-686 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3468 тіркелген, 2015 жылдың 21 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы № 11-959 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3608 тіркелген, 2016 жылдың 08 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Байшигашев.Б жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі Н.Ертас
2.3 Жамбыл ауданының жер қоры, жер бедері, табиғи климаттық жағдайы
Жамбыл ауданы Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, оңтүстігін Іле Алатауының батыс, оңтүстік-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, т.б. кездеседі.
Сурет 1. Жамбыл ауданының географиялық картасы
Жері оңтүстіктен солтүстікке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солтүстігіндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі.
Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің аумағы 1,7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шілбастау, Қопа т. ж. ст-лары бар. Аудан жері арқылы Алматы – Бішкек автомобиль жолы өтеді. Жамбыл ауданында 900-ге жуық тарихи-археологиялық ескерткіш мемлекет қарауына алынған.
Аудан халқының саны 166 347 адам (2019), 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: оның ішінде: қазақтар (85,48%), орыстар (6,88%), түріктер (1,51%), ұйғырлар (2,59%), әзірбайжандар (0,73%), күрдтер (0,23%), татарлар (0,42%), шешендер (0,24%), қырғыздар (0,25%), немістер (0,30%), корейлер (0,11%), өзбектер (0,30%), украиндар (0,05%), басқалары (0,91%).
Достарыңызбен бөлісу: |