Семинар №1 Жазудың жалпы даму тарихы


СОӨЖ-2 Таңбалы тастағы суретжазу: түрлері, мазмұны



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі33,73 Kb.
#12955
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
семинар.docx

СОӨЖ-2

Таңбалы тастағы суретжазу: түрлері, мазмұны

«Көне дүние күмбірі» айдарында  әдеттегідей  жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген еліміздің киелі орындары қатарына жататын Таңбалы тас археологиялық кешені. 

Таңбалы (Тамғалы) тас археологиялық кешені

Археологиялық кешен түрлі тарихи кезеңдерге қатысты 5000-нан аса петроглифтерді және қоныстар, қорымдар, оба-молалары, құрбандық шалу, тас уату орындары сияқты басқа да бірнеше ондаған ескерткіштерді қамтиды. Кешеннің неғұрлым құнды бөлігін орта қола дәуіріне жататын петроглифтер құрайды, олар тайпааралық ғибадат орнымен тікелей байланысы бар деген болжамды айғақтайды. Зерттеушілер петроглифтердің жоғары эстетикалық құндылығын және зерттеушілердің «Таңбалы петроглифтерінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берген эмоционалдық дәрежесі мен рухани әсерін атап көрсетеді.

 Тамғалы – бұл ежелгі шығармашалық көрме, оның суреттерінде адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген. Суреттер тақырыбы әр түрлі: адамдар, жануарлар, ат шабармандар, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбандық шалу рәсімі, салттық-жоралғылық билер. Ежелгі шеберлер тас заттарын тегістігіне қарай қолданып, Күнге қарай төзімділігін үнемі ескерген. «Тасқа таңба басқандай» деген беріктікті білдіретін теңеу тілімізде содан қалған.

Күн сәулесінің түсуі тәулікке қарай жылжып, суреттер түрлі түсті болып көрінген. Петроглиф орындарының ыңғайлылығы сондай, бірнеше суретті көруге мүмкіндік болатын. Петроглиф – ғылыми термин, археологтардың еншісіне тиген зерттеу нысаны. Петро (petra) грекше тас деген сөз, glyphe – ою, ойма, бедер. Адам нәсілі ежелден тасқа ерекше құмар. Тас ғасырда тас оның күн көрісіндегі ең қажет құралы болды. Тастың символикасы мен қасиеті көп.

 Петроглифтер бейнелері  ішінде ежелгі құдайларды бейнелеген дөңгелек, тамға, дұға жазбалары, салттық билер көрінісі, керемет түйелер бейнесі, доңыздар болған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен сарай болды.

Қола дәуірінің қазақ жеріндегі бірден-бір нұсқаушысы іспеттес Таңбалы кешені тарихқа толы тасқа салынған суреттер арқылы кейінгі ұрпақ санасында қалып отыр. Бұрынғы дәуірде тірлік кешкен халықтардың дәстүрі мен мәдениеті, сенімінен мәлімет береді. Сан мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан орын тәуелсіз қазақ елі тарихының тереңнен тамырлануына негіз болады. Ашық аспан астындағы күн мен ай кезек тамашалайтын табиғи музей сияқты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет