Семинар №1 Саясаттану саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым


Контрэлита – бұл билеуді элитаға қатысты оппазиция ролін сол сәтте атқаратын саяси элитаның бөлігі. Әкімшілік элита



бет4/7
Дата26.11.2023
өлшемі21,81 Kb.
#128429
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Терминдер әсб

Контрэлита – бұл билеуді элитаға қатысты оппазиция ролін сол сәтте атқаратын саяси элитаның бөлігі.
Әкімшілік элита – бұл меншік ресурстарының негізінде билік құрылымына өзінің қатысуын іске асыратын билеуші билеуші элитаның бөлігі.
Әскери және полициялық элита – билеуші элитаның маңызды жігі.
Саяси элитаның маңызды жігін идеологиялық – ақпараттық элита құрайды.

№5
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.


Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.
Саяси жетекші; саяси көшбасшы- мемлекеттің, саяси партияның, коғамдық ұйымның жетекшісі; саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.
Саяси режим, саяси тәртігі экономикалық және мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен құралдарынын жиынтығы.
Саяси қатер, саяси тәуекелдік әскери әрекеттер, үлттық меншіктендіру, тәркілеу, шектеу енгізу және эмбаргомен байланысты кредиттік тәуекел.
Саяси баспана Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларының негізінде, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Ережесіне сәйкес, Қазақстанның шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі.
Ж.Блондель саяси жүйені басқаруды 5 түрге бөледі:либералдық демократия; коммунистік жүйе; дәстүрлі саяси жүйе; Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе; авторитарлы-консервативтік жүйе.
Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді.

№6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет