Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары.
Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі.
Авторитарлылық- біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі.
Авторитаризи түрлері - абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
Авторитарлы саяси жүйе - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы.
Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы.
Тоталитаризм– деспотизмнің бір түрі.
Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі.
№8
Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі.
Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі.
Мажоритарлық жүйе - сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі.
Пропорционалды сайлау жүйесі— сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі.
Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі— бес жыл.
Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар.
Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады.
Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады.
Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады.
№9
Саяси партия — мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.