Семинар №12 Тақырыбы: Жай сөйлемнің құрамына қарай бөліну түрлері мен олардың тұлғалық, мағыналық ерекшелігі


Бір құрамды сөйлемдер. Жақсыз және атаулы сөйлемдердің тұлғалық, мағыналық ерекшелігі мен түрлері



бет2/4
Дата10.12.2022
өлшемі34,08 Kb.
#56263
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
12-тапсырма қазіргі қазақ тілі

Бір құрамды сөйлемдер. Жақсыз және атаулы сөйлемдердің тұлғалық, мағыналық ерекшелігі мен түрлері.


Сөйлем синтаксисіне қатысты еңбектердің барлығы оның бірнеше түрін көрсетеді. Сөйлемді бас мүшенің қатысына қарай топтастыру кейінірек пайда болды. Орыс тіл білімінде “бір бас мүшелі сөйлемдер” ұғымын алғаш қолданған адам А.А.Шахматов болды. Ол осы тіл біліміндегі “психологиялық коммуникация” ілімін дүниеге әкеліп, тіл ғылымының кейінгі дамуына елеулі үлес қосты. Ғалым кез келген сөйлемді адамға тән психологиялық процестің көрінісі ретінде қарайды да, олар психологиялық субьекті мен психологиялық предикаттың қатынасы арқылы жасалады деп есептейді. Ол сөйлемдер бір бас мүшелі де, екі бас мүшелі де, атаулы да болатынын ескерте отырып, “олардың бәрі де осы екі мүшенің қатынасына негізделеді”, -дейді. Ғалым бір бас мүшелі сөйлемдердің түрлерін “бастауышты” (подлежащное), “бастауышсыз” (безподлежащное), “жақсыз” (безличные), “вокативті” (вокативное) деген терминдермен атап көрсете отырып, бір құрамды сөйлемдердің мәнін грамматикалық тұрғыдан қарағанда “субьекті мен предикат мәнінің сөйлемнің бар мүшесі арқылы көрінуі”, -деп түсіндіреді [1].
Сонымен, А.А.Шахматов тұжырымдамасы бойынша, кез келген бір бас мүшесі бар сөйлем (яғни, субьектісі мен предикатының мәні бір бас мүшеге жинақталған сөйлем) бір құрамды болып есептеледі.А.А . Шахматовтың “психологиялық коммуникациясы” ілімі кезінде ғылыми тұрғыдан қатаң сыналғанымен, оның сөйлемді “қос құрамды” және “бір құрамды” деп бөлу жөніндегі идеясын синтаксистердің көпшілігі қолдады. Олардың пікірі бойынша, бастауышы мен баяндауышы лексикалық жолмен берілген сөйлемдер “қос құрамды сөйлемдер” болады да, ал контекст, ситуация ыңғайына қарамастан, бір ғана бас мүше (баяндауыш-предикат) арқылы құрмалас сөйлемдер “бір құрамды сөйлем” болып есептеледі. Ал екінші тұжырымдаманы жақтаушылардың пікірінше, (Г.А. Золотова) белгілі жақты, жақсыз сөйлемдерді қос құрамды сөйлемдер қатарына жатқызады. Субьектінің лексикалық ыңғайда берілмеуі бұл сөйлемді бір құрамды сөйлемдер қатарына жатқызуға негіз бола алмайды. Себебі – ол, субьектінің сөйлеуші арқылы берілуінің бір жолы ғана немесе сөйлемнің контекстік толымсыздығының көрнісі болып табылады. Сөйлемнің құрылымдық ядросына субьекті мен предикатты білдіретін арнаулы құралдар болуы тиіс. Яғни, баяндауышта субьектіні білдіретін, оны танытатын, іздеп табуға мүмкіндік беретін морфологиялық тұлғалар болады. Мұндайда сөйлем қос құрамды болып есептеледі. Бұл көзқарас бойынша, бір құрамды сөйлемге тек етістік баяндауышы “жақсыз етістіктен” болатын жақсыз сөйлем жатады. Түркі тіл білімінде де сөйлемнің бір құрамдылығы жөніндегі ойлар осы екі бағытта дамыды.
Кез келген сөйлем семантикалық компоненттер (мағыналық жағынан) мен синтаксистік компоненттерден (құрылымдық жағынан) тұрады. Синтаксистің обьектісі болып табылатын семантикалық компонент морфологияның обьектісі болып есептелетін жалғаулар арқылы да (жіктік, тәуелдік, кейбір септік жалғауы ) беріле береді. Сөйлем компонентері әр түрлі синтаксистік қызметтер атқара отырып, синтаксистік категория болып есептелетіндіктен, оны морфологиялық тұрғалармен бір деп қарауға болмайды.
Есімдік бастауышы бар және бастауышы жоқ жақты сөйлемдердің құрылымдық айырмашылықтарын дұрыс ескерген ғалымдар белгілі, белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдерді бір құрамды сөйлемдер деп есептейді. Сөйлемнің семантикалық құрлымы мен құрылымындағы өзгешеліктер тек жай сөйлемде ғана емес, құрмалас сөйлемде де байқалады.
Осы айтылғандарды негізге алсақ, түркі тілдерінде бір құрамды сөйлемдер жоқ деген үзілді-кесілді қортынды жасау дұрыс емес.
Сөйтіп, біздіңше, ядролық мүшесі (баяндау бөлігі) етістіктің жақтық формасы арқылы берілген, ал бастауышы лексикалық тәсілмен берілмеген жай сөйлемнің ( толымсыз сөйлемнен басқа) барлық түрін бір құрамды деп қарау қажет.
Мазмұндық компоненттердің морфологиялық тәсілдермен тек бір құрамды сөйлемде ғана және тек жіктік немесе тәуелдік жалғаулармен ғана беріліп қоймайды. Мұндай құбылыстар қос құрамды сөйлемде де және предикат мүшенің септік жалғауларының кейбірімен түрленіп келуі арқылы да беріледі. Мысалы: Балам, мынау саған, ал мынау апаңа. Адам күні- адаммен. Баланы жастан т.б.
Етістікті бір құрамды сөйлемнің бас мүшесін “баяндауыш”, есімді бір құрамды сөйлемнің бас мүшесін “бастауыш” терминімен атайтын ғалымдар оларды қос құрамды сөйлемнің бас мүшелерімен сәйкес бас мүшелерімен сәйкес келеді деп есептейді. Мысалы, М.Расулов “... бір құрамды сөйлемнің құрылымдықлық негізін бастауыш немесе баяндауыш құрайды”, - десе, ал У.Алиев “Бір құрамды сөйлем деп грамматикалық жағынан бір бас мүшенің –бастауыштың немесе баяндауыштың айналасына топтасатын сөйлемді айтамыз”, - дейді. “Башқұрт тілінің грамматикасында” да бір құрамды сөйлемнің бас мүшесін атауда “бастауыш” және “баяндауыш” терминдері қолданылған [2].
Бір құрамды сөйлемнің бас мүшесі жөніндегі екінші көзқарас В.Виноградовтың «бір құрамды сөйлем бас мүшелерінен таза мүшелерінен таза бастауыштық» немесе «таза баяндауыштық» қасиеттерді, болмаса солардың эквивалентін іздеу дұрыс болмайтыны жөніндегі пікірімен байланысты туындайды [3]. Мысалы А. Чувакин бір құрамды сөйлемнің бас мүшесі қос құрамды сөйлемнің бас мүшесімен сәйкес емес екенін айта отырып, қос құрамды сөйлемнің бастауышы сөйлемнің предикатты - анықтауыштық компоненті болса, баяндауышы предикатты - анықталушы компонент ретінде бірі екіншісінің болуын қажет ететіндігін, ал бір құрамды сөйлемде бұл екі мүше бір тұтастыққа жымдасып келу арқылы бір бас мүше жасайтындығын айтады. Бір құрамды сөйлемдер бас мүшесін осындай тұрғыда деп түсінетін ғалымдар көбінесе жай ғана «бас мүше» терминін пайдаланады. Мысалы, М. Закиев: «Тек бір ғана бас мүшесі бар сөйлемдерді бір құрамды сөйлем» дейді [4].
Дәстүрлі грамматикада екі құрамды сөйлемдердің бастауышы - тәуелсіз, баяндауышы - тәуелді мүше ретінде қаралады. Ал бір құрамды сөйлемдердің бас мүшесі басқа ешбір мүшеге тәуелді емес, сөйлемді ұйымдастыруға негіз болатын жалғыз ғана бас мүше болып табылады.
Бұл ерекшелік - бір құрамды сөйлем бас мүшесін қос құрамды сөйлем баяндауышымен тең дәрежеде қарауға болмайды деген ойға жетелейді.
И. Ахматов: «Түркі тіліндегі бір құрамды етістікті сөйлемнің бас мүшесін предикатты - субъектілік мүше» деп, ал тәуелді тұлғалы есім формалары бас мүшені «субъектілік - атрибутивтік» септік жалғаулы бас мүшелерді «субъекті - предикатты - толықтауыштық т.б. деп атауға болар еді», - деген пікір айтады. Сондықтан, біз бір құрамды сөйлемді зерттеушілер көп қолданатын «бас мүше» терминін пайдаланамыз. Оған себеп: біріншіден, бір құрамды сөйлемде бір ғана мүше болады, екіншіден, біздің зерттеуіміз формадан мазмұнға қарай жүргізіледі, соған байланысты, сөйлемнің құрылымдықлық құрылымына баса назар аударылады [5].
Екі құрамды сөйлемдерге қарағанда бір құрамды сөйлемдерде субъективтік модальдік пен интонацияның қызметі басымырақ көрінеді. Оларды ажыратуда басты критерий - предикативтік белгі заңды құбылыс болып табылады.
Қорыта айтқанда, екі құрамды сөйлемдер мен бір құрамды сөйлемдердің айымашылықтарын белгілейтін басты критерий олардың грамматикалық құрылымы болып есептеледі.
Екі бас мүшесі де лексикалық сөздермен предикаттық қатынас ыңғайында берілген (толымсыз сөйлемде бар) сөйлемдер екі құрамды болып табылады, да предикаттық - жақтық қатынас бас мүше ретіндегі бір ғана лексикалық сөзбен берілген сөйлем бір құрамды болып табылады.
Бір құрамды сөйлемнің типтік түрлерін ажырату олардың семантикалық құрылымымен тығыз байланысты. Оны сол сөйлемнің аттарының өзі аңғартады (белгілі жақты, жалпылама жақты, белгісіз жақты, жақсыз, атау). «Бір құрамды жағы белгілі, жағы белгісіз, жағы жалпылама сөйлемдердің әрқайсысына арналған жеке форма жоқ», - дейді М.Х. Ахматов [5, 8 б.].
Бір құрамды сөйлем деп бір ғана бас мүшелі предикативтік құрылымда келіп, синтаксистік құрылымы жағынан екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз.
Жай сөйлемнің бір құрамды, қос құрамды болып бөлінуі, бір құрамды сөйлемдердің жеке түрлерге топтастырылуы синтаксистік семантика мен грамматиканың бірлігі ыңғайында зерттелетіні туралы айтқан - В.В.Бабайцева.

Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады. Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде, әсіресе, анықтауыш кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Осы айтылғандардың бәрі - атаулы сөйлемнің өзіндік ерекшелігі.


Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері:
1. Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады.
2. Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді.
3. Атаулы сөйлем жазушы тілінде ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады.
Атаулы сөйлемге мынадай анықтама лайық:
Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше құбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады. Негізгі мүше ретінде зат есім, сын есім, есімше(-ған-ген, -қан-кен, -тын-тін формалы), тұйық рай тұлғалы етістік жұсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді: Жаздың ыстығы-ай! Күтпеген жерден жолыңуы-ай!
Атаулы сөйлемнің негізгі мүшесі ретінде сын есім, есімше жұмсалғанда, олар субстансивтеніп тұрады. Осылай болғандықтан олар септік тұлғаға ие бола алады. Негізгі мүше көбіне атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық етістік негізгі мүше қызметін табыс септік формасында тұрып та атқара алады. Жаздың ыстығын! Күтпеген жерден келуін!Атаулы сөйлемдерде бастауыш-баяндауыш болып құралатын предикативтік қатынас болмағанымен, предикативтің өзі бар. Бұл сөйлем де тиянақты пікірді білдіреді, ол ойды болмысқа шақ, жақ тұрғынан қарастырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік форма беретін – интонация және контекст. Сөйлемге тән интонация алып, атаулы сөйлем дара, тиянақты форма алады. Шақтық мағынасы мына жағынан жуық көрші сөйлемдер арқылы білдіреді.
^ Таңертең келе жатыр едім, алдымнан шыға келгені!
Атаулы сөйлемдер арнаулы коммуникативтік мақсаттың қажетімен қалыптасқан. Бұл сөйлемдер төніректі, жағдайды үнемді жолмен суреттеу үшін және пікірді эмоциялы етіп білдірудің амалы ретінде жұмсалады. Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді мынадай үш топқа болуға болады:
1. Бейнелеу мағыналы атаулы сөйлемдер. Түн. Шалқыған ай.
2. Эмоциялы атаулы сөйлемдер. Күлуін!
3.Сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. Қаңғыған неме! Өркенің өскір!
Атаулы сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер функция жағынан да, құрылымы жағынан да тығыз байланысты. Функция жағынан байланысты дейтініміз - атаулы сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер мағына жағынан бірдей болып келе береді, бірақ олардың арасында ілгеріде аталғандай қызмет ерекшелігі болады:Мезгіл жаз еді. Ай жарқырап тұрған. - Жаз. Жарқыраған ай. Құрылымы жағынан да байланысты дейтініміз - көп жағдайда бұл екі құрылымдық түрдегі сөйлемдерді бір түрден екінші түрге ауыстырып, құрылысын өзгертуге келеді: Жаз ыстық. - Жаздың ыстығы-ай!Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты - жайылуы, кеңеюі, морфологиялық тұрпаты - негізгі мүшенің қай сөз табынан болуына, қай формадағы сөз болуына байланысты.
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау септігінің сұрақтарын қою арқылы білуге болатын сөйлем болады.
Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың жақтық тұлғаларына, мағыналарына дәлме-дәл үйлесімді болып айтылған бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Біз елімізде тәртіп орнату программаларын бұлжытпай жүзеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы - біз.Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның сөз екенін айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп айту мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
1. Ұзақ ойға қатысты болып, өзара мағыналық (кейде әрі тұлғалық) байланыста айтылатын жеке сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде, қайталанып айтылмай, соған ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не құрмалас сөйлемнің қүрамындағы жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші сөйлемге де бастауыш болып ортақтасады.
^ 2. Бидай тиеген эшелондар зыр қағып, темір жолды қайқаң қақтырып, суып кетіп барады. Мұнда эшелондар деген бастауыш құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемінде түсіп қалып тұр. Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады.
^ 1.Бірақ жатқан қалпында тырт етіп қозғалған жоқ. Бұл сөйлемнің бастауыш да (Асқар) алдыңғы сөйлемде айтылғандықтан, соңғы сөйлемде ерекше аталмаған.
Бастауыштың қай сөз екенін баяндауыштық тұлғадан айқын болып тұрғанда, әсіресе І-ІІ жақтық бастауыштар сөйлемдер ерекше айтылмайды.
Отаным үшін аттаным
Ақсемсерді қолға ала (А. Тоқмағанбетов)

Өлеңімді өрлеттім,


Өрге құлаш серметтім...
Зарын айтып сорланың
Қайғылыны еңіреттім. (Жамбыл)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет