Семинар 13 апта. Әлеуметтік психологиялық қақтығыстың түсінігі мен құрылымы. Орындаған: Сарсенбайқызы у топ: 7М01504



бет2/4
Дата04.05.2023
өлшемі26,28 Kb.
#89935
түріСеминар
1   2   3   4
2. Біздің өміріміздегі қақтығыстар.
Ғылыми - педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыс (конфлик)тің мынадай түрлерін атауға болады:

  • тұлғааралық қақтығыстар,

  • отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар,

  • басшы - бағынушылар арасындағы қақтығыстар,

  • әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар,

  • саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т.б.

Оқытушы - оқушы арасындағы қақтығыстың ерекшеліктері төмендугідей көріністе болуы мүмкін:

  • Проблемалық ситуация, жағдайларды дұрыс шешу оқытушының негізгі міндеті.

  • Қақтығыс мүшелерінің статусы (орны) айырықша (оқытушы-оқушы) –олардың қақтығыстағы құлқы, өзін ұстауы ерекше;

  • Қақтығыстың шешілуінде олардың өмір тәжірибесі әртүрлі дәрежеде, деңгейде, сондықтан да жауапкершілік те әр түрлі деңгейде болуы қажет;

  • Оқиғаның мәні мен себептерін олар түрліше түсінеді, пікірлейді;

  • Басқа оқушылардың қақтығыстың куәсі болуы олардың да тәрбиесіне әсер етеді;

  • Оқытушының маман ретінде қақтығыстағы орны ерекше, сондықтан да қақтығыстың шешімін табуды ол өз жауапкершілігіне алуы қажет, мүмкіндігінше оны оқушы пайдасына шешуге әрекеттенуі керек, өйткені ол оқушы тұлғасын қалыптастырушы;

  • Оқытушы қақтығысты шешуде қателікке жол қоятын болса, ол басқа қатысушылар үшін жаңа қақтығыс пен проблемалар тудырған болады;

  • Қақтығысты тиімді шешуден гөрі, оның алдын алған абзал, жеңіл, ұтымды.

3. Қақтығыстың кеңістік уақытша шекаралары.

Конфликтке ұласатын кез - келген әрекет, әсіресе, қарама-қайшылық сол мезетте бірден көрініс бермей, белгілі бір кеңістікте, белгілі бір қатысушылармен, белгілі бір уақытта процесс ретінде жалғасады.


Конфликтінің шекараларын үш аспект арқылы анықтайды:

  • кеңістік

  • уақыт

  • субъектілі.

Конфликтінің кеңістікті шекарасы - конфликт болып жатырған территорияны анықтау. Конфликтінің шекараларын жақсы меңгеру оның адекватты түрде шешімін табуға мүмкіндік береді.
Конфликтінің уақытты шекарасы - конфликтінің жалғасу ұзақтығы, басталу мен аяқталу уақыты.
Субъектілі шекараны конфликт басталған кездегі қатысушылар санымен анықтайды. Конфликтіге жаңа қатысушыларды қосу арқылы бұл шекараны кеңейту конфликтінің құрылымының күрделенуіне соқтырып, оны шешудің басқа жолдарын қарастыруға мәжбүрлейді. Субъектілі шекараның өзгеруі, конфликтінің өрбу бағытын мүлде өзгертіп жіберуі мүмкін.
Мысалы: Конфликт бір ұйымның бөлімшесінде бастық пен жұмысшы арасында, жалақының уақытылы берілуі туралы басталды. Белгілі бір уақытқа дейін, бұл конфликт туралы басқа бөлімшелерде ешкім естімей, тек сол жерде талқыланды. Біраз уақыт өте келе конфликт шешімін таппай, жұмысқа кедергі келтіре бастағандықтан, конфликт туралы ақпарат басқа бөлімдерге де таралып, бұл процесске басқа бөлімдер мен басшылықтан қатысушылар қосылды. Конфликт шекарасының кеңеюі ақыр соңында жұмысшылардың жаппай қарсылыққа шығуы мен ұйым басшылығының қатысуымен шешім қабыладуға әкеліп соқтырды.
Конфликтінің мәні, шығу табиғаты, даму механизмдері туралы білім конфликтілерді басқару менеджеріне практикалық жұмыс кезінде қажет болады. Мұндай бағыттағы білім конфликтіге уақытылы және дұрыс диагностика жасауға көмектеседі. Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның негізгі ерекшеліктерін айқындап, оның пайда болуына қажетті және жеткілікті жағдайларды анықтау керек.
Конфликтіні дұрыс түсініп, мәні, ерекшеліктері мен функциялары және нәтижелері туралы түсінік беруде оның типологизациясы үлкен рөл атқарады. Ал, классификациялық сипаттама мен түрлерін анықтау, басшылыққа конфликтіні басқаруда адекватты метод қолдануға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет