Семинар 13 апта. Әлеуметтік психологиялық қақтығыстың түсінігі мен құрылымы. Орындаған: Сарсенбайқызы у топ: 7М01504



бет3/4
Дата04.05.2023
өлшемі26,28 Kb.
#89935
түріСеминар
1   2   3   4
4. Жанжалдың типтік кезеңдері.
Дау - жанжал – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей дауласу. Бір адам аз пікірін қалай да мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді. Дау – жанжалды басу үшін, әуелі оның неден, қалай пайда болғанын білген абзал.
Келіспеушіліктің туындауының объективті және субъективті себептері болады. Объективті себептерден болатын дау-жанжал адамдар арасындағы аса күрделі, қарама-қайшылық жағдайында туындады. Еңбек жағдайының нашарлығы, қызмет міндеттері мен жауапкершілігінің айқын белгіленбуі – осы секілді проблемалар келіспеушіліктің, шиеленіскен жағдайға ұшыратудың басты себептері. Егер адамдар осындай жағдайға тап болса, онда олардың көңіл-күйіне ауыз бірлігіне ұйымшылдығына қарамастан дау-дамай тууы мүмкін.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста ынтымақтасу және алауыздық ықпалдары әрекет етеді. Осындай жағдаймен күресу дау – жанжалдың басты себебі. Мұндай жағдайда ұйым екі топқа бөлінеді: ұжым мүшелерінің біраз бөлігі ресми басшыны, ал бір бөлігі кемшілікті айтқанды жақтайды.
Сонымен қоса, ресми көшбасшының өзі де көп жағдайда дөрекі, қызба мінез көрсететіндіктен, мұның өзі де келіспеушілік туғызады.
Дау – жанжалдың мынадай да түрлері бар:

  • тікелей – көлбеу;

  • іскерлік – жеке адамдар (жеке басына байланысты);

  • конструктивтік – деструктивтік.

Әдетте жанжал төрт сатыға бөлінеді:

  • алдынғы жанжалды;

  • жанжалды;

  • жанжалды шешу сатысы;

  • жанжалдан кейінгі жағдай.

Олардың әрқайсысы кезеңге бөліне алады. Кез келген сатыны немесе кезеңді жанжал динамикасының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн. Мысалы, бірінші алдыңғы жанжал сатысы екі кезеңге бөлінген болуы мүмкін. Бірінші кезең жанжал субъектілерінің күрделі қайшылықтарының пайда болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар жүйесіндегі қайшылықтардың ушығуымен және жинақталуымен сипатталады. Бұл кезеңді латентті (жасырын) деп қабылдау керек.Екінші кезең, әдетте жанжалдасушы жақтарды қозғалысқа, сонымен қатар, олардың қарама-қарсы құндылықтар мен мүдделерін жете түсінуге әкелетін күтпеген оқиғадан немесе себептен басталады. Нәтижесінде бұл кезеңде жанжал жасырыннан ашық түріне айналады және жанжалдық жүріс-тұрыстың әр түрлі формасында көрінеді.
Дау – жанжал ұжым мүшелерінің дербес сапасына да байланысты: сыпайылық, қайырымдылық көрсетудегі кемшілік немесе біреудің қайға мұңына немқұрайлы қарау, жеке адамдағы творчестволық қабілетінің жойылуы.
Кейде жалған дау-жанжал да болуы мүмкін, мұндайда дау-дамай туғызатын нақты себептер болмаса да, адамдар арасындағы қарым – қатынаста салқын көзқарас байқалады. Бағыныштылардың кез - келген әрекеті басшыға ұнамайды, оны аңдып жүргендей көреді немесе бағыныштының ойынша басшы оған ешбір себепсіз тиісіп жүргендей болады

Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет