Семинар 15 Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық полигоны


Мәдениет пен ғылым. Ұлттық саясатты жүргізудегі орталықтың әділетсіз шешімдердің күшеюі. Целиноград оқиғасы



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі31,6 Kb.
#23288
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
Семинар 15

3.Мәдениет пен ғылым. Ұлттық саясатты жүргізудегі орталықтың әділетсіз шешімдердің күшеюі. Целиноград оқиғасы.

1976 жылдың тамыз айында СОКП Орталық Комитеті ойламаған жерден неміс автономиясын құру жөнінде арнайы топ құрды. Оған Юрий Андропов жетекші етіп бекітілді. Міне, осы жауапты топ неміс автономиясын құру жөнінде ұсыныс жасауға тиісті болды. Мәселені екі жыл егжей-тегжейлі зерттеген комиссия 1979 жылдың басында Орталық Комитетке жаңа автономияны Қазақстан жерінде құруға болатыны туралы құжаттар мен ұсыныс өткізді. Соның нәтижесінде сол жылдың 31 мамырында СОКП ОК Саяси бюросы «Неміс автономиялық облысын құру туралы» құпия қаулы қабылдады. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмады, газеттер беттерінде жарияланған жоқ. Мәселенің бәрі астыртын түрде іске асып, шекара мәселесі шешілді. Осыған байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Александр Коркиннің басшылығымен неміс автономиясын құруды ұйымдастырып, жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрылды. Жаңа құрылымның орталығы рөліне Целиноград қаласынан 100 шақырым жердегі аудан орталығы – Ерейментау қаласы ұсынылды. Автономия басшысы лауазымына сол кезде Краснознамен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жүрген ұлты неміс Андрей Браун тағайындалатын болып келісілді.



Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. 

Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда  өтті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет