Магний – атмосферадағы таралу жағынан магний сегізінші орын алады – 2,1%. Топырақ құрамындағы мөлшері – 05% шамасында ғана. Топырақтағы Mg минералдар, алмасқыш, топырақ ерітіндісінде иондар күйінде кездеседі. Өсімдік тамыры еріген және алмасқыш магнийді оңай сіңіреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердегі магнийдің мөлшері 0,02-ден 3,1 %-ке дейінгі аралықта болады. Балдырларда – 3,0-3,5 %. Қысқа күндік өсімдіктерде (жүгері, тары, картоп, қызылша, темекі, бұршақ) көбірек мөлшерде болады. Өсімдіктің жас мүшелері мен ұлпаларында көбірек жиналады. Магнийдің тапшылығынан пластидтердің қалыптасуы да нашар. Жапырақтың жасыл жүйкелерінің араларында ашық-жасыл, соңында сары-ақшыл түстеніп, дақтар және жолақтар пайда болады. Жапырақ жиектері сары, сарғыш-қызыл немесе қызыл-қоңыр түстеніп өзгереді.