Семинар 2-Сұрақ Өсімдік өміріндегі жеке химиялық элементтердің рөлін көрсетіңіз



бет7/7
Дата07.01.2022
өлшемі27,39 Kb.
#17979
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әзен Ақерке 9 семинар

НатрийӨсімдіктерде көбірек мөлшерде болатын элементтерге натрийді де қосуға болады. Әсіресе тұзды топырақтарда өніп өсетін галофиттер органдарында натрий өте көп жиналады. Теңіз балдырларында калийдің мөлшеріне қарағанда натрий анағұрлым көбірек болады. Керісінше, теңіз суында натрийге қарағанда калий бірнеше есе көп болады, яғни ортада калийдің мөлшері қанша көп болса да, балдырлар бұл элементті талғамды сіңіретіндігі байқалды.

Хлор. Натрий сияқты хлордың да тіршілікке міндетті түрде қажеттілігі әлі толық дәлелденген жоқ. Бірақ, хлорид мөлшері калийдікі сияқты жоғарғы деңгейде өте сирек көтеріледі. Тургорлығы калиймен реттеліп көбірек өзгеретін кейбір өсідіктердегі хлордың мөлшері өте аз болады да, оның орнына органикалық аниондар (алма қышқылы) пайдаланылады. Шындығында, бұл элементтің өсімдіктер үшін қажеттілігі кейінгі кезде қоректік ортаны хлордан толық тазарту арқылы жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде ғана белгілі болады.

Кремний. Бұл элемент өсімдіктерде кездеседі. Әсіресе клетка қабығында көп болады. Кремний көп жинайтын өсімдіктердің сабақтары мықты болып өседі. Диатомды балдырлардың қабықтарының қалыптасуы негізінен осы элементке байланысты. Кремний тапшы жағдайда дәнді-дақылдардың (жүгері, сұлы, арпа) бәсеңдеуі мүмкін. Өсімдіктердің көбеюі органдары қалыптасқан кезде кремний болмай қалса, масақтарда дәннің саны азайып, пісіп жетілуі кешігеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет