Студент :Сейтжаппар Г
Топ:406 ИФ Корей Тілі
Семинар 3
Теориялық сұрақтар:
Когнитивтік лингвистиканың негізгі екі бағытының айырмашылықтары мен ерекшеліктері қандай?
Лингвомәдени концептология (лингво концептология лнгво мәдени және лингвокогнитивті бағыттарының интеграциясы) крнцепциясының негізі неде?
1.Жалпы адам танымына деген қызығушылық ертеден-ақ ежелгі гректерден басталып, ес пен ойлау, адам білімі – табиғаты төңірегіндегі зерттеулер жасалып ақырында екі бағыт ұстанған ағым ретінде қызу айтысқа созылды. Оның бірі – эмпиризм – ол білім тәжірибеден пайда болды десе екіншісі – нативизм – бала дүниеге білім қорымен келеді, - деген ұстанымды басшылыққа алды.
Эмпиризм-барлық білім тәжірибеге сүйенеді дейтін таным теориясындағы бағыт. Кейбір эмпириктер рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті және жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді. Эмпиризмнің шектелу сипаты сезімдік танымдағы тәжірибенің рөлін метафизикалық тұрғыда әсірелей көрсетуінде.
Нативизм теориялары - бұл психикалық даму теориялары, олар әдетте тұжырымдамадан бастап алдын ала анықталған кемелденген тұлғаның ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Нативизм ол –адам дүниеге білімді болып келеді деп есептейді. Нативизм теориясы мен эмпиризм теориясының негізгі айырмашылығының бірі - қоршаған ортаның психикалық дамуына әсер ету дәрежесін анықтау.
2. Қазіргі таңда лингвоконцептология тіл білімінде ең жаңа бағыт болып табылады және концепт термині осы бағыттың негізгі зерттелетін мәселесі екені анық.
Лингвоконцептология толыққанды ғылыми тұрақталған бағыт деп айтуға болады, оның дәлелі ретінде категориалдық аппараты мен шыңдалған методологиядық зерттеу алгоритмдерін айтпағанда өзіне тән басқа да белгілері бар мәселен, оқұ құралдарының бар болуы, лексикографиялық практикаға шығуы яғни, концепттер сөздігінің жасалуы, аударма практикасында лингвоконцептология терминдерінің түсіндірілуі сынды белгілерін атап айтуға болады. Лингвомәдени концептер тұтастай лингвомәдени қауымдастық ретінде әрі жеке тұлға ретінде құндылықтар белгіленген дүние бейнесінің басты бірліктерін көрсетеді. Лингвомәдени концептің тілмен, санамен және мәдениетпен арақатынасын былайша тұжырымдауға болады:
1. Сана- концепт аумағы( концепт санада жатады)
2. Мәдениет-концепті анықтап, негіздейді. (яғни концепт- мәдениет элементтерінің ментальдық проекциясы);
3. Тіл немесе сөз – концептің заттану аясы .
Лингвомәдениеттанудың бірлігі ретінде концептермен қатар құндылықтар доминанты, прецеденттік ситуациялар, прецеденттік мәтіндер, прецеденттік айтылым- ойлар, прецеденттік есімдер секілді терминдер енгізілгенін айта кету керек. Қорыта айтқанда, лингвомәдени концептер тіл мен мәдениет байланысын аксиологиялық тұрғыдан қарастырып, бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |