Термодинамиканың екінші заңын биологиялық жүйелер үшін қолдану
Организм ашық жүйе болып есептеледі, демек сырттан энергияны қабылдайды және оны энергияға бай қосылыс АТФ түрінде жинақтайд. Бұл жағдайда жүйенің энтропиясы төмендейді.
Тірі организмде жүріп отыратын барлық процестер қайтымсыз болғандықтан энтропия үнемі өсіп отырады. Бұл кезде энергияның бір бөлігі энергиясы аз метаболизмнің соңғы өнімдері түрінде сыртқа шығарылып отырады.
Қорытынды: Қорытындылай келе, Тепе-теңдік термодинамикасы уақыт ұғымы кірмейтін арақатынастарды қарастырады. Сондықтан мұнда жүйелерде өтетін үдерістер жылдамдықтары туралы түсінік жоқ. Термодинамикалық теңдеулерге уақыт факторын енгізу оларда нақты термодинамикалық үдерістердің қайтымсыз дамуын ескеруге қабілетті өлшемнің пайда болуын білдіреді. Күй-қалыптың қандай да бір функцияларының соңғы ұлғаю (приращение) жағдайынан олардың уақыт бойынша
өзгеру жылдамдығына көшуі, сондай-ақ қарастырылып отырған жүйенің қоршаған ортамен қатынасына классикалық термодинамика қосқан шектеу де тежейді. Қайтымсыз үдерістер термодинамикасында мұндай шектеу бұл қатынастардың сипатына жатады. Қайтымсыз үдерістердің сызықтық термодинамикасы аталатын бұл салада мұндай шарт үдерістердің тепе-теңдік күйіне жуық күйде өтуі болып табылады.
Термодинамикалық жүйе ұғымының астарында біршама шектеулі кеңістікте қамтылған макроскопиялық дене бар. Бұл кеңістіктің шекарасы ретінде жүйені қоршаған əлемнен немесе қоршаған ортадан бөліп тұратын математикалық жазықтық алынады. Бұл анықтамада қолданылған кейбір ұғымдарды нақтылап алайық. Кеңістіктегі шектеулілік жүйе денесімен толтырылған біршама көлемнің бар екендігін білдіреді. Математикалық кеңістік деп соңғы қабаты болмайтын кеңістікті атайды. Мұның нақты шекараларды идеализациялау екендігі анық, бірақ ол модельдік түсініктерді елеулі түрде қарапайым етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Төлеуханов С.Т., «Биофизика», Қарағанды 2016 (45-55 б.);
Антонов Б.Ф., «Физика и биофизика», Москва 2012 (35-45 б);
Инюшин В.М., «Экологиялық биофзика», Алматы 2018 (24-30);