Тапсырма 1. Семинар №8. Тақырып: ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті 1. ХХ ғ. Қазақстан әдебиеті. ХХ ғ. кеңестік қазақ жазушылары.
2. Қазақ зиялы қауымының қазақстандық мәдениет пен халықтың мәдени дамуындағы сабақтастықты сақтаудағы үлесі. .
3. Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы. ХХ ғ. Қазақстандағы киноиндустрияның дамуы.
4. ХХ ғ. Қазақстандағы гуманитарлық ғылым.
Семинар сұрақтарына конспект жазып, семинар сабағында ауызша жауап беру.
Семинар №9. Тақырып: «ХХ ғ. және ХХІ ғ. басындағы қазақ халқының мәдениеті әлемдік үдерістер аясында 1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуы көпұлтты және поликонфессионалды қазақстандық қоғам мен оның мәдени қорының бірігуі ретінде.
2. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер.
3. Қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтаудағы зиялы қауымның рөлі.
4. Теледидар мәдениет феномені ретінде. Қазақстандағы заманауи теледидардың дамуы.
5. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің рухани құндылығы және Қазақстан жағдайындағы батыс құндылықтарының сіңіру мәселелері.
Семинар сұрақтарына конспект жазып, семинар сабағында ауызша жауап беру.
Тапсырма 2. Презентация. Аралық бақылау.
«ХХ-ХХІ ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері» тақырыбына презентация дайындап тапсыру (10-12 слайд)
Қойылатын талаптар: 4 балл – 100%, презентация тақырыптың мазмұнын ашып, көлемі мен сапасы талапқа сай (кемінде 10-12 слайд), слайдтар өте жақсы, мазмұнды орындалған болса;
3 балл – 75%, презентация тақырыптың мазмұнын ашып, көлемі мен сапасы талапқа толық сай емес (кемінде 10-12 слайд), орындалу деңгейі жоғары болмаса;
2 балл – 50%, презентацияда тақырыптың мазмұны жақсы ашылмай, көлемі мен сапасы талапқа сай емес, орындалу деңгейі төмен болса;
1 балл – 25%, презентацияда тақырыптың мазмұны ашылмай, көлемі мен сапасы талапқа сай емес, орындалу деңгейі өте нашар болса.