Семинар 9 Физика пәнінен онлайн оқыту платформалары: Google Meet сабақ өту түрлері


Кесте 1. Онлайн және қашықтықтан оқу арасындағы айырмашылықтар



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі76,06 Kb.
#16998
түріСеминар
1   2   3
Кесте 1. Онлайн және қашықтықтан оқу арасындағы айырмашылықтар

 

 

Критерийлер

 

Онлайн оқыту

(электрондық оқыту)

 


Қашықтықтан оқыту

Ұйымдастырылу орны

оқушылар мұғаліммен кеңістік пен уақыт бойынша бірге болады

  оқушылар мен мұғалім кеңістік және уақыт бойынша бірге болмауы мүмкін. Оқушылар цифрлық платформаларға тіркеліп, мұғалім тағайындаған тапсырмаларды онлайн режимінде орындайды

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас

мұғалім мен оқушылар арасында жүйелі түрдегі жеке қарым-қатынас орнайды

–                      оқытудың түрлі мүмкіндіктері мен жеке оқыту әдістерін қолдана алады



  жеке қарым-қатынас қарастырылмаған, бірақ цифрлық қарым-қатынас үшін хабарламалар алмасуға арналған түрлі қосымшалар, бейнеқоңыраулар, талқылау жүргізу тақталары және мектеп ұсынған оқытуды басқаруға арналған жүйелер қолданылуы мүмкін

–                      мұғалім өзінің оқыту стиліне байланысты түрлі әдістерді қолдана алмайды. Сәйкесінше оқытудың түрлі стратегияларын қолдануда шектеулер туындайды.



Оқушы іс-әрекеті

-  оқушы онлайн-кеңістікте пікір-таластарға қатыса алады

–                      оқушы мен мұғалім немесе басқа құрбылары арасында әлеуметтің қарым-қатынас орнайды

–                      оқушы оқу процессіне белсене араласады


–  оқушылар үшін икемді орта, яғни әр оқушы өзінің қарқынына қарай іс-әрекеттеріне талдау жасай отырып білім алады

 

Оқытудың осы аталған түрлерінің өздеріне тән басымдықтары бар. Мысалы, онлайн-оқытуды аралас оқыту әдісінің бір бөлігі ретінде қолдану оқушылардың құштарлығын, ынтасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, онлайн-оқыту құралдарын қолдану оқытуды дифференциациялауды жеңілдетеді және мұғалімнің бағалау және жоспарлау кезіндегі уақытын үнемдейді. Себебі мұғалім дайын сабақ жоспарларын, оқу материалдарын және бағалау құралдарын сол қалпында немесе түрлендіріп қолдануы мүмкін. Онлайн-оқытудың көптеген құралдары бағалауды автоматтандыру және нәтижені жинақтап беру мүмкіндігіне ие.

Қашықтықтан оқытудың да жоғарыда аталған оқыту түрімен салыстырғанда өзіндік бірегей болып келетін артықшылықтары бар. Мысалы, оқушылар мұғалім тағайындаған тапсырмалар мен оқу материалдарына өздеріне ынғайлы уақытта қол жеткізе алады.

Аталған оқыту түрлерінің артықшылығымен қоса, кемшіліктері де бар. Онлайн –оқытуда барлық оқушылар үшін цифрлық ресурстардың үнемі қолжетімді болмауы және интерактивті оқытудың уақыт бойынша үлкен интервалды қамту мүмкіндігі. Мысалы, оқушылар таңнан кешке дейін компьютер немесе басқа құрылғы экранына қарап отыра алмайды. Тапсырманы орындауда академиялық әділдік шарттарының орындалмауы да онлайн-оқыту кемшіліктерінің бірі бола алады.

Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру кезінде үш негізгі мәселелерді есепке алған жөн. Біріншіден, егер оқушыларда қажетті құралдар немесе Интернетке байланыс болмаса, қашықтықтан оқытуды қолдану мүмкін емес болады. Қашықтықтан оқыту оқушылардың толығымен компьютермен немесе планшетпен уақыт пен кеңістікке тәуелсіз білім алуына негізделген. Сондықтан, егер оқушыларда мұндай мүмкіндік болмаса, қашықтықтан оқыту жүзеге аспайды. Екіншіден, қашықтықтан оқыту процесінде оқушылардың шын мәнінде қалай жұмыс істеп жатқандығын қадағалауда, бақылауда қиындықтар кездеседі. Бұл үшінші мәселемен – оқушылардың шыншыл болмауымен тығыз байланысты.

Цифрлық технологиялар жетістіктерін қолданып ұйымдастыруға арналған оқыту түрлерін дәстүрлі немесе индустриялық технологиялар заманындағы оқыту түрімен салыстыратын болсақ, мұғалімнің рөлі мен қашықтықтан және онлайн-оқытудағы оқушыларға қойылатын талаптарды есепке алу керек. Себебі, процесс мұғалімге емес, оқушыға бағдарланған, оқыту үшін арнайы белгіленген орын және уақыт емес, оқушының кез-келген уақытта кез-келген жерде өз бетімен білім алуы, цифрлық индустриялық ресурстар көмекші құрал ретінде емес, оқытуды трансформациялаудағы негізгі құрал, игерілген білімдерді ары қарай жалғастыру емес, өмір бойы оқу, фрагменттелген оқыту емес, интеграцияланған оқыту мұның барлығы цифрлық ғасырдағы оқыту белгілері болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай, аталған оқыту түрлерін ұйымдастыру қарапайым мәселе емес, яғни интерактивті әдістерді қолданып онлайн режимде ақпараттарды тарату толық қанды оқыту процесін ұйымдастыру деген сөз емес. Вауганның (2010) айтуынша кейбір мұғалімдерге «ақпаратты таратудан гөрі, оқушылар өзара қарым-қатынас арқылы басқалармен біріге отырып білімдерді құрастыру процесі жүретін оқу ортасын құруға бағытталған, өздерінің оқытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін трансформациялауы» қиынға түседі.

Тікелей оқу сыныптарындағы оқытудан аралас немесе интерактивті әдістерге көшу, оқушылар үшін тиімді оқу ортасын құру, мұғалімдерге кәсіби сын-тегеурінді болуды талап етеді және қазіргі уақытта олардың көпшілігі тенологиялардың қолданылуына байланысты өз міндеттері мен рөлдерінің, қарым-қатынастың ауысқандығына алаңдаулы. Сондықтан мұғалімдер қауымдастығы онлайн-педагогика мәселелерін әлі де болса қарастыруды талап етеді.

Пельц (2004) тиімді онлайн-педагогиканың үш негізгі принциптерін ерекшелейді. Бірінші принцип мұғалім мен оқушы арасындағы қашықтыққа байланысты онлайн-курсты оқушы жетекшілігіне бағдарлау фактісіне негізделген. Мұғалім оқушылардың өздері оқу процессін басқара алатындай етіп сабақ жоспарына түзетулер енгізе алады. Мұны жүзеге асырудың бірнеше жолы бар:



  • оқушылардың пікір-таластары;

  • оқушылар веб-ресурстарды іздеп табады, талқылайды және бөліседі;

  • құрбыларына көмектеседі және оқытады;

  • құрбыларын бағалайды және оларға қатысты пікірлерін білдіре алады;

  • топпен жүргізілген тақырыптық зерттеуді талдау.

Сапалы онлайн-оқытудың кілті – интерактивтілік болып табылады. Бұл тиімді онлайн-педагогикадағы екінші принцип. Оқушылар бір-бірімен қатынасу және мұғаліммен, басқа да оқушылармен, оқу материалымен қарым-қатынас жасай алу мүмкіндігіне ие болу керек.

Соңғы принцип – (процеске) қатысу қажеттілігі. Онлайн-курсқа қатысушы оқушылар, мұғалім және оқу материалдары арасындағы қашықтық оқу үлгерімі мен оқушының ынталану деңгейінің кейін қалуына әкелуі мүмкін. Осы процесске мұғалімдер мен оқушылардың қатысуын арттыруға арналған интеграциялау тәсілдерінің арқасында оқушылар оқыту процесіне неғұрлым қызығушылықпен қарайтын болады. Пельц (2004) онлайн-курсқа қатысудың бірнеше түрін ұсынады:



  • Әлеуметтік қатысу: онлайн-оқыту үшін мұғалімнің қауымдастық құрғаны өте маңызды болып саналады. Мұнда әрбір оқушы Интернетте өзін жеке адам ретінде дара екендігін көрсете алады, сұрақтарымен бөлісіп, көмек сұрай алады;

  • Танымдық қатысу: оқушыларға талқылау мен зерттеулер көмегімен өз ойларын еркін құрастыра алатын орта қажет;

  • Мұғалімнің қатысуы: онлайн-оқытуда оқушы неғұрлым өз бетімен жұмыс істеуі қажет болса да, эксперттің, немесе мұғалімнің жетекшілігі оқушылар үшін өте маңызды. Олай дейтініміз, олар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алуды, пікір-таластарды өткізуді, виртуалды сыныпты басқаруды мұғалімнен күтеді.

Көптеген тәжірибелі мұғалімдердің өзі алғаш тікелей оқыту түрінен аралас немесе онлайн-оқыту түріне көшкенде жоғарыда айтып кеткеніміздей қиыншылықтарға тап болады. Бұл мәселені шешуде онлайн-оқыту қауымдастығын құру, оқушылармен онлайн қарым-қатынас орнатудың түрлі әдіс-тәсілдерін оқып үйренген жөн.

Қашықтықтан оқыту жағдайында педагог мамандар қандай технологиялар мен стратегияларды қолдануы мүмкін? Оқытудың қандай моделін қолдануға болады?

Аталған процессті жүзеге асыруда зерттеулерге негізделген «5Е(engage, explore, explain, elaborate, evaluate)» оқыту моделі қолданылуы мүмкін (Норзерн, 2019). Себебі, аталған модел оқушылардың өз оқуларына жауапкершілікпен қарап, өздеріне қажетті білімдерді игеру жолын құрастыруға мүмкіндік береді (кесте 2). Кестеде зерттеулерге негізделген оқыту үлгісінің әр кезеңдерінде қолданылуы мүмкін стратегиялар мен оқыту құралдары ұсынылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет