Үй тапсырмасының тақырыбы: Психикалық құбылыстардың құрылымы
Тұлға дамуындағы ерекшеліктердің шарттылығы
Тұлға дамуындағы ерекшеліктің негізгі шарттары
Кезеңдігі
Біртұтас-
тығы
Әлеуметтік табиғаты
Сырттай шартты себептер
Ішкі шартты себептер
Толығып баруы концепция
Біркелкі болмауы
Біркелкі келуі интеграция
5-семинар
Семинар сабағының тақырыбы: Танымдық процестер жүйесінің жалпы сипаттамасы . Түйсік
Сабақ жоспары:
1. Психикалық құбылыстардың құрылымы; психикалық процестер, психикалық күйлер және психикалық қасиеттер.
2. Түйсіктердің заңдылықтары.
3. Түйсіктердің жіктелуі. Түйсік түрлерінің сипаттамасы.
4. Оқушының сенсорлық-перцептивтік аумағының дамуы
Сабақ мақсаты: Студенттердің түйсік және қабылдау туралы психологиялық ғылыми түсініктерін практикалық өмірмен байланыстыра дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа түсінікті қалыптастыру сабағы
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады:
Психикалык үрдістер - бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау,.
Психикалық қасиеттер - бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.
Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, сезім және эмоция, белсенділік немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен, психикалық құбылыстардың жіктелуін төмендегіше кесте түрінде беруге болады:
Ғасырлар бойы адам ғалымдардың көптеген ұрпақтарының зерттеу пәні болып келді. Адамзат өзінің тарихын, пайда болуын, биологиялық табиғатын, тілін және салт-дәстүрін танып біледі және оны танып білуде психология ғылымына ерекше орын береді. "Адам үшін басқа адамдардан қызықты нысана болуы мүмкін емес" деген екен ертедегі бір данышпан. Ол қателеспепті. Психологияның дамуының негізіне адамзаттың тұрмыс табиғатына, адамзат қоғамындағы оның дамуы мен қалыптасу жағдайларына, оның басқа адамдармен өзара қарым-қатынасы ерекшеліктеріне әруақытта да өсіп отырған қызығушылық жатады.
Қазіргі кезде өндірісте, ғылымда, медицинада, өнерде, оқытуда, ойында және спортта психологиялық заңдылықтарды білмей және түсінбей көптеген іс-әрекеттің түрлерін іске асыру мүмкін емес. Адамның даму заңдары туралы ғылыми білімдердің жүйесі, оның потенциалдық мүмкіншіліктері туралы барлық қоғамдық даму үшін қажет. Бірақ адам әртүрлі ғылымдардың кешенді зерттеу құралының нысаны болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мәселелері болады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттегенде психологиялық факторларды ескеру қажетігі туындайды, әрбір ғылым басқа ғылымдардан өз пәнінің ерекшелігімен сипатталады. Кезінде белгілі психолог-ғалым СЛ.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" атты кітабында былай деп жазды: "Психологияның зерттейтін өзіндік құбылыстардың ішінен анық та айқын, ерекше бөлініп тұрғандары - біздің қабылдауларымыз, сезімдеріміз, ойларымыз, талпыныстарымыз, қажеттіліктеріміз және т.б., демек, біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтындар жатады".
Психология ғылым ретінде нені зерттейді? Оның зерттеу пәніне не жатады? Біздің ойымызша, бұл сұрақтарға жауап беру оңай емес. Оған жауап беру үшін психология ғылымдарының тарихын, оның дамуының әрбір кезеңін қарастыра отырып, мән беруіміз қажет. Бір жағынан, оны өте ертеде қалыптасқан ғылым, сонымен қатар тіпті жас ғылым ретінде қарастыруға болады. Мындаған жыл тарихы бола тұрып, оның болашағы алда.
Жанды зерттеу, түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Демек, алғаш рет психология жан туралы ғылым ретінде қарастырылады. Психиканың мәні туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуы мен дамуы әр уақытта философияның негізгі мәселесі — материя мен сананың, материалдық және рухани бастаманың арақатынасын шешумен тығыз байланысты.
Осы мәселені шешудің төңірегінде екі бір-біріне қарама-қарсы философиялық бағыттар пайда болады: идеалистік және материалистік. Идеалистік философияны жақтаушылар психиканың материяға тәуелсіз, өз бетімен өмір сүретін бірінші алғашқы құбылыс деп қарастыру. Психиканы материяның туындысы бойынша психиканы екінші құбылыс, материядан туады деп қарастырады.
Идеалистік философияның өкілдері материямен байланыссыз ерекше діни бастаманың өмір сүретіндігін мойындайды, олар психикалық іс-әрекетті материалдық және өлмейтін жанның көрінісі ретінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар мен құбылыстарды тек ғана біздің түйсіктеріміз бен елестетулеріміз немесе кейбір белгісіз "абсолюттік" рухтың, "әлемдік ерік-қайраттың", "идеялардың" байқалуы деп түсіндіреді.
Адам психикасын матералистік тұрғыдан түсінуді идеалистік философтар көптеген ғасырларға ығыстырды, адам психикасын оның рухани өмірінің көрінісі ретінде қарастырады, ол барлық материалдық табиғат сияқты заңдарға бағынбайды деп есептеді. Тек қана XVII ғасырда Рене Декарт психологиялық білімдерді дамытуда жаңа дәуірді бастады. Оның түсіндіруінше, "тек ішкі органдардың жұмысы емес, сонымен қатар ағзаның сипаттамасы, олардың басқа да ішкі денелермен өзара іс- әрекеті жанды қажет етпейді деген болатын-ды. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше үлкен әсер етті. Декарт бір уақытта екі ұғымды енгізді: рефлекс және сана. Оның түсіндіруінше, бір-біріне байланыссыз, екі бастама материя мен рух өмір сүреді. Сондықтан да психология тарихында бұл ілімді "дуализм" (сіиаіі"- гректің сөзі, қазақшалағаңда "екіжақты" мағынасын береді). Философияда бұл бағыт объективтік идеализм деген атпен дамыды.
Түйсіктер туралы жалпы түсінік. Бізді қоршаған және бізге әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім органдары — көру, есту, дәм және т.б. арқылы біздің санамызда бейнеленеді.
Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.
Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б. түйсінеміз.
Мәселен, бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б. жекелеген қасиеттерін түйсінеміз.
Түйсіктер — бұл алғашқы психикалық таным үрдістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төмендегі жағдайлар қажет:
Біріншіден, қандай да болсын сезім органдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері сезімдік жүйкенің аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштерінде негізінен аңғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргіш деп аталады.
Екіншіден, түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:
1) сезім органдарынан (рецептордан), онда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан. Сезім органдары дегенді басқаша түйсік органдары деп атаған дұрыс болар еді. Сезім органдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанмен, түйсік органдары деп айтқан дұрыс болады. "Сезім" — бұл өз алдына дербес психикалық үрдіс.
2) өткізгіш жолдан, демек, сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу.
3) бас ми қыртысындағы сәйкесті ортадан (жасушалар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа — түйсінуге өтеді.
Жоғарыда көрсетілген үш бөлігі бар қабылдау аппаратын құрайды, оны И.П. Павлов анализатор деп атады. Егер де анализатордың көрсетілген бөліктерінің қандай да болмасын бірі бұзылса, түйсіктер жұмыс істемейді.
Анализаторлар, өзінің атынан белгілі болғандай, қоршаған ортаның әсерін талдау үшін жұмыс істейді.
Анализатор адамның ғасырлар бойы өмір сүру үрдісінде өмірге қажетті мәнді тітіркендіргіштерді ерекше бөліп көрсетеді.
Әрбір түйсік адамға ұнамды және ұнамсыз көңіл-күймен байланысты болады. Бұл - сезімдік немесе эмоционалдық түйсіктің белгісі.
Мәселен, тәттіні түйсіну ұнамды, ащыны түйсіну ұнамсыз. Кейбір түйсіктерде сезімдік белгі үлкен күшпен ерекше байқалады. Осындай түйсіктерге, мәселен, тою, аштық, ауыру түйсіктері жатады.
Ұнамды және ұнамсыз көңіл-күймен бірге түйсіктер тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беруімен (кейде өте әлсіз) бірге жүреді. Бұл ағзаның жауап беруі алғашқы балалық шақ кезінде ерекше аңғарылады. Ағзаның тітіркендіргіштерге жауап беруі арқылы балаларда белгілі дәрежеде түйсіктердің барлығын аңғаруға болады. Бұл жауап берудің (реакцияның) болуы көрсеткендей, түйсіктердің жүйке-физиологиялық негіздері рефлекс болып табылады. Берік шартты рефлекс элементарлық психикалық үрдіс - түйсіктердің физиологиялық негізі болып табылады.
Түйсіктердің түрлері: Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі органдарына сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлеріне бөлеміз.
Түйсіктердің органдары қайда орналасқанына және қайдан тітіркендіргішті алуға байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.
Экстерорецепторлар организмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан — оған жататындар көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу (тері) органдары жатады. Бұл органдарды көп жағдайда сыртқы сезімдердің органдары деп атайды. Олардың көмегімен біздің организмнен тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Түйсіктер бұл органдарға сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер — бұлшық ет, қозғалыс (кютестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлар дененің ішкі органдарында ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б. ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б. айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
Көру түйсіктері.
Көру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түйсінетін түстеріміз хроматикалық және ахроматикалық деп екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара көк, күлгін. Бұл түстердің арасында хроматикалық түстердің көптеген белгілері кездеседі.
Ахроматикалық түстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан барлық қоңыр түстер жатады.
Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
-Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарды анализдеу.
-Тақырыптың теориялық негізін практика жүзінде дәлелдеу.
1-тапсырма: Вагонга екі адам келіп кірді. Біреуінің қолында ауыр чемодан, екіншісінде кішкене корзинка бар. Купеге кіріп, заттарын жайғастырды да, олар жүктерінің ішінен қалыңдығы бірдей екі кітап алып, оқуға кірісті. Біраздан кейін оқып отырған кітаптары жайында қалып, өздері қалғи бастады. Поезд бір станцияға келгенде, екеудің біреуі ұшып тұрып: "Ойбай, келдік тез шық" деп айқай салды. Апас-қапас заттарын алып, олар поездан жүгіре түсті. Біраз жүрген соң корзинкалы адам қолындағы затының жеңілдеп қалғанын байқады. Ашып қарап еді, ішіндегі кітабы жоқ екен. Қасындағы жолдасы: "Кітап мүмкін чемоданға салынған шығар"- деп оның ішіндегі заттарды олай-былай ақтарып көріп еді, одан жолдасыныкі түгіл, өзінің кітабы да көрінбеді.
Корзинкалы адам жоғалған нәрсесін неліктен тез сезе қойды, ал чемоданды адамның мұны не себептен байқай алмағанын түсіндіріп беріңдер.
- Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері;
-«Түйсік-психикалық процестің бастапқы формасы ретінде» тақырыбында реферат талдау;
-«Түйсік» тақырыбына кроссворд шешу;
- Қорытынды жасау.
Ұлылардан — ұлағат.
Адамның асқан сұлулығы оның сезгіштігі.
В. А Сухомлинский.
Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын исі, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мұндағы ой - хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Бақылау сұрақтары:
1. Түйсік дегеніміз не?
2. Түйсіктің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ілімі қалай түсіндіреді?
3. Адам түйсіктерінің табиғатын идеалистер қалайша бұрмалайды?
4. Түйсікті материалистік тұрғыдан қалай түсінуге болады?
5. Сезгіштік пен табалдырық заңдылығының мәнісі неде?
6. Адаптация және сенсибилизация дегеніміз не? Олардың бір-бірінен
айырмашылығы қандай?
7. Түйсіктердің өзара байланысы қалай?
8. Синестезия дегеніміз не?
9. Бір ізді образдар дегеніміз не?
10. Түйсік қандай түрлерге бөлінеді?
11. Көру түйсігі, "үш түсті көру" теориясы дегеніміз не?
12. Есту түйсігінің ерекшеліктері қандай? Иіс, дәм түйсіктерінің бір-бірінен айырмашылықтары неде?
13. Тері және сипай сезу түйсіктерінің бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
14. Органикалық, кинестезиялық, статикалық түйсіктерді түсіндіріңіз. Вибрациялық түйсік дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.
2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.
5. Джакупов С.М.Психология позновательной деятельности. Алматы, 1992.
6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002.
7. Жақыпов С., Бердібаева С. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. – Алматы, 1998.
8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы; Қазақ Университеті, 1992.
9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.
10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.
11. Гамезо М.В. Домашенко И.А. Атлас по психологии. М.: 1986.
Үй тапсырмасының тақырыбы: Қабылдау жөніндегі психологиялық зерттеулер
Достарыңызбен бөлісу: |