О ҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ДОСАНОВА М.М.
Psi 1226 ПСИХОЛОГИЯ пәніне арналған семинар жинағы
Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі
Сабақ жоспары: 1. Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдарынан бөлініп шығуы.
2. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.
3. Кеңестік психологияның дамуы.
4. Қазақстанда психология ғылымының даму жолы.
Сабақ мақсаты: Психологияның пәні міндеттері мен зерттеу әдістерінен түсінік беру. Ғылымның салаларын және басқа ғылымдармен байланысы жайында мағлұмат беру.
Сабақ түрі: кіріспе және жаңа түсінікті қалыптастыру сабағы
Қысқаша теориялық мәліметтер: Психология пәні туралы түсінік. Психология-гректің екі сөзінен шыққан «псюхе»-жан, «логос»-ілім. Психология- психикалық құбылыстардың мәнін, сипатын және олардың заңдылықтарын, принциптерін, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардыц әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі - қан айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі - қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның, сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы - жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды.
Психология тарихы психологиялық білімдер жайлы көзқарастардың пайда болуын психология пәнінің өзгеруіне байланысты психологиялық ғылымдардың дамуын, сондай-ақ психикалық құбылыстардың табиғаты жайлы мәселелерді қарастырады.
Психология тарихы оның негізін салушы із ашарлардың ғылыми мұраларын ұқыпты, құнттап қарауға одан ғылымның әрі қарай дамуына қажет өшпес идеяларын алуға ғалымдардың жанқиярлық еңбектерін бағалауға үйретеді.
Психология тарихын зерттеу арқылы бүкіл психологиялық болмысты жүйелі қарастыру қалыптасады және ғасырлар бойы дамып келген әлі қазіргі психология ұғымдар аппаратына енген ғылымның негізгі категорияларын меңгеру жүзеге асады.
Психология тарихы шет елдік психологиямен бірге Отандық психологияны бірге қамтиды. Арнайы түрде шығыс, соның ішінде Қазақстан ойшылдарының психологиялық көзқарастарына көңіл аударады.
ТМД еліндегі психологияның қазіргі жай күйі көбінесе кеңестік кезеңде жасаған зерттеулермен анықталады. Сондықтан, психология тарихында Отандық психологиялық ғалымдардың дамуына марксизмнің де әсері зор.
Психологияның тарихының өзекті проблемаларын, зерттеу әдістерін, әдіснамалық мәселелерін таныстыру, психология тарихындағы бағыттармен, мектептердің, ағымдардың қалыптасып дамуын және хронологиясын қарастырады.
Негізгі психологиялық категориялар мен көзқарастардың дамуындағы сабақтастық әртүрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың әрекеттестігі қадағаланып отырады. Психология тарихы әртүрлі дәуірлермен, әр тараптағы халықтардың ойшылдары мен ғалымдарының үздіксіз сұхбаты ретінде көрінеді және онда әрқайсысы психологиялық білімдер қоржынына өздерінің қайталанбас үлесін қосқан. Психология жануар мен адам жанының пайда боуы, даму және қалыптасу заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жан құбылстары бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен нәрселерінің мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қазақша рефераттар қабілет, қызығу, мінез т. б . — осындай бейнелер түрінде көзімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі қолданнатын сөздер. Бұлардың мән — мағынасы мен заңдылқтарын жантану дейтін ғылым арқылы танып — біліп, ұғынуға болады. Жантану(психология) термині гректің екі сөзінен тұрады. Оның біріншісі, «псюхе» қазақша ( жан) , екіншісі, «логос» (қазақшасы — сөз, ілім — білім) сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» дейтін түсінікті білдіреді. Бірақ психологияны қысқа түрде » жан туралы ілім» деп айта салмай, өз алдында крделі заңдылқтары бар, дербес тәжірибеге сүйенген ғылым деп ұғынуымыз қажет.
Адамның жан дүниесінің күрделі ағымын дұрыс аңғару үшін алдымен қазақша рефераттар оларды белгілі жүйаеге топтастыруымыз керек. Кісінің жан сыры, яғни ғылым тілімен айтқанда, оның психикасы бір — бірімен тығыз байлансты үш отпқа бөлінеді. Олардың бірі — психикалық процестер, екінші бір тобы — психикалық кейіп немесе қалып, ал үшіншілері — кісінің жеке — дара қасиеттері немесе өзгешеліктері деп аталады.
Психиканы материялистік және идеалистік тұрғыдан түсіну.
Сонау ерте замандарда — ақ адам ( айнала қоршаған табиғаи, адамдар , әр алуан заттар) және затсыз, дерексіз (әр түрлі адамдар мен заттардың бейнелері, оларды еске алу, көңіл күйі) түсініксіз тілсім құбылстар болатындығына назар аударған. Бұл жұмбақ құбылстарды дұрыс түсінуге, олардың табиғаты мен пайда болу себептерін ашуға мүмкіндігі болған соң , адамдар оларды қоршаған ақиқаит дүниеге тәуелсіз, өз бетінше өмір сүретін деп санай бастады. Осылайша тән мен жан, материя мен психка болмыстардың бөлектігі жөніндегі тошылаулар пайда болады. Бұл тошылаулар принципті түрде кереғар, бірін — бірі жоққа шығаратын философиялық екі бағыт:
Материализым және идеализм болып қалыптасты .
Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған. Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққанӘл-Фарабибабамызөзінің«Қайырымдықала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған: «Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет».
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тәмамдады, этнограф жөне археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог жөне этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.
Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.
Социология ғылымына келсек, оның өзі дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз философ-позитивісі Огюст Кант.
Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі ғылымның (психология мен социология) дамуында бір-біріне қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды қалыптастырумен аяқталуы қажет болды.
Көптеген алғашқы әлеуметтік — психологиялық теориялар арасынан негізгі үш бағытты бөліп алуға болады: халықтар психологиясы, көпшілік психологиясы және әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.
Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың түрмысына сіңген жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Қөшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарнхына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындалды. Адамға қойылатын талап-тілектер мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қастерлеу, тапқырлык,: пен алғырлық, ат кұлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б.).
Қазақстандағы ғылыми психологияның тарихы. Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтпаған. Асанқайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Қазақ топырағындағы жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында өндірте жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді еңбек айрықша атауға тұрарлық. Өйткені бұл – бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл туынды.
Халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді өткен ғасырларда казақ даласында болған Еуропа зиялылары асқан көрегендікпен дәл басып айтқан еді.
Көшпенді өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қаpaп, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбен тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің өлеңі мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбакты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-конуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір жас, әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды. Халық аузында мақал болып кеткен «өнерді үйрен де жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе, ат ойнаткан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым» деген сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздердің біздің заманымызға дейін жеткені мәлім. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білген, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мұндай қоғамдық, адам аралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ержете келе ортақ мүдделілікті, өмірге көзқарастың сәйкестілігін, кісіліктің белгісін, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы таптық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктердің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көпшелі халық қыз баланы ерекше кадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдеп-тіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп ұқты. Халық мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды. Сондай-ақ «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер де қыз баланың нәзіктілігі мен шеберлігі, ұқыптылығы мен биязылығы жайлы айтылды.
Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-женге, бойжеткенді ылғи да таза, мінезінің жайдары болуын қадағалап отырған. Жас өспірім шақтағы олардың балқыған, толқыған, еліктегіш қаснеттерін ескеріп, оған «қырық үйден тыю» салу керектігін де үнемі еске алған. Халқымыз сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үй ішіндік еңбекке (кесте, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды — бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген.
Халықтық дәстүр қыз балаға тәлім тәрбие беруде текбағыт, бағдар берумен қатар, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн жосық нұсқайды. Оның барлық сыры мен сыпайы салты оның санасына, әдебі мен әліне, тілі мен дініне, әні мен күйіне, мінезі мен құлқына кіріге өрілген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Олар әділ мен арам, обал мен сауап, Адам үшіп ең қымбат түсінік жанымен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шарты — бақылай білу, көре білу, кісінің ішкі сырын танып ұғыну арқылы өзін өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра білу. Халық бүгінгі бойжеткенді ертеңгі отбасіы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ел ардағы, ақылман әже деп түсінді. Олай болса, бойжеткен үшіи — имаидылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісімерлік, биязылық, мейірімділік— бәрі жарасымды болды.
Этникалық психология түрлі ғылымның өкілдері және философтар тарапынан зерттелген. Бірақ бұл мәселелер жекеленген тұстары, әсіресе кейбір этникалық топтар мен үлкенді-кішілі ұлттарға тән болған ерекшеліктері жетерлік деңгейде зерттелмегендіктен, бұл сала әлі де болса ғалымдардың назарын өзіне аудармақта.
Ежелден түрлі халықтардың психикалық қасиеттері, өзара қатынастары мен байланыстары психологиясы, олардың арасында бой көтерген қайшылықтардың психологиялық негіздері тәріздес мәселелер алдыңғы қатарлы ой иелерін дәйім ойландырып келген. Этникалық психологияның ерекшеліктері туралы пікірлерді ежелгі Юнанстан тарихшысы Геродот, ойшылдар – Аплатун (Платон), Арасту (Аристотель), Эпикур және оның ізбасарларының шығармаларынан ұшыратамыз. Аристотель этникалық психология хақында ой қозғап, ой жүгірткенде Платонның танымның бастапқы принципі идея деген пікірін сынай отырып, барлықты-болмысты, оның ішінде әр түрлі халықтардың этникалық психологиясын жалпылық пен жалқылық категориялары шеңберінде қарастырған. Оның пікірінше, жалпылық тек жалқылықта ғана өмір сүреді. Егер жалқы болмаса, онда жалпы да болмайды. Олай болса, тұтастай алғандағы этникалық психологияны өз этносын түйсінетін кісілерден құралған топтардан (жалпылықтан) табамыз.
Одан кейінгі ортағасырлық дәуірде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан Түркістандық ұлы бабаларымыз рухани салада телегей-теңіз мол қазына қалдырған. Бұл қазынаға лайықты үлес қосқандар – Әбу Насыр Фараби, Әбу Райхан Беруни, Ибн Сина, Имам Бухари, ат-Термизи, Ахмет Ясауи, Дәуіт ат-Түркістани, Мырза Ұлықбек, Әлішер Науаи және басқалары. Данышпан ата-бабаларымыздың ұлы да даңқт Шынында да, олардың мұрасынан бұрынғы дәуірдің ағартушы (мағрипат-пәруар) ойшылдары да, қазіргі заманның қаламгерлері мен ғалымдары да кеңінен пайдаланып келді және бұдан кейін де нәр ала бермек. Осынау ғұлама ғалымдар өмір сүрген дәуірде этнопсихология ғылымы әлі де қалыптаспаған болса да, олардың сан алуан шығармашылығы мен еңбектерінде халықтар психологиясына қатысты, көңілге қонымды ой-пікірлерді көптеп ұшырата аламыз. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетуді жөн деп санаймыз.
Фараби өзінің «Кемеліне келген адамдардың шәһары» шығармасында адамдардағы психологиялық бірлік, яғни адамдар арасындағы белгілі бір байланыстар біріншіден, олардың арасындағы мейір-ынтымаққа негізделеді, оның үстіне олардың жүректерінен ру-тайпалық сезімдер орын алған. Өйткені, олардың бәрі бір әулеттен тараған ғой; екіншіден, адамдар арасындағы психологиялық жақындық олардың мінез-құлқы мен тілінің бірлігімен де қамтамасыз етілген деп жазған.
Берунидің «Үндістан», «Ежелгі халықтардан қалған ескерткіштер», «Минерология» және басқа шығармаларында халықтар психологиясының қалыптасуы мен тілі турасында назар аударарлықтай пікірлер білдірілген. Ол адамдардың «…түзілімі, реңділігі, түрі-түсі және ахлақтарының түрліше болуы тектерінің және сонымен қоса топырақ, су, ауа және жерлердің әр түрлі болуына байланысты», – деп жазды. Осы сарындас пікірлер Ибн Сина тарапынан да («Жүрек дәрілері» кітапшасында) айтылған. Ол жеке адамның бітім-болмысынан көрінетін психологиялық ерекшеліктер мен этникалық психологиялық нышандар біте қайнаса пайда болады деп көрсетті.
Бұл мәселеге жаңа дәуір философтарынан И.Кантта ерекше көңіл бөлген. Оның «өзіндегі нәрсе» деп аталатын теориясы бойынша, этникалық психологияның барлық қайшылықтарын зерттеуге әбден болады, бірақ мәселенің түпкі мәнін ашу мүмкін емес.
Гегельдің «объективті рух» турасындағы ілімі Алманияда «халықтар психологиясының» қалыптасуында теориялық негіз болып қызмет атқарады. Осы теория өкілдерінің пікірінше, әлдеқандай индивидуалдық рухтан жоғары рух бар, бұл индивидуалдық рух жоғары индивидуалдық тұтастыққа мойын ұсындырылған жағдайда ғана халық немесе ұлт құралады. Объективтік идеализм рухымен суарылған болса да осы тәріздес пікірлер сол кездегі халықтардың психологиясын зерттеуге мейлінше көп әсер етті.
«Халықтар психологиясы» концепциясының басқа бір қайнар көзі неміс романтизмінің «жоғары индивидуалдық» турасындағы тұжырымы болып табылады. Бұл теориялық қозғалыстың негізін құраушылар – Гердер мен Гумбольт. Бұл бағыттың өкілдері де мәселені ғылыми негізде талдау жасау деңгейіне көтеріле алмаған деп айтуға болады.
Ғылыми деректер халықтың этникалық психологиясын салиқалы зерттеу ісі тек XIX ғасырдың екінші жартысынан ғана басталғанын айғақтайды.
Этникалық психологияның қалыптасуы тарихы мен оны зерттеу ісінде неміс философы, физиологі және тілшісі Вильгельм Вундттың алатын орны ерекше. Вундт 1863 жылы Лацарус пен Штейнсот идеяларының ықпалымен жазылған өзінің «Адам және хайуанаттар рухы туралы баяндамалар» атты кітабының бірінші басылымында халықтар психологиясы мәселесіне өзінің көзқарастарын білдірді. 1886 жылы оның этникалық психологияның мақсаты мен мәні хақындағы мақалалары жарияланып, кейінірек «Халықтар психология-сының проблемалары» атты кітабы басылып шықты.
Халықтар психологиясының өзіне тән жақтарының сыр-себептерін Ұлы буржуазиялық этнопсихология өкілдерінің бірі – француз психологі, антрополог және археолог Гюстав Лебон талдауға әрекет жасаған. Ол өзінің «Халықтар және бұқара психологиясы» атты шығармасында әр түрлі ұлттардың, халықтардың мәндік негізінде адамдардың нәсілдік, рухи ерекшеліктерінің арасындағы айырмашылық жатады деп көрсетті». «…Ортақ ғадет-ғұрыптар, идеялар, сезім, сенім және ойлау жоралғыларының жиынтығы – халық рухын құрайды». Ол өз концепциясының өзекті жерлерін былайша тарата толғайды: нәсілдердің өзгермейтін рухы ұлттар өмірінің барлық салаларында өзінің түскен сәулесін де, мұнартқан көлеңкесін де түсіріп кететіндігін көреміз.