Жеке көзқарастың көрінісі Фактілі дәлелдер (аргументтер) Теоретикалық негіздеме Терминдерді қолдану Цитаталарды келтіру Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу Логикалық заңдылықтың сақталынуы Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану Сауаттылық (пункт., орфогр.) Юмор, сарказм Жиі кездесетін қателіктер:
– Проблема ашылмайды.
– Автордың жеке позициясы көрінбейді.
– Теоретикалық негіздемесі жоқ.
– Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.
– Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.
– Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.
– Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.
– Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.
– Логиканың болмауы.
Эссе- тәжірибені құрау
Тақырыбы: Ананың бәрі ардақты
Тірек сөз- ана, ардақты
Кіріспе: 3-4 сөйлем. Тақырыпты түсіну сөйлемі
Ана – өмірдің нәрі, ғаламның сәні деп айтуға болады. Себебі, ана –
тіршілік дәнін егуші, онсыз дүние қараң. Сондықтан жер бетіндегі ананың бәрі ардақты да, аяулы.
Тезис- ең құнды идея, пікір
Жай тезис- бір сөйлеммен
Күрделі тезис- бірнеше сөйлеммен
Дәйексөзді тезис- цитатамен
Тезис: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмайсың», «Жұмақ ананың табанының астында» деген даналық ойлар ананың, расымен де ардақты, асыл жан екенін дәріптейді.
Аргумент- дәлел
1-аргумент
Біріншіден, тоғыз ай құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөлген анаға қандай құрмет көрсетсек те, артық емес деп ойлаймын. Неге десеңіз, ана болмаса, тіршілік те болмайды. Сондықтан болар, тіршілік беретін жерді, күнді, Отанды анаға теңейміз. Бұл ананың құдіреті мен киесін тағы бір айқындап тұр. Адам аяғы әзер жететін Меккеге үш рет анамызды арқалап апарсақ та, қарызымыз өтелмейді екен.
Мұның мәнісі неде? Ата-бабамыз Меккеге барар сапардың азабын жақсы білген.Сондай азап шегіп, тер төгіп анамызға қызмет етсек қана, перзенттік парызымызды өтей аламыз.Қолымыздағы бар асылымыз бен байлығымыз да ананың парызын өтеуге жетпейді екен.Бұдан шығатын қорытынды анамызға қасымызда бар кезінде асқан мейірім мен қамқорлық
көрсетуіміз керек деп білемін.
2- аргумент
Екіншіден, қай заманды алып қарасақ та, анаға деген құрмет, ізет толастаған емес. Қаламгердің жыры мен қарасөзі болып, әншінің әсем әуені мен күйшінің төгілген күйінің де арқауы Ана болды емес пе? Майлықожа: «... Аязды күні айналған, Бұлтты күні толғанған, Анаң бір өлмес болсайшы» десе, жасын ғұмырлы Баубек: «Ананың тілі, тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?..» деп, толғанған екен. Осы сөздерден жер бетінде анаға жетер жақұт, байлық жоқ екеніне тағы да бір көз жеткіземіз. Ана десе, толқымайтын жүрек, тасымайтын қан жоқ шығар.Ананың тілегі мен жүрегі, асыл қасиеттері аңыз болып, ел арасына тарағаны қаншама? Кешегі Найман ананың өзі перзенті үшін жанын құрбан етпеді ме? Ананың құдіреті өз перзентіне деген ешқашан толастамас, асқан махаббатында екенін көруге болады.
3- аргумент
Үшіншіден, «Жұмақ ананың табанының астында» деген аталы сөз анаға бас идірген. Біздің байлығымыз, берекеміз, сәттілігіміз барлығы анамызға қалай қызмет көрсететінімізде. Анамыздың басқан ізіне дейін құрмет көрсете білсек, өмірде жолымыз болғаны.Ал, анасын қадірлемеген адам бұл өмірде оңбайды.
Халқымызда: «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Оның мәнісі
осы ата-анамызға
деген құрмет, пейілімізде деп ойлаймын. Анадан асқан ардақты, аяулы жан жоқ.
«Ата – бәйтерек, ана- бұлақ, бала –жағасындағы құрақ» дейміз. Бұлақ шөлдегеннің
сусынын қандырады, баолық тіршілікке нәр береді.Ана да тура осындай ғой.
Оның ішінде мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қаракөздердің анасы бәрінен
де биік тұр, тұра береді де...
Ескерту: Қорытындыда жаңа ой жазылмайды!!!
Қорытындылай келсем, ананың махаббаты- шексіз, барлығынан
жоғары тұратын ең асыл сезім! Жер бетіндегі барлық аналар ғұмырлы
болсын, ана мен біртұтас әлем балалар аман болсын!
Тақырыбы: Ұлпан – ел анасы
Қазақ әдебиетінде аналар туралы жазылған шығармалар көп. Соның бірі – Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы
Тақырып: «Жалған дүние» деген тіркесті қалай түсінесіз? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Тірек сөз: дүние
Кіріспе: Тақырыпты түсіну сөйлемі: «Жалған дүние» деген тіркес құлағымызға таныс. Алайда, осы тіркестің астарында не жатыр? Меніңше, бұл сөз алдамшы дүние, уақытша дүние немесе өтер-кетер қызық дүние деген мағынаны білдіреді.