Кіріспе: 3-4 сөйлем. Тақырыпты түсіну сөйлемі Бойтұмар дегеніміз – әр адамның кие, қасиет тұтатын заты немесе құндылығы. Бойтұмар әр адамда, ұлтта әртүрлі болады.Сонымен қатар, бір ұлттың өзінің қестерлеген бойтұмары болуы да мүмкін. Осы орайда, қазақ халқының бойтұмары деп хакім Абайдың дана сөздерін айтуға бола ма? Менің ойымша, толығымен айтуға болады, себебі, Абай «Адамзаттың Абайы» атануының өзі осының айғағы емес пе? 1- дәлел Біріншіден, Абайдың сөздері –ұлттық тәрбие көзі. Абай қазақ халқына тән мінез-құлық сипатын өз сөздерінде тағылыммен, астарлы оймен жеткізеді. Дара Абай: «Балаға мінез үш түрлі адамнан жұғады: ата-анадан, ұстаздан, ортасынан» дейді. Ақынның осы сөзінің өзі адам тәрбиесінің бастауы, қайнары деп білемін.
Екіншіден, тәрбиемен қатар жүретін білім шырағының жарқын жол екенін айтады. Айтып қана қоймай, қазағына насихаттайды.Білім мен ғылым жолы қазақты биікке шығарар, өзге ұлттармен тең етер мықты қару екенін өлеңдерінде арқау етеді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...» деп өкінішін айта келе, халқына, жастарына өкінбестей өмірді өткізер білімге үгіттейді. Үшіншіден, Абай адамзатқа ортақ рухани азық ұсынады.Оны қара сөздерінен көреміз. Ғақлиясын нағыз қазақтың бойтұмары деуге болады. Халқымыздың әр шаңырағында Абайдың қара сөздер жинағы тұрса, ғанибет емес пе? Өйткені, ұрпағымыз осы қара сөздерден рухани сауатын ашып, терең тағылым, болашаққа бағдар алады. Абайдың қара сөздерінде өмірдің барлық бағытын көрсететін анық, айқын жол бар. Ақынның қарасөздерімен азықтанған адам адаспайды, өмірлік мақсатына қол жеткізеді деп білемін. Қорытынды: Жаңа ой болмайды! Қорытындылай келе, халқымыздың бойтұмары Абайдың сөздері өзінің өміршеңдігімен қазіргі ғасырға жетіп отыр.Оны сақтау, келешекке мұра ету – біздің басты парызымыз. Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма? (еркін тақырып)
«Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан» деп, халқымыз жастарға ерекше үміт артыпты. Неге десеңіз, жастар – болашағымыз, елдің ертеңі. Жастар заманына лайықталып, өзгеріп те отырады. Дегенмен, дәл қазіргі қоғамдағы жастарға көңіліміз тола ма? Әлеуметтік желі мен ақпараттар көзінде жұртшылықтың жастарға көңілі тола бермейтіні көп айтылады. Бұл пікір қаншалықты дұрыс?
Өз басым, жастарға көңілім толады.
Ең алдымен, қазіргі кезде білімге ұмтылған, көп тілді меңгерген жастар көп. Жастардың осындай болуына мемлекет те жағдай жасап отыр. Өткен жылғы «Жастар жылы» да осының дәлелі. Сонымен қатар, жастарымыз алған білімдерін өмірде қолданып, елдің игілігіне қызмет етіп жатыр.
Сонымен бірге, ақпарат ғасырында жаңа технологияны терең меңгерген, зияткер жастарымыз көп. Өздерінің ғылыми жаңалықтарымен әлем кеңістігінде орын алуда.