Эссенің кіріспе бөлімі Тақырыпты түсіну сөйлемі Отан неге адамға ыстық? Еске сақтаңыз: Оқушы берілген тақырыптан тірек сөздерді табуы керек.
тірек сөздердің мағынасын ашып, кіріспеге жазады.
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.
Аргумент - философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел.
Негізгі бөлім
Тезис
Аргументтер
1- аргумент
2- аргумент
3- аргумент
Тақырып: Туған жер несімен қымбат? Кіріспе- Тақырыпты түсіну сөйлемі- 3-4 сөйлем
Туған жер адам баласы үшін екі дүниеде де тұрақ мекен деп ойлаймын. Неге десеңіз, шыр етіп кіндік қанымыз тамғанда, туған жеріміз құшағына алады, сонымен қатар, мәңгілік мекенге аттанғанда, туған жердің құшағына денеміз тапсырылады. Меніңше, туған жер сонысымен қымбат па деймін.
Тезис: ең озық идея «Әркімнің өзінің туған жері – жұмақ мекен» деп, ата-бабамыз аманаттағандай, туған жердің күні де, түні де ыстық. Біріншіден, тарих беттеріне, шежірелерге үңілер болсақ, ірілі-ұсақты шайқастар мен қақтығыстардың барлығы туған жер үшін болған екен.Туған жерім жау қолында кетпесін деп, кешегі ер Махамбеттер «Өзегі талып ет жемей...» күні-түні ат үстінде өтті емес пе? Сонымен қатар, «Ата қоныс», «атамекен», «ата жұрт» деп туған жерге ерекше құрмет көрсеткен. Туған жерінен безінгенді «безбүйрек», «мәңгүрт» санаған. Туған жерімнен топырақ бұйырсын деп, дұға тілеген. Міне, туған жердің құдіреттілігі, қымбат екендігі осыдан-ақ көрінеді.
Екіншіден, халқымыз «Туған жердің қадірін, шетте жүргенде, білерсің» деп, әні мен жырына да қосты емес пе? Кешегі қилы замандағы «Елім-ай» әні жан-жаққа тарыдай шашыраған халықтың туған жеріне деген қимастық сезімін өрнектейді. Туған жерге жетуді арман санаған шеттегі қандастарымыз да елге оралып жатыр.Өзіміз оқыған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал да шекара бұзып, тау асып, туған жерге жетті емес пе?Туған жер қымбат болмаса, адам төзгісіз қиындықтықтарды еңсеріп, жетер ме еді? Меніңше, туған жердің құдіреті ғана адамға күш-қуат сыйлай алады деп ойлаймын.
Үшіншіден, туған жер әр адам үшін жұмақпен тең. Неге десеңіз, жұмақта тыныштық, береке- бірлік, сүйіспеншілік, жан ләззаты болатындай, туған жерде де осындай ғажайыптар бар. Оның жер асты байлығын, орман-тоғайын, суын есептемегенде, жер үстіндегі бір түйір топырағының өзі адамға қуат береді.
Ақиық ақын Мұқағали: «Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем...» деп, туған жердің қадірін асқақатата жырлайды емес пе? Расымен де, туған жердің әр тасы қымбат. Алысқа кетсек, туған жерімізге жетуге асығамыз. Туған жер топырағына аяғымыз тигенде ғана, жанымыз жай табатыны – шындық.
Ойымды түйіндей келе, туған жердің қадіріне жетуіміз парыз, көз қарашығындай сақтау – міндетіміз. «Туған жерге туың тік» дегендей, тігер туымыз асқақтай берсін!
Эссе
Тақырып
Кіріспе: тірек сөз
Тақырыпты түсіну сөйлемі
Тезис
Аргументтер
1
2
3
Қорытынды
Тақырып: Абай сөзі – қазақтың бойтұмары