Семинар жұмысының бағыттары: Теориялық бөлім: Эссе, оның түрлері Практикалық бөлім: Эссе жазудың тиімді жолдары



бет4/11
Дата07.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#19424
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

Тезис: Жай тезис- 1 сөйлеммен

Күрделі тезис:2- 3 сөйлем

Дәйексөзді тезис: /цитаталы

Тезис: «Жалған дүние» тез өтетіндіктен, оны мәнді өткізу керек. Себебі, адам артында із тастап, ана өмірге рухани азығын жинайды. Оны мәнді өткізу үшін не істеуіміз керек?

Негізгі


1- аргумент

Біріншіден, бұл өмір қамшының сабындай қысқа, тез өтеді.Осы өмірдің мәнділігі оны қалай өткізетінімізбен бағаланады. Сол себепті, әр күнімізді иманмен, жақсылық жасаумен, сауапты істермен өткізуіміз керек деп ойлаймын. Ол үшін адам, алдымен мақсат қойып,еңбектене отырып, уақытты тиімді қолдану арқылы қалауына қол жеткізе алады.Адамның әрбір мақсаты басқа адамдардың қажеттілігіне қызмет етуі керек.Біздің алған біліміміз, бойымыздағы талантымыз ғаламның дамуына үлес қосуы тиіс.Неге десеңіз, жалған дүние көзді ашып-жұмғанша өтіп кетеді. Сол себепті, ойымыздағыны жасап үлгеруіміз керек деп білемін.

Екіншіден,жалған дүниеде адамдар байлық жинап, атақ пен мансапқа

құмар болады. Осылайша, өмірінде басқа құндылықтарды ұмытып кететін адамдар да баршылық.Атақ пен мансап, байлық – уақытша дүниелер.Және бұл нәрселерге құнығу нәпсі болып саналды.Нәпсі адамды түзу жолдан тайдырады, күнәға батырады. Халқымыз: «Дәніккеннен құныққан жаман» деп, ұрпағына текке аманаттамаған.Құныққан адамның ғұмыры тез өтеді, тек өмірінің соңында ондай адамдар өкініп жатады.Ал, өкінген өмір, босқа өткен ғұмыр емес пе?Босқа өткен ғұмыр өлген уақытпен тең. Ақша мен атақтың соңында жүріп жақындарына махаббатын білдіре алмай кеткен адамдар бар.Сонымен қатар, өз денсаулығына көңіл бөлмей, ауруға душар болғанда ғана бармағын тістеп жатады.Сондықтан да, өмірлік құндылықтар саналатын отбасы, достық, махаббат, қамқорлық сияқты тамаша қасиеттерімізбен өмір сүрсек, ғажап болады деп түсінемін.

Үшінішіден, жалған дүниені өкпе мен ренішке, көреалмаушылық пен қызғанышқа, жалғандыққа арнамай, кешіріммен, махаббатпен өмір сүру керек.

Абай айтқан: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» дегендей, махаббатпен күн кешкен дұрыс деп ойлаймын.Сонымен қатар, халқымыз «Кешірімнен кем болмайсың», деген екен.Бұл дегеніміз, кешіріммен жүрген адам жеңіл өмір сүреді, жан тыныштығын табады деген сөз.Жан тыныштығы баға жетпес байлық деп түсінемін. Бұл жерде айтарым адамның тыныштығын алып қоятын көреалмаушылық, қызғаныш сезімдері де адамның өмірін қысқартады немесе мән-мағынасыз етеді.Осылайша, адам жалған дүниеден еш қызық көрмей аттанады.

Қорытындылай келе, жалған дүние – мәңгілік өмірге апаратын жол. Ендеше, сол жолдан адаспай, бағытымыз бен бағдарымыз тура болсын, достарым дегім келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет