Семинар жұмысының бағыттары: Теориялық бөлім: Эссе, оның түрлері Практикалық бөлім: Эссе жазудың тиімді жолдары


Тақырып: Туған жер несімен қымбат?



бет8/11
Дата07.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#19424
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

Тақырып: Туған жер несімен қымбат?

Кіріспе- Тақырыпты түсіну сөйлемі- 3-4 сөйлем



Туған жер адам баласы үшін екі дүниеде де тұрақ мекен деп ойлаймын. Неге десеңіз, шыр етіп кіндік қанымыз тамғанда, туған жеріміз құшағына алады, сонымен қатар, мәңгілік мекенге аттанғанда, туған жердің құшағына денеміз тапсырылады. Меніңше, туған жер сонысымен қымбат па деймін.

Тезис: ең озық идея

«Әркімнің өзінің туған жері – жұмақ мекен» деп, ата-бабамыз аманаттағандай, туған жердің күні де, түні де ыстық.

Біріншіден, тарих беттеріне, шежірелерге үңілер болсақ, ірілі-ұсақты шайқастар мен қақтығыстардың барлығы туған жер үшін болған екен.Туған жерім жау қолында кетпесін деп, кешегі ер Махамбеттер «Өзегі талып ет жемей...» күні-түні ат үстінде өтті емес пе? Сонымен қатар, «Ата қоныс», «атамекен», «ата жұрт» деп туған жерге ерекше құрмет көрсеткен. Туған жерінен безінгенді «безбүйрек», «мәңгүрт» санаған. Туған жерімнен топырақ бұйырсын деп, дұға тілеген. Міне, туған жердің құдіреттілігі, қымбат екендігі осыдан-ақ көрінеді.

Екіншіден, халқымыз «Туған жердің қадірін, шетте жүргенде, білерсің» деп, әні мен жырына да қосты емес пе? Кешегі қилы замандағы «Елім-ай» әні жан-жаққа тарыдай шашыраған халықтың туған жеріне деген қимастық сезімін өрнектейді. Туған жерге жетуді арман санаған шеттегі қандастарымыз да елге оралып жатыр.Өзіміз оқыған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал да шекара бұзып, тау асып, туған жерге жетті емес пе?Туған жер қымбат болмаса, адам төзгісіз қиындықтықтарды еңсеріп, жетер ме еді? Меніңше, туған жердің құдіреті ғана адамға күш-қуат сыйлай алады деп ойлаймын.

Үшіншіден, туған жер әр адам үшін жұмақпен тең. Неге десеңіз, жұмақта тыныштық, береке- бірлік, сүйіспеншілік, жан ләззаты болатындай, туған жерде де осындай ғажайыптар бар. Оның жер асты байлығын, орман-тоғайын, суын есептемегенде, жер үстіндегі бір түйір топырағының өзі адамға қуат береді.

Ақиық ақын Мұқағали: «Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем...» деп, туған жердің қадірін асқақатата жырлайды емес пе? Расымен де, туған жердің әр тасы қымбат. Алысқа кетсек, туған жерімізге жетуге асығамыз. Туған жер топырағына аяғымыз тигенде ғана, жанымыз жай табатыны – шындық.

Ойымды түйіндей келе, туған жердің қадіріне жетуіміз парыз, көз қарашығындай сақтау – міндетіміз. «Туған жерге туың тік» дегендей, тігер туымыз асқақтай берсін!

Эссе

Тақырып


Кіріспе: тірек сөз

Тақырыпты түсіну сөйлемі

Тезис

Аргументтер



1

2

3



Қорытынды

Тақырып: Абай сөзі – қазақтың бойтұмары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет