Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата22.12.2016
өлшемі2,47 Mb.
#46
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру 
стратегиясы».
2. Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» атты Жолдауы. 3. Қазақстан 
Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 4. 
Қ.Қанаева «Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану» «Математика және физика» ғылыми-
әдістемелік журналы, №1-2008 ж 5. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту» 
«Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журналы, №5-2009 ж
--------------------------------------------------------------------------------------------------
95

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ақын өлеңдерінің ерекшеліктері
Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы
№125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі 
және әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Нұртас   Ибрагимұлы   Исабаев   1954   жылы   13   қарашада   Жаңақорған   ауданында   дүниеге   келген.
Мәскеуде М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. 
1980   жылы   автомобиль   апатына   ұшырап,   1-топтағы   мүгедек   болып   қалғандықтан,
шығармашылықпен ғана айналысады.  «Бастау» (1980), «Өмірді сүю» (1987), «Қимаймын сені»(1988),
«Ұлылықпен  сырласу»(1990)   атты  өлеңдер  жинағы,   «Өмірге   құштарлық»  атты  романы  бар.   Біраз
өлеңдері «Разбег» атты орыс тіліндегі топтама жинаққа кірген.
    Өлең – сөз құдіреті. Өмір сұлулығы мен сыры өлеңде. Өзбек ақыны Ғафур Ғұлам: «Өлең-сөздің
алдында өлім де дәрменсіз!» деген болатын.
Бұл – ақын Нұртастың шығармашылығына арнап айтылғандай:
                Білген соң жарық ай-күнім барын,
                Етпейтін болдым өлімді елең.
                Ұмытып мүлде қайғының бәрін,
                Келеді жазғым көңілді өлең.
   Тағдырына қасқайып қарап, өлеңді нөсерше төпелеген оптимист ақын:
                Адамдар-ай, мен сендерге ризамын,
                Мәңгі-бақи өздеріңмен бір жаным.
                Жасадыңдар маған қанша жақсылык,
                Тұтандырып жүрегімде жыр жалын, - деп, барлық сырын ақтара салады.
                Өміріме бұлт төнді де тағы бір,
                Күн де сирек шашты маған жарық нұр.
                Қиналамын, тоңазиды тұла бой,
                Бірақ өмірсүру керек бәрібір! – деп жырлаған ақын төсекке таңылса да, қатал тағдырына
бас имеген, үнемі қозғалыста болған, ол тек қалам құдіретіне ғана бас иген. Сол қаламы арқасында
ғана өмір сүргісі келді, сезімін білдірді.
     Нұртас өмірде жаны нәзік, өжет, көпшіл болды. Айналасындағының бәрін жақын бауыр тұтты.
Қайда жүрсе де, ақ жарқын көңілімен, сәбидей пейілімен дос таба білді.
    Сондықтан болар, оның өлеңдерінен бүкіл жан сарайы көрініп тұрады.
              «...Жаза берем,
                             Жырымды жаза берем,
                 Жүрегіме қалайша маза берем?!
                 Өзім сүйген ақ пейіл адамдардың
                 Алдарында ұжданым таза дер ем.
                 Немесе
                 Жайсаң жаным – адамдарға жайылған кең дастарқан,
                 Тілейтінім: үйім күнде арылмасын достардан.
     Н. Исабаев өмірдің қайнаған ортасында өмір сүріп, көптеген тақырыптарға қалам тербеді.
          Ақын   лирикасындағы   өмір   мен   өлім,   тағдыр   тақырыптары:   «Ғашықпын,   өмір,   саған»,
«Сағындым, өір, сені», «Үміт туралы», «Сабыр айту», «Өмірге наз», «Өмірмен сырласу», «Өмір»,
«Мейірім», «Өлең – менің сүйенерім», «Сырласым», «Адамдар-ай», «Аяулым - әнім», «Арманым,
сағынышым», «Мақсат жайлы», «Үміт туралы», «Шаттық пен қайғы», «Елегізу», «Көңілдің қоңырқай
күйлері»,   «Жырлайды   жүрек»,   «Арпылыссыз   бақыт   жоқ...»,   «Шынымен   өмір   өткінші...»,   «Мен
бақытты боламын», «Қазіргі байлық,бақытым...», «Еседі домбыраның қоңыр үні», «Жұбану», т.б.
     Ана тақырыбындағы өлеңдері: «Апама», «Әйелдерге тарту», «Әйелдер», «Анама», т.б.
         Ақын лирикасындағы махаббат, сезім жырлары: «Л-ға», «Кесте тікші маған арнап», «Ж-ға»,
«Сені іздедім», «Сүйемін сені», «Күнім, айым», «Сәулеге», «Әдемі қыз», т.б.
     Ақын   лирикасындағы табиғат жырлары: «Жаумаған бұлт», «Күз», «Қыс келді де», «Алғашқы
қар», «Қүздің соңғы күндері», «Күздің желі»,
96

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Келді көктем», «Айхай, көктем!», «Соңғы күні көктемнің», «Қансонар»,
«Қош келдің, Май!», т.б.
      Туған елінің болашағына нық сеніммен қарайтын өр ақынның «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңінде
тәуелсіздіктің шапағат нұры өзек тартады:
          Азат болып ғарышқы қазақ ұшқан
          Заманыңда бол барыс, бол арыстан.
          Желбіретіп жеңіспен көк туыңды,
          Жасай берші, Тәуелсіз Қазақстан!
           Отан, туған ел жайлы өлеңдері: «Қазақстан», «Тәуелсіз Қазақстан», «Мақтанышым», «Жер
жаннаты – Жетісу», «Ару қала – Алматым», «Ауылға келгенде», «Туған елім», «Тауға барғанда»,
«Туған жер», «Ауылым», «Ауылды аңсау», «Алыстап кеттім тағы да...», «Сүйікті мекенім», т.б.
      Поэмалары: «Қазақ аруы», «Менің тағдырым».
Жалпы алғанда, Нұртас поэмаларының тілі майда, жанға жағымды, өлең ұйқастары әдемі қаланған
кірпіштей жымдасып жатады. Ақынның айтар ойы өзінің бейнелілік бояуларымен көңілге қонымды.
      Ақын өлеңдерінде сан құбылған ауыстырулар мол кездеседі.       
«Бәйтерек - өмір», «Өлең – менің әкем де, өлең – менің анам да», «Өлең – менің бабам да, өлең –
менің далам да», «Достық – сусын еді ғой біз қанатын», «Кеудемдегі айдыныма мұз қатып, Шабыт
кемем жая алмауда желкенді», «Тағы да жетті жендет – мұң», «Қаламым – найза, жамандық деген
жауымның, Кеудесін сөгер, талқандап болат сауытын»  тағы  сондай көркем ауыстырулар айтар ойын
көркемдікке бөлейді.
    Ақын өлеңдерінде теңеу әр түрлі үлгіде келе береді.
             Жарқын бүгін жанарым да
             Жарқыраған әлемдей.
             Ниетім ақ, пәк арым да
Саған жазған өлеңдей, - деп, шалыс ұйқас тармақтарын бірыңғай теңеулермен қиыстырып, сөздің
қасиетін әдемі жеткізеді. 
  Ақын өлеңдерінде қара өлең, кезекті, шалыс ұйқастарды қолданады.
         Жоқ менде саған деген, Өмір, өкпе,  а
         Айырма жақынымнан, еңіретпе.       а
         Темір етпе жанымды, еміреніп,         б
         Ғашық болып өтейін төңірекке.        а
(11 буынды қара өлең ұйқасы)
         Адамдар-ай, мен сендерге ризамын, а
         Мәңгі-бақи өздеріңменбір жаным.   ә
          Жасадыңдар маған қанша жақсылық, б
          Тұтандырып жүрегімде жыр жалын.   а
(11 буынды кезекті өлең ұйқасы)
          Өзіңсіз, жаным,
                        өмірде мынау бар ма сән?!  а
          Көңілсіз өмір,
                         өзіңе ғашық болмасам.       б
          Жетер ме қолым
                         бақытқа мәңгі аңсаған,       а
          Ғұмырды саған,
                         жырымды саған арнасам?! б
(13 буынды шалыс өлең ұйқасы)
    Қазақ  поэзиясының тәңірі   Абай  ақынның  табиғатқа   жан  бітіріп бейнелеу тәсілі   Нұртас  ақын
жырларында да өз өрнегін таба білді.
«Сұп-сұр аспан үн қатпай безереді», «Қыз дүние маған тіл қатқан күліп,
Жібергендей жанымды шаттандырып», «Су алуға иінағашын асынып
Шыққан қыздай күн де шықты асығып», «Бұйығып жатқан ақ бас тау лақтырып тастап көрпесін,
Алаулы күннің нұрына сүйгізіп жатыр өр төсін», «Ағаштардың қызылшақа бүршігін Әлдилеуге жазам
бесік жырды мен», Ақ түскен талдардың да самайына», «ҚЫСТЫҢ АҚ ТОНЫН ЖАМЫЛЫП  - ақша
97

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қарын, Жадырап тұр Алматым – бас шаһарым», «Жапырақтар тығылып бұрыштарға, Жынды желден
алады тыныс зорға», «Жар көзінде күн шуағын төккенде, Самал жел де еркелетіп, өпкенде», т.б.
    Адам жан дүниесінің ішкі иірімдерін нәзік сезіммен түйсініп қабылдайтын ақын өлеңдері сырға
да, суретке де кенде емес.
             Көк жүзі көбесінен сөгіліп бір,
             Тамшылап көзінен жас төгіліп тұр.
             Судан шыққан перідей, су-су ағаш
                         Қолын созып аспанға егіліп тұр, - деген сияқты тың көрініс, соны сурет кім-кімді де
қызықтыратыны сөзсіз.
    Ақын өлеңдері көбіне ән тілеп тұрады.
     ...Кел, қиындық, тағы да келші деймін,
        Мейлі қанша болсаң да еншілеймін.
        Күресемін күшейіп сендерменен,
               Күреспесем өмірмен әлсіреймін, - деп,   бар өмірін өлеңге арнаған ақын жырлары мәңгілік
жасайды.
     Өмірге құштар жүрек
     Өзіңсің – тілегім де, тірегім де,
     Қаншама қимас жандар жүр елімде.
     Ғашықпын әрқашанда, Өмір, саған,
     Өшпейді махаббатым жүрегімде, - деп, ақын жырлағандай, өмір атты өзенде адам басына түскен
қиындықтармен күресіп, жеңілмей, әлсіздікке ерік бермей шыныққанда ғана өрге шығады. Өмірге
ғашық адам ғана өз мақсатына жетеді. 
     Осындай өмрге құштар жүрек иесі – біздің жерлесіміз, ақын әрі жазушы Н. Исабаев. Мәскеудегі
Әдебиет   институтын   бітірген   ол   өміріне   енді   ғана   етене   бастаған   шақта   күтпеген   жерден   ауыр
қасіретке тап болып, ұзақ мерзімге төсекке таңылды. Өз басындағы осы бір аса ауыр халді ақын
былайша береді:
       ...Тұрып кеткім келеді, тұра алмаймын,
          Жүріп кеткім келеді, жүре алмаймын.
          Қасқайып тұрып-тұрып, қапылыста
          Жай түсіп сұлап жатқан шынардаймын.
      Бірақ бұл ақын көңілінің көлбеңдеу бір сәтә ғана. Жеме-жемге келгенде екінің бірі сыр беріп
алатын осынау сын сәтте жас талант иесі ерлікке пара-пар ғажайып өрлік, өжеттік көрсетті. Өмірге
құштар   көңілді   қасірет   қайта   оятты.   Бұрын   балаңдықпен   байқамай   келген   көп   жайттарды   енді
басқаша   байыптайтын   болды.   Қайыспай,   қаймықпай   қиындыққа   қарсы   күрес   ашып,   жан   серігі   -
өмірдің өзіндей рухы мәңгі өшпес өлеңге сенім артып, арқа сүйенді:
      ...Мансапты да, бақты да тілемегем,
         Аңсарым боп тек қана жүреді өлең.
         Жарым болса, махаббаттарым болса,
         Бақытты боп мен өмір сүре берем!
    Сөз жоқ, бұл – жігерлі жыр, өжет өлең! Мезгілсіз түскен қар салмағынан сына жаздап, сәл иіле
майысып барып, қаз-қалпын қайта сақтап қалған жас шыбықтай ақын жаны дүр сілкініп, ауыр халден
айыққандай, қайғыны қашырғандай. Өзіне деген сенім, өмірге деген құштар құлшыныс, оптимистік
күш-қуат әр өлеңде өзгеше леппен сөз алған сайын біз бұған куә бола түсеміз:
      ...О, көңіл-ай, шарықтаған көңіл-ай!
         Кейде өзімді қалам мүлде танымай.
         Түнде аттанам қанды майдан жорыққа
         Дулығама шағылысып жарық ай!
      Табиғаты   лирик,   болмысы   нәзік   жігіттің   бойында   өрлік   пен   ерлік   қасиеттерінің   алма-кезек
астасып жатқанын көреміз.
   Шынында да, өмірге құштар жүрек таңғажайып ерліктер жасай алады екн-ау! Бар қасіретті өзіне
ғана нешілеп, өзінің қамкөңіл болмауын қалап тұратын қасиетіне қалай риза болмассың!
       ...Жаным ашып қиындау тағдырыңа,
          Күйзелткен өз мұңына, жар мұңына,
98

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
          Бақытты еткім келеді жаным сені,
          Өзім күйгім келеді барлығына, - деп жырлағандай, тағдырына түскен ауыр салмақты сезыне
отырып,   ақындық,   жазушылық   қызметін   өмір   үшін   күреспен   сабақтастырған,   оқырмандарын
жасампаздық пен жақсылыққа шақырған ақынды өмірге құштар жүрек иесі деп тануға болады.
      ...Кел, қиындық, тағы да келші деймін,
         Мейлі қанша болсаң да еншілеймін.
         Күресемін күшейіп сендерменен,
         Күреспесем өмірмен әлсіреймін, - деп Нұртас ақын жырлағандай, адам баласына бір-ақ рет
берілетін өмірдің мәнін, маңыздылығын терең түсініп, өмір үшін күресе білейік.
                           Нұртастың нақыл сөздері
                          ( «Өмірмен сырласу» жинағынан)
Жаңа таңды қарсы алыңдар, адамдар,
Көзін ашты сәбидей пәк тіршілік. ( 7-бет)
Өз үйіңдей табиғатқа, адамдар,
Пана болып, аялаңдар, қорғаңдар. ( 7-бет)
Риза болып өтейін, Өмір, саған,
Куә етпе жақынның көз жасына. ( 9-бет)
Жылытайын демімен жүрегімнің,
Жұртым менің жабырқап жаурамасын. (10-бет)
Кетіп жатыр жақсылар,     қинайды екен қимастық ,
     Керек екен аз ғана    тіршілікте сыйластық. ( 11-бет)
Сөнбесе екен, сөнбесе екен кеудемде,
Өмірге деген, өлеңге деген құштарлоық. ( 29-бет)
Мен үшін өмір   мылтықсыз майдан секілді ,
     Күреспен ғана    келеді күткен жеңісім. ( 35-бет)
8.  Бұл өмірде адалдық      кетпесінші азайып ,
    Адам болып жүрген соң  пәк болмаудың өзі айып. (38-бет)
9. Иманды адам азапқа үнсіз шыдайды,
    Жаратқан ие сүйгенін көбірек сынайды. (43-бет)
10.Өміріңнің өкінбе өткеніне,
    Шүкіршілік ет бұл күнге жеткеніңе. (56-бет)
11.Адамның ғұмырында қандай мән бар,
    Өмірінде бір ерлік жасамаған? ( 59-бет)
12.Өмірде іс жасама ұялатын,
    Адал бол өмірді шын сүйе алатын. ( 71-бет)
13.Өмірде қыран болмай жеңіс күтпе,
    Шаршама самғаудан бір, келістік пе?!    (82-бет)
14.Адам дәйім үлгереді бірақ та,
    Аз ғұмырда жетем десе мұратқа . (83-бет)
15.Қандай абзал жамандыққа бармаған,
     Өміріңді жақсылыққа арнаған. (95-бет)
16.Сырласатын жақын досың болмаса,
    Айырыласың күндей көңіл хошыңнан. (97-бет)
17.Сыйла қызды! Сүй оны сен! Құрметте!
    Қолдап жүрер ол періштең емес пе?!
    Пәк сезімін аялай біл,кірлетпе,
   Сонда сені сүйенішім демес пе! (107-бет)
18.Достық деген – тағдырдың несібесі,
    Өмірде жоқ достықтан байлық асқан. (115-бет)
19.Қатал тағдыр құлатса, сүріндірсе,
     Мейіріммен, үмітпен емделемін. (131-бет)
20.Жаса елге қолдан келсе жақсылық,
99

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
     Еңбек ет сен, бос өткізбе бір күнді. (133-бет)
21.Сезінеді сүюдің құдіретін,
     Жұбын жазбай құс болып самғайтындар. (147-бет)
22.Тату-тәтті болайықшы, қызғанбай,
     Бірдей көріп барлық адам баласын! (151-бет) 
23.Қамқор болшы тіршілікке жердегі,
     Сол анаңнан жаралдың ғой, адамзат! (170-бет)
24.Адам қиып кетпейді бұл өмірді,
     Жүрегінде құштарлық, иман барда. (187-бет)
25.Жоғалтқан соң жақыныңды    көмектеспес жасың да,
     Асылыңды қадірлей біл     жүрген кезде қасыңда! (210-бет)
26.Ғұмыр кешсең аңша емес, адамша,
    Адаммын деп мақтануға хақың бар! (211-бет)
27.Жақсы емес пе қуанып ғұмыр кешу,
     Татулықпен, достықпен, бірлікпенен?! (234-бет)
28.Махаббатсыз бақыт жоқ бұл өмірде,
    Ал бақытсыз байлықтың керегі не? (294-бет)
29.Күресу керек,    Тағдырмен күресу керек
     Тартып ап бақыт, қуаныш, күлкі, үміттерін. (300-бет)
30. Рас, рас, әйел жаны тым нәзік,
      Гүлдей болып сүю үшін жаралған. (303-бет)
   --------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«ҒАЛАМТОРДЫҢ ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ ЗИЯНЫ»
Орындаушы: Николай Аяжан Жақсылыққызы
Туған күні, айы, жылы: 31.08.2000 жыл
Сыныбы:  6 «ә»
Мектебі: №125 С.Сапарбеков атындағы орта  мектебі 
Сүйіп оқитын пәні: Математика, информатика 
Тұрғылықты мекн-жайы: Қызылорда облысы 
 Жаңақорған ауданы, Қожанов көшесі н/з
Жұмыстың жетекшісі: Асанова Мөлдір   Шымырбекқызы
Туған күні, айы, жылы: 11.05.1985 жыл
Ғылыми дәрежесі:  жоғары 
Еңбек өтілі: 5 жыл
Санаты: ІІ
Бітірген оқу орны: Қорқыт-Ата атындағы Мемлекеттік университеті
Қызметі:  математика-информатика пәнінің    мұғалімі 
Жұмыс орны:  №125С.Сапарбеков атындағы орта мектебі 
Зерттеу тақырыбы: «Ғаламтордың пайдасы және зияны»
1.Кіріспе
1.1. Бүкіләлемдік өрмек – ғаламтор.
Мақсаты:  Бұл әлемде ғаламторды қолданбайтын адам мыңның бірінде ғана болуы мүмкін. Бүкіл
дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы ғаламторды қолданады. Яғни ғаламтордың  маңызы зор.
Ғаламторсыз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар ғаламторға   тәуелді болып
барады.   Осылардың   бәрін   зерттеу,   білу,   оны   өзімізге,   келешек   ұрпаққа   өнеге   ету,   бүгінгі   біздің
ұрпақтың қасиетті борышы екенін түсіндіру.  
Міндеті: Мәселені айқындаудың зерттеу жүйесін құру 
ІІ.Зерттеу жұмысы туралы  тұжырымын білдіру.
ІІІ. Зерттеу нысаны: Тұрмыстық заттар, қолөнер бұйымдар 
ІV. Жалпылау кезеңі:     Аудандық, мектептегі  Ғаламтор желісімен тұрақты                  
                                         байланыс орната отырып, құнды деректер базасын 
100

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
                                         жасау. Ғылыми жоба жұмысын жазудың 
                                         тезисін дайындау. Жинақталған 
                                         материалдарды саралап, сараптау, қорыту. 
Кіріспе
Қазақстан   Республикасының   Президенті   Н.Назарбаев   өзінің   2003   жылғы   4   сәуірде   Қазақстан
халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен
алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын.  
Ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір
сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен.
Олай   болса,   біз   ғаламторға   қаншалықты   терең   үңілсек,   қазіргі   жағдайды     соғұрлым   жақсы
түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны
өмірде қолдану.
Біздің   күнделікті   өмірімізге   байланысты   ақпараттарды   алудағы   маңызды   құрал   ол   -   Ғаламтор.
Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты
мүмкіншілігін  біз әлі  тереңірек ұғына қойған жоқпыз  Ал  ғаламторды қолдану барысында  барлық
адамдардың   өмір   сүру     аймағында     қазір   күдік   тудырмайды.     Өз   мүмкіншілігінде     ғаламтор
философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған
желілік   ресурстардың   анықталған   формасының   мүмкіндіктері   бір   бірімен   байланысты.   Олардың
орталығы     ғылыми   ресми   немесе     бейресми   сайттары     ғылыми   және   оқыту     ұйымдарды   болып
табылады.
Ғаламтор-интернет   қазақ   қоғамына   енгелі   көп   болған   жоқ.   Әлем   торласып   үлгерді   аз   уақытта.
Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі
жаңалығыңыз   әлдекімдердің   әлдекімдерден   естіген   әңгімесі   болуы   мүмкін...   Африкадағы   әлдебір
тайпа   көсемінің   өлімін,   Америкадағы   гейлердің   шеруін,   Ауғандағы   әйелдің   аянышты   халін,
Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында
көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат,
қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...
Ғаламтор...   Тұтасқан   әлем.   Өрмекшінің   торы   дерсіз.   Енді   шынайы   сүйіспеншіліктің   орнын,
жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық
басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен
өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз... 
Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың
мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ
өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да,
соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы,
болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз,
қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің
перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын
мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық
пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі
кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен
пайдалана   білсек,   мүмкіндігін   барынша   ықтиятпен   жүзеге   асырып,   адами   қалпымызды   нықтап,
білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ
оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу
өзімізге   сын.   Интернеттің   иіртпегіне   түсіп,   былыққандар   мен   ылыққандардың   қармағын   қапқан
ұрпақты   сауықтыру   үшін   ұлттық   иммунитеттің   күші   жеткілікті   болуы   ләзім.   Ал   оған   шамамыз
жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу
мен бордай тозудың арасы...
Ғаламтор   желісінің   пайдасы   өте   көп.   Себебі   өмірдің   кез-келген   саласына   қажетті   ақпаратты
жылдам   алуға,   басқа   қолданушылармен   ақпарат   алмасу   мүмкіндігіне   ие   боласың.   Ақпаратты   алу
немесе   беруде   белгілі   уақытқа   тәуелді   болмайсың,   керек   уақытыңда   қарауға,   жіберуге   болады.
Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі
101

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне
шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса
оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу,
көп ұйықтау т.сс. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған
жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады.
Ғаламтордың қол жетімділігі:
1.Алысты жақындату 
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 
3.Сана-сезімді жоғарылату. 
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни 
мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар 
науқастарға қаржылай қол ұшын беру.
Білгенге Ғаламтор Ғаламат-ақ ! 
Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда
бірегейі ғаламтор техникасы.  Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп
енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан
алуан   қызмет   өтеу   түрлерінің   әрі   тез,   әрі   өнімді,   әрі   икемді   жақсы   жүрілуін   компьютерсіз,
компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қиын. Әлемді дүр сілкіндірген
әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті
үлкен құбылыс.
Адам баласы ұзақ уақыт қолданып келген дәстүрлі қарапайым ақпарат тәсілі қазіргі электронды ми
жүйесімен басқарылатын қарқыны тез ақпараттанған қоғамға, ғаламтор дүниесіне құшағын айқара
ашқалы  ол  адам   баласының ой еңбегімен  дене   еңбегін  барынша   жеңілдетіп,   электронды тетіктер
арқылы   айлық   алыс   жерден   қас   қағым   сәтте   ақпарат   алатын   ғажайып   мүмкіндіктерге   ие   етіп,
адамдарды сан қилы әурешіліктерден жеңілдете бастағандығы айдан анық жағдай.
Ғаламтор  
ــ  сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба.  Оның бізге
үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген
адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар.
Тек   тілін   толық   меңгеріп,   ұңғыл-шұңғылын   тінтуірмен   дұрыс   мақсатта   ойдағыдай   тінте   білсеңіз
болғаны.   Қысқасы   әлемді   уысына   алған   ғаламтор   біз   үшін   адамзат   ақыл   парасатының   телегей
теңізінен  емін-еркін  сусындайтын бүкілдей  жаңа  жүие  қалыптастырып  берді.  Егер  сіз ғаламторға
шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз  
ــ  алақаныңызда, жұмсаңыз  ــ  жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің
қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.
Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын өз лайығымен дұрыс қолданып, икемді игіліктене білу қабілеті
әрбір   қоғам   мүшесі   үшін   аса   қажетті   біліктілік,   яғни   «сауаттылық»   өлшемдерінің   біріне   айнала
бастады.  Сондықтан адамдарда ең әуелі компьютерлік сауаттылық, онан соң жалпы ақпараттылық
білім, соңында ақпараттық мәдениет мағлұматы болуы қажет.
Қазіргі тұста біз дәстүрлі тәсілмен электронды техника өзара тоғысқан тоғыспалы дәуірде тұрмыз.
Байырғы  тәсіл   өзінің   мүмкіндіктерін   әлі   сақтап  қалуға   тырысқанымен,   жаңа   жүие   оны  тездікпен
ығыстырып алға қарай дамып келеді. Ескі жүйе көп ұзамай жаңа жүйеге жол берері анық. Жаңа зат
қашанда жеңімпаз болып адамдарды өзіне айрандай ұиытып қызықтыра түсетіні даусыз.
Ғаламтор   -   тиімді   байланыс   құралы.   Көптеген   мәліметтер   жинақталған.   Балама   ақпарат   көзін
табуға   болады.   Мысалы:   үкіметтік   емес   сайттар   мен   үкіметтік   сайттар,   ақпарат   агенттігінің
мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың 
Кісі   есімдері   мен   лауазымдарын   нақтылайсың.   Мысалы,   www.government.kz   Үкімет   сайты,   ҚР
Парламент  мәжіліс  депутаттары.Өткен  ескі  жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді  нақтылау.  Өзге
елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады.
Мысалы: www.sozdik.kz.Электронды пошта  қызметі  жылдам хабарласуға  мүмкіндік береді.  Аська,
Мейлруагент, мессенджер т.б. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша,
интернет   арқылы   әр   түрлі   қызықты   онлайн-ойындар   ойнауға   болады.   Біздің   өміріміз   күнде   бір
102

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі,
бір  өзіне   соншама   ақпарды  сиғызып,   жан-жаққа   лезде   таратып  тұру,   әлемнің  бір  шетіндегі   кісіні
екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік
десеңізші. 
Электронды технологияның өмірге біртіндеп енуіне байланысты адамдар айналасындағы заттар
мен   құбылыстарға   және   өздеріне   жаңаша   көзқараспен   қарай   бастады.  Былайғы   жерде   жаңа
ақпараттық   технология   бәрін   де   өзгертуі   әбден   мүмкін.   Бұл   технология   осы   ғасырдың   тарихын
өткендегі   ғасырлардан   мүлде   өзгеше   жазбақ,   адамзаттың   өмір   сүру   дағдысына,   күллі   рухани   бет
бейнесіне де күшті әрі терең әсер етпек. Бұл үрдістен оңды пайдаланбай артта қалған ұлт та, оның
келешек ұрпағы да зиян шекпек.
Күнделікті   тұрмыста   ғаламторды  дұрыс   мақсатта   істете   білсеңіз  оның  пайдасы  ұшан-теңіз.   Сіз
ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды
қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын
бүкіл  әлем   жаңалықтарымен   танысып  отыруыңызға;   кез   келген   тақырыпқа   қатысты   материалдар,
анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үйде отырып білім игеруіңізге; қызмет
түрлерін   ұсынуыңызға,   тауар   сатып   алуыңызға   не   сатуыңызға;   электронды   жұмсақ   бөлшектерді
жасап   мол   кіріс   табуыңызға;   дос   жарандарыңызбен   дер   кезінде   хабарласып   қоғамдық   өрісіңізді
кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-
еркін игіліктенуіңізге әбден болады.
Бүгінгі   таңда   ғаламтор   техникасын   озық   деңгейде   меңгергендер   өз   ақыл-парасаттары   арқылы
қомақты қаржыны тым қиналмай-ақ тауып алатын болды.  Біз ғаламтордың жоғарыдағыдай ғаламат
мүмкіндіктерін   тұтас   ұлтымызды   дамытып   өркендетуге,   ұлттық   тіл-жазуымызды,   халықтық
қасиетімізді, күллі құндылықтарымызды қорғап, сақтап, оны онан ары дамыту үшін қызмет еттіруге
құлшыныс жасауымыз қажет. Сол үшін Қазақ тілді ғаламторды тез арада дамытуға барынша күш
шығаруымыз керек. Бұны ойланып-толғанып, уақыт ұттырып жүрмей, неғұрлым тез қолға алатын
төтенше маңызды жұмыстардың бірі деп қарауымыз тиіс.
Қазір ұзын саны тым көп болмасада аздан молайып, әлсізден күшейіп, қадамын енді ғана қаз-қаз
басып келе жатқан үкімет және жекелер иелігіндегі Қазақ тілді торап бекеттерінің, жеке блогтардың
арт-артынан   ашылып   ғаламторға   қосылуы   халқымыздың   өрісін   онан   ары   кеңейтіп,   әлемнің   әр
шалғайындағы   қандастарымызды   жер   жүзіндегі   және   ұлтымыз   өміріндегі   сан   алуан   мазмұндағы
рухани білімдерден еркін сусындауына оңтайлы орай жаратып берді.
Бүгінгі   дәуірде   ғылым-мәдениет  деңгейі   жоғары   ықпалды  ұлттар   ғаламтордан  пайдаланып  өзін
насихаттау   арқылы   өзгелерді   өзгертіп   «әлемилендіріп»   жатыр.  Біз   ешкімді   де   өзгертіп
әлемилендірмей-ақ қойайық. Біздің бар назарымыз бөгенайы бөлекше халықтық қасиетімізді сыртқы
әсердің, өзгерісшең өмір дауылының, арынды ақпарат тасқынының кері ықпалынан арашалап қорғап
қалуға қаратылғаны жөн.
Қазір ғаламтордың ықпалында тұтас  жұмыр жердің ол шетімен бұл шеті  «ауылы аралас,  қойы
қоралас» көрші ауылға ұқсап қалды.  Осындай жағдайда ғаламтордың бізге ғылым-білім мен озық
өркениетті   жеткізетін   құптарлық   жағының   болуымен   бірге   ұлттық   психологиямызға,   төл
табиғатымызға сай келмейтін теріс әсері де айтып тауысқысыз. Ол біздің күнделікті өмірімізге тек
жақсылық қана әкеліп жатқаны жоқ, онда не хикімет жақсылық та, не сұм арамдық та бар. Онда
бардың   бәрі   кіршіксіз   өнеге   емес.   Сол   себепті   оған   сын   көзбен   қарап,   ұнамды   жақтарын   таным
таразысына салып дұрыс пайдалана білгеніміз жөн.
Ғылыми   сараптауларда   ғаламтор   адам   баласының   өмір   сүру   дағдысына,   тұтас   рухани   әлеміне
ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда.  Сондықтан оны пайдаланғысы келген
адам   ондағы   бар   болған   мүмкіндіктерді   тек   өз   қажеті   үшін   адасып   ағат   кетпей,   денсаулығына,
қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн. Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата
алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау
жоқ. Өйткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мәдени деңгейі мен талғамы,
түсінік-пайымы оны дұрыс я бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай.
Бұл   күндері   араққа,   темекіге,   есірткіге   құмартқан   секілді   компьютерге   құмартушылар   яғни
«компьютер  соқтылар  да»  пайда   болды.   Компьютерге,   ғаламторға   тәуелділік   арақ,   темекі,   есірткі
құмарлық сияқты адамды алжастырып, оны сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып қызықтыратын, адам
психикасына, денсаулығына кері әсер ететін жаңа дертке айналды. Сол себепті сиқырлы да сырлы көк
103

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
экранды ашарда мақсатыңыз әрқашан алдын ала айқын болсын, яғни оны еңбек етіп, мағыналы іс
қыларға   татырлық  тұста   орынды  пайдаланып,   одан  тыс   уақытта   жүйкеңізді   босқа   шалдықтырып,
уақытыңызды ұрлап тоздыратын мағынасыз бос мылжың, орынсыз ойындардан аулақ болғаныңыз
жөн. Міне мұны тек өзіңіз ғана біліп қоймай, әсіресе, өмірге көзқарасы әлі толық қалыптаса қоймаған
жас   буынның  санасына   да   мықтап   сіңіру  сіз   бен  бізге   бұлжымайтын   міндет,   ағабуындық   борыш
болуға тиіс.
Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары
даусыз.   Қазіргі   уақытта   өте   аз   сандағы   тектеп-тежеуден   тысқары   қалған   жастар,   әсіресе
жасөспірімдер компьютер мен ғаламтордағы жасанды, ғажайып, қияли әлемге кіріп алып, мынау реал
дүниеден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Осындай жасанды, қыяли әлемдегі өмір
өсер ұрпақтың дене тұлғасы мен ақымақ, мұралдық жақтарынан ақаусыз өсіп жетілуіне кері әсерін
тигізетін орасан зор құбыжық құбылысқа айналды.
Қазір   қолы   сәл   босай   қалса,   өзінің   бүкіл   бос   уақытын   мағынасыз,   бұралқы   компьютерлік
ойындарға  сарп етіп, жасанды қыяли әлемге  неғүрлым  тез еніп кеткісі келіп асығып тұратын, өз
еркіне өзі ие бола алмайтын жүике жүиесі нашар аз сандағы тежемсіз адамдар, әсіресе жастар мен
өспірімдер   арасында   компьютер   соқтылық   ауруына   шалдыққандар   пайда   болды.  Сондықтан   біз
ғаламторды еріккеннің ермегі деп санамай, оны әр адамның жас ерекшелігі мен қызмет қажетіне
қарай, өз лайығында, дұрыс әрі тиімді пайдалана білу мәдениетін шынайы қалыптастыруымыз қажет.
Қазір әуелі ішінара іс басында отырған ұлтымыз уәкілдері мен атқа мінер азаматтарымыздың өзі
компьютер   мен   ғаламтордан   ойдағыдай   игіліктеніп   жүргені   жоқ.  Олардың   кей   бірінің   сауаты
мықтағанда   компьютерді   ашып-жабумен   ғана   шектелсе,   ал   кей   біреуі   бұл   техникадан   сауатты
болғанымен   қызмет   үстіндегі   тұтас   бос   уақытын   қарта   ойнаудан   я   болмаса   ғаламторда   белгісіз
біреумен   қысыр   кеңес   құрып,   қажетсіз   күлкімен   өзін   алдап   күн   өткізуден   ары   аса   алмауда.   Егер
күнделікті өмірде әрқандай адам компьютер мен ғаламторды өз игілікті ісі үшін ғылыми түрде оңды
пайдалана білсе онда ол ғаламдық дамуға бастайтын ғажайып құрал ролін атқардады да, ал керісінше
болғанда адамдарды өзіне еліктіріп баурайтын ойыншық құралдың ролін ғана атқаратын болады.
Қысқасы компьютер мен ғаламторды қандай ой-талғамда қалай пайдалану, әр азаматтың өз білім-
деңгейіне, еркіне, адамдық арына, кісілік ұстанымына байланысты. Егер пайдаланушы өзін дұрыс
арнаға салып тежеп-тектей білмей компьютер мен ғаламтордың жетегіне орынсыз ерік берсе, қажетін
алып, қабілетін өсіре алмай, мағынасыз қысыр кеңес, бұралқы ойдың бұйдалауымен өз өмірін өзі
ойыншық етіп азып-тозатын, саналы ғұмырын, алтын уақытын құр сандалыспен қор етіп өткізетін,
денсаулығынан  айырылып  айықпас   дертке   душар  болатын  болады.  Ал  дұрыс   мақсатта   пайдалана
білсе компьютер мен ғаламтор адам өмірін әрлендіріп, кісілік құнын жоғарылатып, ғылым төріне
жетелейтін ғаламат құрал. 
Өнер, білім бар жұрттан,
Тастан сарай салғызған.
Айшылық алыс жерлерден, 
Жылдам хабар алғызған, - деп Ыбырай атамыздың айтқанындай қазіргі таңда ғаламтор арқылы
әлемдік хат алмасуға да болды.
Қазіргі   заманда   ғаламторсыз   өмірді   елестету   мүмкін   болмай   барады.   Хат   алмасу   да     ғаламтор
арқылы дүниенің тұтқасына айналды. Ғаламтор саяси құрал үшін таптырмас дүние болып шықты.
Қазақстандағы ғаламторлың дамуы елді тұтастыруға, ұйыстыруға ықпал етіп отыр.
Жаһандану   дәуірі   ҒТР-дің   (ғылыми   техникалық   революция)   шырқау   шегіне   шыққасын,   қазір,
еңбектеген баладан еңкейген қартқа  дейін жұмысы ғаламторсыз жүрмейтін болды.  Елуді  егделеп,
алпысты алқымдап, тіпті, жетпісті желкелеп қалған кісілерді де агенте хат алмасып отырганын көріп
қаламыз. Бұл да болса жаңа заман талабы.
       Балалар интернетті ақтарып отырып, оларға кіріп кетеді. Егер ата-аналары қадағаламаса, бұл
оларға үлкен шығын алып келуі ғажап емес. Бұдан басқа интернеттегі бұзақылар, мәселен, хакерлер
балаға шабуыл жасауы мүмкін.  Негізінен, қазір балалардың көбі кітаптан алшақтап барады. Менің
оларға берер кеңесім: компьютермен қатар бір мезгіл кітап оқу да – пайдалы дүние. 
Екіншісі  –   білім   беру   компанияларын   дамыту.   Яғни   әрбір   ата-ана,   ұстаздар   қауымы   балаларға
ғаламтордағы кейбір сайттардың зияндылығы туралы айтып отыруы керек.
Ал балаларды қорғау агенттігінің хабарлауынша, балаларымыздың 16 пайызы ресейлік сайттарды
тұрақты пайдаланады. Бұл сандарға қарап, әрине, ғаламтордың балалар психологиясына қаншалықты
104

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
соққы беріп жатқанын көруге болады.
Сондықтан әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балаларды осындай кері дүниелерден сақтау үшін арнайы
шара қолданып, ғаламторды үнемі бақылап отыруы тиіс.
Ғаламтордағы онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады.
Осы   ойындарды   бала   ойнап,   оның   психологиясына   қандай   жаман   әсер   беретінін   өздерімізде
білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық,
тіпті   қылмысқа   да   баратын   болады.   Қалалы   жерде   ақша   табу   үшін   компьютерлік   ойындарды
жарнамалап,   оқушы   балаларды   өздеріне   тарта   бастап,   жаман   қылықтарға   бағыттайды.   Онлайн
ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес,
қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды
ойнағанша,   далада   таза   ауа   жұтып,   көпшілікпен   көңіл   көтеріп,   денемізді   шынықтырып,   сау
болғанымызға не жетсін.
Дегенмен   де   интернеттің   жақсылықтарымен   бірге   келеңсіз   жақтары   да   барын   естен
шығармағанымыз жөн. Ғаламторға қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер
алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар,
сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады
және   қимыл-қозғалысына,адам   психологиясына   да   әсер   етеді.  Сезімдік   нерв   жүйесі   ауруларына
шалдығады. 
Ғаламтор   желісіне   жүгініп,   үйреніп   кеткен   бала,   яғни   интернет   арқылы   хат   алысып,   сөйлесу-
баланың   айналасындағы   адамдармен   бетпе-бет   сөйлесуіне   де   әсер   етеді,   сөйлеу   мәдениетінен
айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы-
ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде
шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке
кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. 
Қорыта келгенде, қай халық болса да, өзінің дамуында қилы-қилы жолдардан өтеді. 
Ғаламтордағы   болған   құбылыстардың   терең   тылсымына   үңілуде   адамзат   баласы   талай   -   талай
ғасырларды   артта   қалдырып,   бай   тәжірибелер   жинақталады.   Ғаламтордағы   кұбылыстарыдың   өзі
кейде адамзат сенгісіз немесе тіпті түсініксіз болып жатады. Ерте заманның өзінде - ақ дүниенің
жаралуы   табиғаттың   түрлі   құбылыстары   туралы   адамның   өзіндік   көзқарасы,   түсінігі,   зерттеулері
болды. Ғаламторда болып жатқан кейбір азамзат және  табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып
көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды
терең зерттеп меңгеруі керек
Ғаламтор - болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық   әлем   жаңалығын   тастайды   –   дегендей   қазіргі   заман   талабына   сай   барлық   жастар
ғаламторға тәуелді болғандай. 
Жастарға арнаған сөзінің бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біздің жастарымыз оқуға, жаңа
ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер
де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен
қамтамасыз етуіміз керек” деген болатын.  Бүгінде ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің пайда
болғаны   жасырын   емес.   The   Independent   басылымының   мәлімдеуінше,   адамның   ғаламторға
тәуелділігі   ішімдік,   кокаин   немесе   марихуанаға   тәуелділікпен   бірдей   екен.   Негізінен,   компьютер
тұтынушыларының   5-10   пайызы   ғаламторға   тәуелді.   Ересектерді   былай   қойғанда,   бұл   күнде
жасөспірімдер мен бүлдіршіндер де ғаламтор атты шексіз әлемге байланып отыр. Өкінішке қарай,
елімізде ғаламтордан зиян шеккен балалар туралы дерек жоқ. Өйткені ел аумағында арнайы зерттеу
жұмыстары жүргізілмейді екен. Әйткенмен мектеп жасындағы балалар әрқилы әлеуметтік желілердің
тұрақты   «қонағына»   айналғалы   қашан.   Тіпті   сабақ   үстінде   ұялы   телефон   арқылы   хат   алысатын
оқушылар да жеткілікті.
                Өзгесін   былай   қойғанда,   балалар   ғаламтор   арқылы   бейтаныс   жандармен   танысып,
«сәбиқұмар» жауыздардың құрбанына да айналып жүр. Оның үстіне сіз бен біз тұтынатын ғаламтор
әлемі озбырлық пен асқан қанішерлікті де кеңінен насихаттайтыны жасырын емес. Тіпті ғаламтор
арқылы баланы суицидке итермелейтін жандар да бар. Ал ата-ана баланы интернеттен қорғай алмай
әлек. Шыны керек, бүгінде балалар ғаламтор арқылы таратылатын түрлі ақпараттан сақтанып отыр-
105

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ған жоқ. Бүкіләлемдік желі балалар үшін қауіпті екені де түсінікті жайт. 
«Шет елдің ойынына ей, құнықпа!
Кей клубтар айналды ғой «гей клубқа».
Лә иләхә иллалламен ішкі сарай,
Есіктерін мықты етіп сен құлыпта!» деген дұрысырақ па деймін.
Ғаламторға,   оның   ішінде   қоғамдық   желілерге   тәуелді   жастар   ғалымдардың   соңғы   зерттеулері
бойынша   осы   әуестігі   нәтижесінде   өзіне   деген   сенімділігін   жоғарылатады   екен.   Психологтар
қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете
алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді.
Кейінгі   кездері   күйіп   тұрған   отбасы   мәселесінің   бірі   –   баланың   ғаламторға   тәуелділігі.   Кеңес
дәуірінде жеткіншектерге арналған түрлі тегін үйірмелер мен аула клубтарының орнын компьютер
клубтары басқалы қашан. Кейбір ата-ана баласының бос уақытында компьютерлік клубтарға баруына
рұқсат   береді.   Дәрігерлер   мен   психолог   мамандардың   жан   айқайы   түптің   түбінде   баланың
«наркомания» сияқты бұл тәуелділіктен де арылуына мезгілдің өте кеш болатынын ескертеді.
Астанадағы психологиялық жәрдем беретін дағдарыс орталығына қиын баланы тәрбиелеп отырған
ата-аналар жиі жүгінеді. Көбі баласының сабаққа барғысы келмейтінін, тіпті, «мектепке кеттім» деп
алдап, таңертеңнен кешке дейін қыдырып жүретініне алаңдайды. Зерттей келе, мұндай балалар қара
кешке дейін компьютер клубтарында бас алмайтыны белгілі болып отыр.
Мамандардың айтуынша, бала компьютерлік ойындардың қызығына 4-5 жасынан бастап үйренеді.
Егер, осы бастан жүгендемесе, бұл есейгенде   құмар ойындарына түбегейлі тәуелділікке апарады.
Олай дейтін себебіміз, бұл орталыққа «тәуелділіктен» арылуға жәрдем сұрап келгендердің қатарында
жоғары сынып оқушылары, студенттер, тіпті букмекерлік кеңседен қалай құтылудың жолын сұраған
атпалдай азаматтар да бар. Яғни, ХХІ ғасырдың «жетістігі» барлық жастағыларды өзіне баурап алған.
Бұл өз кезегінде бүлдіршіндердің психологиясына кері әсер етсе, мектеп оқушылары қажетті білімді
игеруде артта қалғаны былай тұрсын, тәрбиесі тым төмендейді. Ал ересектер соңында ақшасынан,
жұмысынан, тіпті отбасынан да айырылып жатады.
Бұл   мәселеге   ата-аналардың   бей-жай   қарамағаны   жөн.   Компьютер   ойнайтын   баланың
психологиясында   көп   өзгеріс   болады.   Бойында   іштей   қарсылық,   көңіл   күйінде   ауытқушылық,
ырықсыздық   пен   агрессияшылдық   билейді.   Сондықтан,   баласының   болашағын   ойлайтын   ата-
аналардың бәрі қауіпті дерттің алдын алған жөн. Баланың бос уақытын тиімді пайдалану үшін ақыл-
ойды дамытатын үйірмелер мен білім беру орталықтарына жаздыртқан абзал. Әйтпесе, «батпаңдап
кірген аурудан» құтылу қиындық тудырмасына кім кепіл болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
24.
 Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
25.
Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
26.
www.eycb.coe.int/compass/ru/contents.html.
27.
София: Рукописный журнал Общества ревнителей русской философии   Выпуск 2-3, 2001 г.
Редактор Б. В. Емельянов.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет