Семинар өткізілді 2-бетте 6-бетте 7-бетте Ғаламшар болашағы өз қолымызда



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2017
өлшемі11,86 Mb.
#6086
түріСеминар
1   2   3   4

Әйгерім ҚҰРМАНӘЛІ, 

Студенттік медиа клуб мүшесі

М І Н Б Е Р



Тарихта дүбірлеп өткен Жошы, Алаша хандардың, Едіге батырлардың ізі қалған 

сахарадағы қасиетті өлке – Ұлытау жері. Қазір сол жерде « Мәңгілік ел» болуға 

бағыт, жарқын болашаққа бет алған ел орнықты. Ол ел ғасырлар ғадауатынан аман 

өткен Қазақ дейтін халық еді. Азат халықтың басшысы Н.Ә.Назарбаев ұлы даланың 

төрі, ұлық мекен Ұлытауға барып сұхбат берді. Сұхбат біршама мәселелерге 

арналып, көкейдегі сан сауалдың жауабын берді.

Сұхбаттың сырына бойласақ, ұғатынымыз 

туырлығы тура ел болудың алғышарттары: 

тіл, дін, жалпы руханият, сондай ақ өндіріс 

саласы, демография, экономика және эконо­

мика тұрғысынан құралған Еуразиялық одақ 

бірлестігі туралы көкейтесті мәселелер айты­

лып, тұшымды ой қорытылған.

Осы келелі мәселелер ішінде тіл мәселесіне 

тоқталды. Қисынды тілдің қиюларын 

келістіріп, яғни көп ұлттың басын біріктіріп, 

бір туырлықтың астында ынтымақтасып тұру 

оңай емес. Сондықтан атой салмай, ақырындап 

өзгелерді өз жетегімізге алу дұрысырақ емес 

пе?! Ұлт көшбасшысының меңзегеніне біз де өз 

пікірімізді тоғыстырамыз. 

Соңғы кездерде тілді қазақыландыру үрдісі 

жақсы­ақ. Алайда асыра сілтеп, халықаралық 

терминдік сөздерді қазақша аудардарамыз 

деп, жұртшылыққа белгілі мағынасынан мүлде 

бөлек сөздер жасалып жатыр. Елбасы атап 

өткен «пианино» терминін «күйсандық», 

«композитор» сөзін «сазгер» дегеніміз секілді, 

жаңсақ аудармалар жетіп жатыр. 

Ата­бабаларымыз өз заманында орыстан 

келген сөздерді дыбыстық тұрғыдан өзгертіп, 

бөшке, самаурын, кереует деп қолданған. Сол 

тәсілді қазірді жалғастыру керек. Тіпті орыс 

халқының да испан, итальян, грек, француз 

сөздерін сол қалпы, бірақ дыбысын ыңғайлап 

алған. А.Байтұрсынұлы: «Жөнге тілдің өзіндік 

табиғаты тартуынша әрқайсысын өз орнына 

қойған. Тілдің өзінің қойған орнын басқа 

орынға қойса, онда ол қойғанымыз тілше бол­

майды. Ол тілше болмаған соң оның түбі ол тілді 

бұзу, өзгерту болады» деген. Сондықтанда тілді 

бұзбайтын, қайта байытатын тәсілдерді тапқан 

абзал. Осы термин тұрғысында келелі бір 

мәселе: «Қазақстан Республикасы» атауының 

айналасында да сан түрлі пікірлер орын алып 

отыр.  «Қазақ елі», «Қазақ Республикасы» деген 

ұсыныстар айтылып жүр. 

Жалпы осы айтылған мәселелердің бір 

көздеген бағыты не? Қайда бағытталады? Ол 

бағыт Мәңгілік ел бағыты. Ұлт ретінде жа сам­

паздыққа, мемлекет ретінде тұтастыққа бет 

алу. Ел Президенті де өз ойын осы көзделген 

бағытпен аяқтайды. Мәңгілік ел болу бүгін 

туа қалған бастама емес, ол – бабалар арма­

ны.


Дүниені дүр сілкіндірген небір ұлы ұлыстар 

«Мәңгілік Ел» болуды мақсат еткенімен, оны 

жалпы халықтық мұратқа, ұлттық игілікке, 

ұрпақтық ұранға айналдыра алмаған. Дегенмен, 

мәңгіліктікке қол созып, белгілі бір дәуірлеу 

кезеңдерін бастан өткерген. 

Ұлттық иделогияны біршама биік деңгейге 

көтерген тұлғалардың бірі ­ түркілік дәуірде 

өмір сүрген Туұлы Бумын (Момын) қаған бо­

латын. Ғасырлар бойы өзге халықтың тепкісі 

мен езгісінен зорлық­зомбылық көрген халқын 

азаттыққа шақырып, дербес Тәуелсіз Мемле­

кет орнатып, елін «Мәңгі Ел» деп жариялауға 

ұмтылды. Бумын жылдар бойы үстемдік көрген 

халқын азат күнге жеткізгенде, халқының 

басын бір туға біріктіргенде «Біз бұрынғы 

бабаларымыздың қателігін қайталамаймыз, 

олардай мемлекетіміздің құлауына жол 

бермейміз, мәңгілік етеміз» деген ұранмен 

елдерін «Мәңгі Ел» деп атады. Бұл тарих. Алай­

да тарих жалғасын таба бермек. Мәңгіліктіктің 

туын тұғырлы етуге талпынуда. Сол идеоло­

гияны XXI ғасыр нұсқасымен заңды түрде за­

манауи жалғауда. 

Осы орайда Қазақ мемлекеттігінің 550 

жылдығын атап өту жөнінде Елбасының 

ұсынысы тарихының тамыры тереңде жатқан 

қазақ елінің абыройын асқақтатып, әлемдік 

деңгейдегі мерейін асқақтата түсетіні сөзсіз. 

Мәңгілік елдің болашағы өткенді дәріптеу мен 

ұлықтаудан басталады. 

«Мәңгілік Ел» идеясын көтерген қазақтың 

ұраны – Тәуелсіз Қазақстан аспанында 

құлаштап тарасын. Міндетті түрде бұл бағыт 

ха лық үшін игілікті болады, мұратқа жеткізеді.

 

Ұлмекен ЛЕСБЕКОВА, 



Студенттік медиа клуб мүшесі

Ел тарихынан бастап тіл тағдыры, 

діннің жай­жапсары, экономика мен 

саясаттың өзекті де өткір мәселелері 

төңірегінде өрбіген өрелі әңгіме халық 

көңілінен шықты. «Тарихын білмеген 

ұлттың болашағы бұлыңғыр. Мысалы, 

керемет үлкен еменнің тамыры терең 

болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. 

Сондықтан тарихымызды таныту үшін 

қазір көп нәрсе жасап жатырмыз», – деп, 

туған жердің тарихын насихаттауға ерек­

ше көңіл бөлді. Ата­бабаларымыздың 

қанымен, жанымен келген ұлан­байтақ кең 

даламызды, қойнауында тұнған тарихты 

ұмытпауды, оны ұмытсақ  тамырымыздың 

солатынын ескерте отырып осыған абай 

болуға шақырды. Елбасы: «Тіл туралы 

заңды қолданып, өзімізбен өзіміз қазақша 

сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл 

сөйлеуіміз керек. Тілдің майын тамызып 

сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз ке­

рек», – деп ойын ашық айтты. Шынында,  

анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған 

туған  тіліміздің болашағы әрбір азаматтың 

өз қолында екені рас. 

Өзінің ерекше әуезі, сазы бар ғажайып 

тіл,  кез­келген жанды баурап алатын тіл­ 

біздің тіліміз, біздің мақтанышымыз. Өз 

тілімізді құрметтеумен қатар өзге тілді білу, 

дүниенің барлығы қолда бар заманда тілді 

сақтау үшін де, жаһанданудың иіріміне 

түсіп кетпеу үшін де, жұрттан қалмау үшін 

де өзге тілдерді білу қажет екенін айтады. 

Ұлытаудағы әңгіме Елбасының түрлі 

мәселеге қатысты қадау­қадау пікірлерін 

білдіріп,  сүбелі ойымен бөліскен салиқалы 

сұхбат болды.Ел ертеңіне алаңдайтын 

алашшыл жастар үлгі алар сырласу болды.

Үміт ОҢЛАСЫН, 

Студенттік медиа клуб мүшесі

Сүбелі ойдың 

салиқалы сұхбаты

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

Жезқазғанға жасаған сапары 

барысында бұқаралық ақпарат 

құралдарына сұхбат беріп, ұлағатты 

ойларын Ұлытау төрінде ортаға 

салды. Өз сөзінде дінді де,тілді де, 

ділді де тиек еткен Елбасымыздың 

киелі жерде айтқан ойлары, барша 

қазақстандықтарға, әсіресе өскелең 

ұрпаққа рух беріп, жаңа белестерді 

бағындыруға шабыттандырды.

Сан сауалдың жауабын алдық

Жастардың рухы асқақ, 

мақсаты айқын

Ұлылықтың үлгісі – Ұлытау

ТОЛҒАМДЫ ОЙ



6

6

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№12 (119)

29 қазан


2014 жыл

Т А Ғ Ы Л Ы М



Қай заманда да, қай қауымда да ұстаз 

әрдайым ұлағатталып келген, әрбір 

шәкірттің жылдар бойы тәлім алған 

ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, 

жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Сол 

заңдылыққа сай Айымкүл Көпжасарқызы 

Меңжанова шәкіртін заманының маманы 

қылып дайындап, болашаққа мақсат қоя 

білуге сенім ұялатқан зор тұлға ретінде 

әріптестерінің, шәкірттерінің жүрегінде 

парасаттылығымен сақталған. 

А.К.Меңжанова Жамбыл қаласында 

1934 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Зерек 

Айымкүл алғашқы педагогикалық білімін 1949–

1953 жылдар аралығында Абай атындағы Жам­

был педагогикалық училищесінен алады. 1958 

жылы С.Н.Киров атындағы ҚазМУ­дың фило­

логия факультетін бітіреді. 1968 жылға дейін 

мектептен педагогикалық тәжірибе жинап, 

сол кездегі педагогика ғылымындағы өзекті 

мәселелерді түйіндеп, педагогтың ғылым жо­

лын таңдауына себеп болады. Сөйтіп 1963–1968 

жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы 

педагогикалық ғылымдар ғылыми зерттеу ин­

ститутында аспирантураны оқып, 1973 жылы 

кандидаттық диссертациясын қорғады.

Білім беру саласындағы педагогтың 

шығармашылығы бүгінгі Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық институтының тари­

хымен сабақтас, осы парасат мектебімен біте 

қайнасқан ғылыми еңбектері, шығармашылық 

мұрасы жеткілікті. Бүгінгі таңда 45 жылға жуық 

тарихы бар «Мектепке дейінгі оқыту және 

тәрбиелеу» мамандығы бойынша қызметін 1971 

жылдан лаборанттық, оқытушылық қызметінен 

бастап, 1978 жылы доцент, ал 1993 жылы мек­

тепке дейінгі білім беру саласындағы алғашқы 

Менің өмір жолымда кездескен, қазір 

бақилыққа кетсе де өміріме өшпестей із 

қалдырып, жүрегімнің төрінде мәңгілікке 

ұялаған асыл ұстазымның бірі – Айымкүл 

К ө п ж а с а р қ ы з ы   М е ң ж а н о в а .   А й ы м к ү л 

апай бейнесінен бір тектілік, зиялылық, 

ақсүйектік есіп тұратын, ерекше жан болатын. 

Жан тазалығы мен сұлулығы, сабырлылық 

пен ақылдылығы байқалып тұратын ойлы 

көзқарасы, ашаң да ақсары байсалды жүзі, 

түйілген қою қара шашының бетінде жоғары 

қарай ақ сызық боп түскен бір шоқ ақ 

шашының өзі, адамның құлағына жағымды 

болып естілетін нәзік қоңыр дауысы, қалам 

ұстағанда ерекше әдемі болып көрінетін ұзын да 

салалы, түп­түзу саусақтары бәрі­бәрі ол кісіні 

зиялы етіп көрсететін. Апай нәзік талғаммен, 

сәнді, педагогикалық келбетке сай киінетін 

кербез жан еді. Дәріс беру үшін аудиторияға 

кірген оның әрбір қимыл­қозғалысы, жүріс­

тұрысы, сөйлеген сөзі, киген киімі, өзін­өзі 

ұстауы, сұрақтарға жауап берісі, сұрақ қоюы, 

Жадымда тұрар 

жаңғырып...

Ұлағатты ұстаз – 

мәңгілік шәкірт 

жүрегінде

Ұрпақ тәрбиелейтін мамандар даярлауда 

Қазақстан Республикасының жоғары 

оқу орндарының ішінде елімізде ғана 

емес, ТМД елдері арасында тек аруларға 

арналған баламасыз бірден-бір жоғары 

білім ордасы – Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің орны 

бөлек қара шаңырақ. Қыздар университеті 

қазақ аруларының шамшырағына 

айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған 

мыңдаған жандардың үкілі үмітін ақтаған, 

студенттері жақсы оқумен қатар, әндері 

және билерімен үлкен сахналарды 

әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді 

таңғалдыруда. 

Әмбебап маман

барлығы біз, білім іздеп астанаға келген өрімдей 

жас қыздар үшін үлгі, мәдениеттің бастауы 

сияқты әсер ететін. Тіпті кейін қарамағында 

жұмыс істеген кезімде ол кісінің қандай да бір 

ісіне немесе сыртқы келбетіне тәнті болып, 

қарапайым қолпаш сөз айтқанымда, қысыла 

күлімсіреп: «Рахмет, сіздерге ұнауға тырыса­

мын» деген сөзінің өзі де мен үшін ол кісінің 

үлкен әдеп иесі екенін танытқандай . Осы 

орай да есіме М.Ғабдуллиннің «Мұғалім өзінің 

білімділігімен, жүріс­тұрысымен, жайдары 

мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де 

оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» 

деген сөзі түседі. 

Ғылым талмай ізденуді, табандылықты, 

еңбекқорлықты, сабырлылықты талап ететіні 

аян, осындай еңбекқорлықтың үлгісін мен 

өз ұстазымның бойынан көрдім және ол 

күні бүгінге дейін көз алдымда. Кітапханаға, 

кафедраға шақырып, тіпті жексенбі күндері 

жатақханаға кезекшілікке келген кездері де 

тақырып бойынша бірге жұмыс істеуден, өз 

білгенін үйретуден шаршамайтын еді. Кей 

күндері өзімен бірге қазіргі ұлттық кітапханаға, 

саябаққа, үйіне, асханаға да алып кететін, 

апайдың қоңыр портфелін көтеріп соңынан 

еріп бара жататыным өзім үшін студенттік 

өмірден қалған жадымдағы бір жарқын естелік 

десем де болады. Айымкүл апайдың баулуымен 

институт қабырғасында өткен жылдарымның 

жәй бар білімді игеріп қоюмен ғана емес, 

ізденумен, жаңаны танып­білумен өткеніне, бос 

өтпегеніне ішкі жан­дүниемде бір ризашылық 

сезім әлі күнге дейін тұрады да қояды. 

Ұстазымның жетекшілігімен Таллин, 

Горький қалаларында өткен Бүкілодақтық 

студенттердің ғылыми­практикалық конферен­

циясына қатыстым. Жүйелі түрде айналысқан 

осы кішкентай жұмысымды дипломдық 

жұмысқа айналдырып, сәтті қорғап шықтым. 

Ұстазым туралы шағын естелік әңгімемді 

А.Македонскийдің «Мен ұстазыма әкемнен 

кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал 

Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы 

білім алдым» деген сөздерімен аяқтағым келеді. 



Гүлжан  ӨТЕБАЕВА,  

Қазақстан-Британ техникалық 

университетінің  сениор-лекторы  

Осы нұрлы дүниедегі ұстаз бен шәкірт 

туралы сөз қозғауда халық ақыны Мұзафар 

Әлімбаев айтқандай: «Шәкіртке ұстаз 

болу – ірілік, ұстазға ұстаз болу – ұлылық» 

деген ұғымның астарында терең сыр жатыр. 

Осындай халық арасындағы «ұлы ұстаздардың 

бірі» болған аяулы жар, ардақты ана, көркем 

де көрікті әже, танымал талант иесі, ақын, 

сазгер, шебер де білікті, парасатты тәлімгер 

Айымгүл Көпжасарқызы Меңжанованы 

шәкірттік жүрекпен ерекше еске аламыз. 

«Мұғалім – шәкірттердің екінші анасы» 

десек, А.Көпжасарқызы әрбір шәкіртке ана­

сы сияқты қарап, өзінің білім нәрімен сусын­

датып, бойындағы барлық жақсы қасиеттерін 

дарытуға тырысатын. Шәкірттерінің 

жетістіктеріне масаттанып, кемшіліктеріне 

күйінетін. Бірде сәті түсіп қызмет бабы­

мен қоңырау шалып хабарласқанымда ол 

кісі маған: «Үйге кел, менің шәкірттерім 

келеміз деп еді, сен де солармен бірге бол, 

менің «Педагогикалық пәндерді оқыту 

әдістемесі» деген еңбегім Республикалық 

б а с п а   к а б и н е т і н е н   ж а р ы қ қ а   ш ы қ т ы 

соны алып келеді, бір данасын өздеріңе 

беремін», – деген соң, қуана жүгіріп үйіне 

келдім. Келген бетте ашық жасыл түсті, ою­

өрнекпен безендірілген әдемі кітапты алып, 

сыртқы мұқабасын бір сипап алды да жазу 

үстеліне беттеді, салмақты, сабырлы жүзімен 

күлімсірей, мейірлене, үлкен мөлдір көздерін 

төңкере біздер жаққа бір қарап алып, өлең 

жолдарымен автограф жазып берген еді. 

Бізді таңдандырғаны бір сәтте, табан астында 

кітапты ала салысымен қолма­қол шығарған 

шумақтардың әр адамға тиесілі сыр­сипатын 

аша білгендігі ұстаздың дара талант иесі 

екендігін, және шәкірттеріне деген шынайы 

ықыластың белгісі деп қабылдадық.  

 Студент шағымызда есімде қалған «Ұстаз 

келбеті» атты шығарма жазғанымызда, ол кісі 

туралы айтылған ой­пікірлерден үзінділер 

келтіре кетуді жөн көрдім.

«Индира Ганди тәрізді сарабдал, сырбаз, 

келбетті, көркем мінезді­ұстаз, ол кісінің ал­

дынан студенттер еш уақытта кесе­көлденең 

жүгіріп өтпей, ұзын дәлізде күтіп тұрып жол 

беретін еді» деп жазылса, енді бір шығармада: 

«Ұлағатты ұстаздың киім­киісі көркем, 

өзіндік үйлесім мен үндестік тауып тұратын 

сәнді, жүріс­тұрысы мәдениетті, студент­

терге сіз деп, ілтипат көрсете сөйлейтін» деп 

жазылған жолдар ұстаз келбетін айқын ашып 

береді. 

Шәкірттерінің «Сыртқы кескін келбеті 

келісті, ішкі жан­дүниесі таза, иманды, 

адамгершілік қасиеті мол, иегінің оң жақ 

үстіне қарай орналасқан меңі өзіне жара­

сымды әр беріп, толқынды қою қара шашын 

желкесіне сәнді жинап, түйіп қоятын, кез­

келген адамда кездесе бермейтін өзгешелігі 

бір топ ақ шашының қас маңдайында ша­

шырата орналасатындығында, сол әр шаш 

талында күннің құдіретті сәулесі тәрізді 

жылылық нұры сеуіп тұратын тәрізді» деп 

таңдана да, тамсана жазуы ұлағатты ұстаз 

А.К.Меңжанованың  шебер ұйымдастырушы, 

білікті ұстаз екендігін танытады. 

Фатима ЖҰМАБЕКОВА, 

п.ғ.к, Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия Ұлттық университетінің доценті

профессор ғылыми дәрежесіне ие болады. 

1978­1997 жылдарда «Мектепке дейінгі педа­

гогика» кафедрасының меңгерушісі қызметін 

атқарады. Қазақстанның мектепке дейінгі 

педагогика ғылыми мектебінің іргетасын 

қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым, оның 

ғылыми зерттеулері тек қана Қазақстанда емес 

бүкіл Кеңес Өкіметіне таралған.

70­80 жылдары елімізде енді ғана мек­

тепке дейінгі тәрбиеге бет бұра бастаған 

тұста Айымкүл Көпжасарқызы бала кезінен 

еңбекке ерте араласқандығынан болар, мек­

теп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет 

арқылы еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу, 

сәби шақтағы балалардың дамуы және 

тәрбиелеу әдістемесіне арнады. «Балаларды 

көркем шығармалар туындылары арқылы 

адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу» 

атты монографиясы (1991) жарыққа шықты. 

Бұл еңбектердің осы күнге дейінгі өзектілігі 

жоғалтпай, студенттердің, магистранттардың 

көмекші құралы болып келеді. 

Кафедраның меңгерушілік қызметін 

бастағаннан кейін бар­жоғы 4 жылдың ішінде 

«Мектепке дейінгі педагогика» (1982) қазақ 

қыздарының ана тілінде дәрістер жинағын 

шығаруға кафедраның педагогикалық ұжымын 

тарта біліп, бүгінге дейін әрбір студенттің 

қолданыстағы құралы болып келеді. 1971–

1990 жылдары мектепке дейінгі оқыту және 

тәрбиелеу мамандығында білім алушы­

лар «Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. 

Педагогикалық училище мұғалімі» біліктілігін 

алып шығады. «Педучилищеде педагогикалық 

практиканы ұйымдастыру және өткізу» (1988), 

«Сабақ – педагогикалық училищеде оқу 

процесін ұйымдастыру формасы» (1991), 

«Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі» 

(1996), «Тәлім­тәрбие жұмысын ұйымдастыру» 

атты оқу­әдістемелік құралдары студенттердің 

көмекшісіне, кеңес берушіне айналып, терең 

теориялық, практикалық даярлықпен келуі, 

сол кездің бәсекелестігіне төтеп беруіне себеп 

болды. 

А.К.Меңжанованың ақындығы балалық 



шағынан басталған. Ананың балаға махабба­

ты, бақытты балалық шақ, туған жер, әріпті 

таныту туралы балалар түсінігіне лайықты 

жазылған өлеңдері бала тәрбиесінде айрықша 

үлес қосатын еңбекке айналып, ұстаздардың 

көмекші құралы болды.  «Бұл қай әріп?» (1968), 

«Шұғыла» (1977), «Шырықтарым» (1977) 

өлеңдер жинақтарында ақынның ақ тілегі, үміт­

арманы, табиғаттың сұлулығы көрініс тапқан. 

 Ғалымның сазгерлігінен сөз қозғасақ, 

«Қоңырау», «Біз мектепке барамыз» әндер 

жинағы мектепке дейінгі және бастауыш 

мектеп оқушыларына арналған. Осы бір 

қырынан танылып, өмірде ақыл­парасат пен 

1980 жылдары «Қоңырау» (1982 ж.) әні сол 

кездегі мектептің алғашқы қоңырауының 

ұранына айналды. Ойнақы да, ойлы әндері 

балалардың жан серігі болып, «Тазалық тың 

досы», «Болайықшы осындай», «Балдырған дар 

биі» атты өлеңдері олардың қимыл­әрекетін 

дамытып, көңіл­күйін көтеретін, қарапайым 

еңбек дағдыларына, тазалыққа, адамгершілік 

қасиеттерге, жақсылыққа баулиды. Бұл әндерді 

студенттер үшін мамандыққа жақындатудың бір 

әдісі ретінде қолдана білді.

Сайра ЖИЕНБАЕВА,

п.ғ.д., профессор, 

Педагогика және психология 

факультетінің деканы

Адам баласы ес біліп, мектеп 

табалдырығын аттауынан басталған 

өмір жолында оң-солын танып-

білгенше бірқатар ұстаздар алдынан 

өтеді. Солардың ішінде өз өмірінде 

ерекше із қалдыратын, өмірлік 

ұстанымдарының қалыптасуына, 

жалпы адами бейнесінің сомдалуына 

әсер ететін ұстаздар да кездесері 

даусыз. 


7

7

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№12 (119)

29 қазан


2014 жыл

Р У Х А Н И Я Т



Ес дәптер

Қолөнер – көздің нұры, көңілдің 

сыры, ақынның жыры, бабаның 

үні, ананың тілі, сұлудың сыны, 

өнердің құны, дәстүрдің дүрі, 

ұстаның бізі, саусақтың ізі, атаның 

салты, халықтың даңқы, көненің 

көзі, бүгіннің өзі.

***

Әйел затының ашық­шашық 



әдеттен аулақ болуы – әрі сақталуы, 

әрі сақтануы. Ұлттық киімді ұлттық 

болмыспен үйлестіре білу, жай 

ғана тән жабу емес – жан тану, 

салтыңды салтанатқа айналдыра­

тын сән табу. 

***

Өзіңе ұқсастықпен үйлесу – 



заңдылық, кереғар болмысы бар 

адаммен келісу – ерлік. 

***

Басын сыйлаған жұрт бас киімін 



де ерекше қастерлейді. Киімге 

қатысты сән үлгісінің басында 

бас киім тұрады. Бар салтанат бас 

киімнен бастау алады. 

***

Алпысқа келгенше ақыл кірмесе, 



ондай адамда ешқашан ақыл 

болмаған. 

***

Ұлттық киімдеріміз киюсіз 



қалғандығынан киелі сөздер дің 

қан шасы қажетсіз архаизмге айнал­

ды. Жұтаңсып қалған жұқанасының 

жұртын іздеп жүргенде, жат жұрт­

тың жамылғысына жармасып, 

бөзіне де, бөзін өткізетін сөзіне де 

көзімізді сатып жүрміз. 

***


Тарих бізге тағылым үшін қажет. 

Несі болғанынан гөрі, несі қалғаны 

маңызды. 

***


Келбетімізге келмейтін, бойымызға 

қонбайтын, жарасымсыз жайлар­

ды айту – аузымыздан ыңғайсыз, 

құлағымыздан ұят. 

***

Ханның да, қарашаның да ісі 



түскен қолөнер шеберлерінің 

«қолы суып», сағы сынып, жарағы 

жарамсыз, көрігі қараусыз, таспа­

сы тартылмай, бізі шаншылмай, 

шашылып қалды. 

***


Әйел әйелді дәріптесе – жанымен 

сөйлейді, еркек әйелді дәріптесе – 

барымен меңзейді, Әйел түсініп, 

еркек өсіріп айтады. 

***

Сәнін күтіп, сағатын тосқан іс 



қайырымен келеді, қайырлы болып 

қалады.


***

Елдің тілеуін ел болып тілегенде 

ғана еліңнің көсегесі көгереді.

***


Сөздің шеберлігі – ойдың тереңдігі.

Ғалия Қайдауылқызының 

«1001 түйін» кітабынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет