Семинар өткізілді 2-бетте 6-бетте 7-бетте Ғаламшар болашағы өз қолымызда



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2017
өлшемі11,86 Mb.
#6086
түріСеминар
1   2   3   4

2012 жыл, 19 қыркүйек –   психология 

мамандығының студенттеріне Эстонияның 

Таллин қаласындағы Әлеуметтік­гумани­

тарлық институттан педагогика ғылымда­

рының докторы, профессор Татьяна Ни­

колаевна Листопад келіп алғашқы дәрісін 

бастады.

2012 жыл, 28-30 қыркүйек –  Тайван 

мемлекетінің Тайпей қаласында Дзюдо 

күресінен жастар арасында өткізілген Азия 

чемпионатында «Денешынықтыру және 

спорт» мамандығының 1 курс студенті Са­

тыбалды Еңлік күміс жүлде иегері атанды.



2012 жыл, 10 қазан – Мемлекет және 

қоғам қайраткері Ш.К.Беркімбаеваның 70 

жылдық мерейтойына арналған, «Қазақстан 

қоғамын әлеуметтік жаңғырту жағдайындағы 

білім мен педагогикалық ғылым» атты 

халықаралық ғылыми­тәжірибелік кон­

ференция өтті. Конференцияға ҚР Білім 

және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов, 

белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері 

қатысты.


2012 жыл, 24 қазан – Хорды дирижер­

лау және ән кафедрасы акт залында Күләш 

Байсейітованың 100 жылдық мерейтойына 

арналған «Аққуға үн қосқан аңыз әнші» атты 

танымдық­тәрбиелік мәнді кеш өтті. 

2012 жыл, 10 қараша –   «Ұлар» фоль­

клор лық­этнографиялық  ансамблі нің 

25 жылдығы мен ансамбльдің көркемдік 

жетекшісі, профессор Бихан Раеваның 

шығармашылық қызметінің 45 жылдығына 

арналған салтанатты кеш өтті.



2012 жыл, 4 желтоқсан – «Ұлты ұлықта­

ған ұлы тұлға» атты Президент күніне арнал­

ған студент жастар форумы өтті. Форум 

уни верситеттің Педагогика және психоло­

гия факультетінің бастамасымен ұйымдас­

тырылды. 



2012 жыл, 14 желтоқсан – 16 желтоқ­

сан – Қазақстан Республикасының Тәуел­

сіздік Күніне арналған салтанатты жиын өтті. 

Университеттің ректоры Динар Жүсіпәліқызы 

Нөкетаева құттықтау сөздерімен ашып, Ел 

егемендігінің 21 жылында екі ғасырлық 

жолды жүріп өткен мемлекетіміздің, 

университетіміздің жеткен жетістіктеріне 

кеңінен тоқталып, ұжымды ел үшін ең қасиетті 

мерекемен құттықтады.



2013 жыл 4 наурыз күні университетте 

–  «Әйел және дін» атты форумы өтті. Оған 

ҚР Президентінің кеңесшісі, Президент 

жанындағы Әйелдер істері және отбасылық 

демографиялық саясат жөніндегі ұлттық 

комиссияның төрайымы Г.Н.Әбдіқалықова, 

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама 

Шәріп, Ресей Федерациясы Гуманитарлық 

ғылымдар академиясының академигі 

В.М.Порохова­Аль­Рошд, ҚР Парламенті 

Мәжілісінің депутаты О.Асанғазы, Әйелдер 

істері және отбасылық­демографиялық сая­

сат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, 

әлеуметтік ғылымдар докторы Р.Сәрсембаева 

қатысты.

2013 жылдың 15 сәуір – Қазақстан 

халықтарының бірлігі күніне орай 15 сәуір 

күні шетел тілдерінің мәдениетімен танысты­

ру мақсатында «Достық – біздің тірегіміз!» 

атты тілдер фестивалі болып өтті.

(Жалғасы бар)

Болған ИЛЕБАЕВА, 

«Ақтұмар» тарихи-этнографиялық 

музейінің аға ғылыми қызметкері

БІЗДІҢ ТАРИХ

29 қазан күні Қыздар уни-

верситетінде «Ғаламшар бо-

лашағы – сенің қолыңда!» атты 

эко логиялық кеш болып өтті.

Жастардың экологиялық 

көзқарасын, санасын, таби­

ғатқа үлкен парасаттылық, жа­

уап кершілік,  қарым­қа тынасын 

қалыптастыру, қоғамдық пайдалы 

еңбек және еңбек тәрбиесі арқы   лы 

табиғатты аялап, қорғауға шақы ру, 

экологиялық мәдениет дағдысын 

қалыптастыру мақсатында өткен 

кеш Жаратылыстану факультеті­

нің экология мамандығы бой­

ынша білім алып жатқан 3­курс 

студенттерінің  ұйым дастыруымен 

өткізілді. Же текшісі – биология 

магистрі, оқытушы Гүлназ Шы­

ныбекова.

Шара экология маманды­

ғ ы н ы ң   1   к у р с   с т у д е н т т е р і н 

студенттік өмірге қадам басуы­

на арналған құттықтаумен және 

флеш­мобпен ашылды. Экология 

тақырыбына арналған әндермен 

өріліп отырған кеш барысында 

табиғат және «табиғат дәрігері» 

саналатын эколог мамандығы­

ның мәні мен маңызы сөз бо­

лып, «Ағаштарды құтқарайық!» 

атты экологиялық акцияның 

қорытындысы шығарылды.

«Макулатура өткізіп, ағаш 

өмірін сақтауға бағытталған 

экологиялық акция өткен, 2013 

жылы бастау алған болатын. 

Біз қағаз өнімдерін шығаратын 

«Карина» компаниясымен ма­

кулатура өткізу туралы келісімге 

отырып, бір жылда 1500 тонна 

қағаз өткіздік. 1 тонна макулату­

ра 1000 кВт энергияны үнемдеп, 

17 ағашты құтқаратынын ескер­

сек, біз қаншама ағаштарды 

құтқарып отырмыз. Бұл акцияға 

э к о л о г и я   м а м а н д ы ғ ы н ы ң   3 

к у р с   с т у д е н т т е р і м е н   қ а т а р , 

оқу орынның барлық қызмет­

кер лері мен ұстаздары белсене 

ат салысты. Алдағы уақытта біз 

университетіміздің «Enactus» 

командасымен бірлесіп, осы 

э к о л о г и я л ы қ   ш а р а н ы   қ а л а 

деңгейінде ары қарай жал ғас­

тыруды жоспарлап отырмыз. 

Осындай игі іс­шара өткізу арқылы 

біз біріншіден ­ қор шаған ортаға 

түсіп отырған антропогендік 

ауыртпалықты азайтамыз, мыса­

лы, күнделікті біздің университет 

ауласынан шығатын қоқыс көлемі 

азаяды, екіншіден ­ универси­

тет «тұрғындарын» табиғатты ая­

лап, қорғауға тәрбиелейміз және 

олардың экологиялық сана­сезімін 

қалыптастырып, дамытамыз, 

үшіншіден ­ қағаз қалдықтарын 

тиімді пайдаланып, университет 

өзін­өзі қаржыландырудың бір көзі 

ретінде пайдалана аламыз», деді 

жоба авторы Гүлназ Шыныбекова.

Кеш  барысында  «Ағаш тарды 

құтқарайық!» эколо гиялық ак­

циясына атсалысқан белсенді 

студенттер мен қызметкерлер 

алғыс хаттармен және «Карина» 



Ғаламшар болашағы 

өз қолымызда

компаниясының түрлі өнімдерімен 

марапатталды.

Шара соңында экология 

мамандығының 3 курс студенттері 

акция символын ізбасарлары – 

1­курс студенттеріне табыстады.

Айта кетейік, Қыздар уни­

верситеті ұдайы табиғатты ая­

лап, қорғауға бағытталған түрлі 

экологиялық шараларды ұйым­

дастырып тұрады. Жыл бойы 

өткізілетін «Жер сағаты 60+», 

«Тау ды тазалайық!», «Ағаш егу» 

акциялары соның дәлелі. 

Нәзира ЕЛЕУХАН

15 қазан күні Қыздар университетінің 

Ғылыми кітапханасында «Ғылыми кітапхана 

оқырмандарының ақпараттық мәдениетін 

қалыптастыру» атты «Ашық есік» күні 

өткізілді.

«Ашық есік» күнін өткізудегі мақсат 

кітапханаға келген әрбір оқырманға ақпаратты 

пайдалануда және оқырмандарды кітап оқуға 

дағдыландыру, кітапхананың электронды ка­

талогынан ақпаратты іздеуге машықтандыру. 

Бүгінгі ақпарат заманында университеттің 

Ғылыми кітапханасы ақпарат орталығы бо­

лып табылатынын назарда ұстау, оқырман 

сұранысын қанағаттандыру.

Қазіргі уақытта кітап оқудың төмен 

деңгейде екендігі жұртшылықты алаңдатады. 

С т у д е н т т е р   к ө б і н е с е   о қ у   з а л д а р ы н а 

тапсырылған тақырып бойынша реферат, ба­

яндама, шығарма жазуға ғана келеді. Мұндай 

жағдай университет басшылығын ойлантып, 

бұл үшін қандай шаралар қолдану керек деген 

сауал туындады. Осыған орай, біріншіден, 

кітап оқу және оның мәні университет 

кітапханасының қазіргі өмірінде кітапхананың 

электронды кітапханасын пайдаланушылардың 

қажеттілігі қандай екенін білу мақсатында орай 

ұйымдастырылған іс­шара болды.

Негізгі мақсат студенттердің кітап оқуға 

тарту дағдыландыру үшін әр факультетке қазақ 

жазушыларының 20­дан астам әдебиеттерінің 

тізімі беріліп, сол шығармалар арқылы түрлі 

конференциялар, пікір­сайыстар, әдеби кеш­

тер, дөңгелек үстелдер жүргізу жоспарланып 

отыр. Ғылыми кітапханада кітапханашылар 

күнімен тұспа­тұс келген «Ашық есік күні» – 

нағыз мереке болды деп айтсақ артық емес. Бұл 

күні кітапхана түрлі кітап көрмелерін, кітапхана 

жетістіктері жайлы соңғы түсірілген слайд, сау­

алнамаларды оқырмандар назарына ұсынылды.

Шараға университеттің бірінші проректор 

Б.Алиев қатысып, кітап көрмелерін қызыға 

тамашалады. Ғылыми кітапхананың кітап 

қорының молая беруіне өз тілегін білдірді.

Нәзира АЛМЕКЕЕВА,

ҚазМемҚызПУ Ғылыми

кітапханасының қызметкері

Кітапханадағы «Ашық есік» күні 



С О Ң Ғ Ы   Б Е Т

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

8

№12 (119)



29 қазан

2014 жыл


Бағасы келiсiм бойынша. 

Таралымы – 1000 дана. 

Тапсырыс №1080

 Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция­

ның көзқарасын бiлдiрмейдi.

 Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, 

үш компьютерлiк беттен асатын материалдар 

қабылданбайды.

 «Қыздар университетiне» жарияланған мақала 

көшiрiлiп басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.



ҚҰРЫЛТАЙШЫ

:

Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университеті

«Қыздар 

университеті» медиа 

орталығы

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Қ.МЫРЗАЛИМОВА – Жауапты хатшы

К.САРТБАЕВ – 

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы 

А.ҰЙҚАСБАЕВА – 

Ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі

Тілшілер:

 Н.ЖҰМАҚҰЛОВА, 

 

Г.БЕКТАСОВА, А.ӨТЕЕВА

 А.КЕМЕЛБЕКОВА

Беттеуші: 

 Н.МӘДЕЛІ

Фототiлшi: 

Д.АБДИЛЬДИНОВ

Жетекші-Бас редактор – 

Д.СМАЙЫЛ

МЕКЕН­ЖАЙЫ:

050000, Алматы қаласы, 

Әйтеке би көшесі, 99­үй 

Байланыс телефоны:

8 (727) 279­38­05 

Газет «Қыздар университеті» газеті 

редакцияның компьютерлік орта­

лығында терiлiп, беттелдi.

«Бизнес Информ» баспаханасында 

(Төле би көшесі, 108) басылды. 

Тел.: 8 (727) 293­09­09

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде 16.03.2012 ж. қайта 

тiркелiп, №12345­Г куәлiк берiлген. 

(Басы 1-бетте)

Мұражай экспозициясы бес бөлімді 

қ ұ р а й д ы .   О л   К ө к   Т ү р к   қ а ғ а н а т ы н ы ң 

қолбасшысы Күлтегін ескерткішіндегі әке­

шеше құдыретін дәріптеген сөздерімен ашы­

лып, әрі қарай «Аналар ұлағаты – елге аманат» 

атты тақырыппен жалғасады. Өткен заманның 

зиялы қауымының қатарында, халықтың 

саяси қоғамдық өміріне араласқан қазақ ха­

нымдары Айғаным, Фатима ханшалардың 

ағартушылық жұмыстары өздері жазған 

деректі хаттармен көрсетілген. Сонымен қатар 

Қазақстандағы алғашқы қазақ мектептерінің 

тарихы, Жәңгір ханның мектеп ашуы, Мамания 

мектебі оқушыларының тізімі, Орынбор, Вер­

ный әйелдер гимназияларында оқыған қазақ 

қыздары туралы деректер және алғашқы білімді 

қазақ қыздарының құжаттары қойылған. Экс­

позицияда 1944 жылдың 15 тамызында №457 

бұйрықпен шыққан Халық Комиссарлар 

Кеңесінің, қазақ қыздарының оқып­білім 

алуына жол ашқан құнды мұрағат – қаулы 

қойылған. Институттың ашылуына ерекше 

еңбек еткен ҚазКСР ОКП хатшысы Ж. Шаях­

метов, Қазақ Комиссарлар Кеңесінің төрағасы 

Н.Оңдасынов, институттың бірінші директоры 

Қ.Оспанов, бірінші ректор Т.Мырзабековалар 

жайлы мағлұматтар тарихи­деректі құжаттармен 

жалғасады. 

Студенттерге алғашқы жылдары инсти­

тутта дәріс берген академиктер Т.Тәжібаев, 

Н.Сауранбаев, Ә.Марғұлан, ғалым, ұстаз  дар 

Ә.Тұрсынбаев, С.Толыбеков, Ә.Мәметова, 

Ж.Жолаевалар оқу министрі болған ғалым – пе­

дагог К.Айманов, және басқа да ардагерлердің 

қажырлы еңбектері баяндалады. Бұл оқу ордасы 

қыз балалардың білім беру жүйесіне ғана емес, 

қоғамдық­әлеуметтік және рухани­мәдени 

өміріне де аса мән бере білді. 

«ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ» ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ 

КОЛЛЕКЦИЯСЫ

«Қыздар әлемі» атты этнографиялық 

композиция бес мүсінді құрайды, қазақтың 

салт­дәстүрі арқылы қыздарға тәрбие беретін 



«АҚТҰМАР» 

музейіне – 10 жыл

мүсіндер әйел жасының төрт кезеңін көрсетеді. 

Көркемдік жағынан көз тар татын ұлттық 

киімдер, зергерлік бұйымдар, әйел тұтынған 

заттар, қол өнері, музыкалық саз аспаптар, 

қыздар ойыншықтары, жауынгер қыздың бес 

қаруы қазақ шеберлерінің биік талғампаздығы 

мен салтанатын көрсетеді.



КІШКЕНТАЙ ҚЫЗ БАЛА

Көйлегі қызыл атлас, кестелі камзолына 

тана, моншақ қапсырмалар тағылған. Көз 

тимес мақсатында тақиясына үкі қадалған. 

Жанына Ортеке, шіңкілдек, тұяқ тас, сақпан 

саз аспаптары қойылған. Айтыс, тойларға 

барған бала кішкентайынан ән мен күйді естіп 

жадында сақтап өседі. Күнделікті тұрмыста 

көш керуені, бала тербеткендегі қоңырау үні, 

торғай үркітудегі сақпан үні, тойларда жарыс­

тыратын Ортеке ойындары, дала балаларының 

кішкентай кездерінен халықтық өнер ортасын­

да жүретінін айқындайды. Балаларға арналған 

заттардың, ойыншықтардың киіз, сүйек, 

ағаштан шебер жасап ерте жастан әдемі заттар 

арқылы талғам қалыптастыратынын халық 

шеберлерінің туындыларынан көреміз.

БОЙЖЕТКЕН ҚЫЗ

Бойжеткен қыз киімінің негізгі айғағы 

оның қос етек бүрмелі көйлегі. Шашына кестелі 

шашқап кигізілген. Ал жасауы құрақ көрпелер, 

шілтерлі, кестелі орамалдармен безендірілген. 

Қыз киімінің ажырамас бөлігі нәзік белдігі 

күмістен жасалып, моншақтармен өрілген. 

Жасауына қосылатын күміс ер­тұрман да бүкіл 

жабдықтарымен қасына қойылған. Осы жерде 

салт дәстүрден «Алтыбақан», «Бастаңғы», «Қыз 

айттыру», «Ақсүйек» ойындары туралы айты­

лады. Қазақ өмірінің әдемі көрінісі біздерге 

алтыбақан ойыны арқылы жеткен. Алтыбақан – 

тәрбиелік мәні бар салт ойын. Алтыбақанда ай­

тылатын ән мен күйдің арқасында айтыс пен 

жырау өнері жоғалмай жеткен өнер. Сал­

серілердің қаншама інжу­маржан туындылары 

осы ойындарда жастардың жадында сақталып 

қалған.

ҚАЛЫҢДЫҚ

Қалыңдық киімінің негізгі айғағы сәукелесі. 

Музейдегі сәукеле – құйма төбелі сәукеле. 

Тұтастай мельхиордан құйылып, асыл тас­

тармен безендірілген. Қазақ жерінде болған 

саяхатшылар әйелдер бас киімдеріне қатты 

қызығушылық танытқан. Олардың салып кет­

кен суреттерінде не түрлі күндік, кимешектердің 

түрлерін көруге болады. Сәукелені – бас 

киім деп қана қабылдамай, оны халықтың 

мәдениетінен, байлығынан, ұлттық сән салта­

натынан, оның жоғары талғамынан, дәстүрлі 

қол өнерінен мәлімет беретін этнографиялық 

мүлік деп қабылдағанымыз жөн. Көйлекке 

салынған ою­өрнек қазақтың талғамдық 

шеберлігін көрсетеді. Әшекей бұйымдарынан 

алқа, өңіржиек, сырға, білезіктері тағылып, 

қолында сыңсу салатын шаңқобызы бар. Салт­

дәстүрге байланысты қыз ұзату, келін түсіру, бет 

ашар, құдалық кәделер таныстырылады. 



ӘЖЕ БЕЙНЕСІ

Киімінің салтанатты бөлігі – күндік пен 

зерлі кимешегі. Әжеге бесік жабдығымен 

қойылған. Қазақ халқында бесік киелі мүлік 

қатарына жатады. Сәбиді бесікке салу ерек­

ше дәстүрлердің бірі. Ал бесік жыры – қазақ 

халқында үзілмей айтылып келе жатқан 

қастерлі өнер. Әже бұйымдарынан саба, келі, 

күмістелген кепсер, ожау, астау қойылған. 

Ұршық пен шуда жіп қазақ әйелдерінің үлкен 

өнер шеберлері екенін айғақтайды. Қазақтың 

көшпелі өмірінің білгірі этнограф Г.Потанин 

«Қазақ әйелінің қолымен, оның қазақ үйі 

көз тоймас көркем галереяға айналды» деп 

бекер айтпаған. Осы жерде баланы қырқынан 

шығару, тұсаукесер, тұлым қою, бұрым өру 

дәстүрлері айтылып, қазақтың «тал бесіктен – 

жер бесікке дейін» деген философиялық ойла­

рына мән беріледі.

ЖАУЫНГЕР ҚЫЗ

Қазақтың ұлан ғасыр байтақ даласын, 

ғасырлар бойы бабаларымыз шайқасып 

қорғап келген. Қазақ тарихында батыр қыздар 

баршылық. Бопай, Гауһар батыр, Назым 

қыз т. б. арулар болғанын аңыздардан бөлек 

деректі құжаттар да айтады. Қазақтың да­

ласында батыр қыздарға арнап қойылған 

тас ескерткіштер осылардың айғағы. Му­

зейде таста бейнеленген жауынгер қыздың 

бейнесі сомдалған. Басында дулыға, тері сауыт, 

жеңсекпен тізелік киген жауынгер қыз, садақ 

тартып бес қаруын асынған. Айбалта, қанжар, 

қылыш, сойыл, күрзі, найза игерген дала 

қыздары талай жаулардың зәресін ұшырған. 

Жерін қорғаған батыр қыздардың ерліктері 

жиырмасыншы ғасырда Әлия, Мәншүк, Хи­

уаздармен бірге, кейінгі Ләззат, Сәбираларға 

жалғасты. «Ақтұмар» – этно­мәдени құн­

дылықтар арқылы, қазақ қыздарының ұлттық 

дүниетанымын қалыптастыру, елі мен жерін 

сүйетін, ана тілін құрметтейтін, ұлттың 

субъектісін даярлауды басты мүдде санайтын 

педагогикалық мақсаттағы жұмыстарын абы­

ройлы атқара бермек.

Қазақ әйелі – ана ретінде қоғамның ал­

тын діңгегі, бойына ізгілік қасиет дарыған 

адал жар, айнымас серік. Бұл қағиданы  

студент қыздар «Қыз Жібек» эстетикалық 

клубынан, кездесу­сұхбаттардан бойлары­

на қалыптастырады. Айтулы тұлғалардың 

өмірлік серіктері болған, Халық жазушысы 

Ә.Нұршайықовтың жары Х.Өзбақанқызы, 

академик З.Қабдоловтың жары С.Қабдолова, 

Халық ақыны Ғ.Қайырбековтің «Алматыда 

көшесі бар Гогольдің» атты өлеңі арналған 

Б.Хамзина секілді оқу орны түлектерінің еңбек 

жолдары ұрпаққа өнеге. Қыздар университеті 

түлектерінің арасынан мемлекет қайраткерлері, 

депутаттар, министрлер, халық әртістері, үлкен 

ғалымдар шығып, олар мерейлі отбасын құрып, 

ұрпақ тәрбиешісіне айналып отырғандықтары 



тарих беттерінде қатталуы керек. 

Сәуле МЕРЕКЕЕВА,

музейтанушы, «Ақтұмар» 

тарихи-этнографиялық

музейінің меңгерушісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет