Семинар Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



бет1/3
Дата30.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#111913
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
oushylardy-funkcionaldy-sauattylyyn-alyptastyru-zaman-talaby


Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты
29.09.2014ж.
Облыстық семинар


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-
заман талабы

Кенжебаева Д.К.
Павлодар қаласы, 2014 ж.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру- заман талабы

Кенжебаева Даметкен Камариденовна


Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға
арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының
информатика пәнінің мұғалімі
Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.
Тұлғаның функционалдық сапасының өмір бойы оқуын қалыптастыруымен, кәсіптік даму жолдарын таба білуімен тікелей байланысты екендігі белгілі. Дегенмен оқушының белсенділігі, шығармашылық ойлау қабілетінің қалыптасуы және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуі мектеп қабырғасында қалыптасуға тиісті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданғаны белгілі.
Ұлттық жоспарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін ғылыми-әдіснамалық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің кешенді іс-шараларын жүргізу көзделген. Ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды Қазақстан Республикасында білім сапасын жетілдірудің өзекті мәселесі ретінде қарап, оның бірөзектілігін, толықтығын және іс-әрекет жүйелігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Ұлттық жоспардың міндеттері:

  • Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу;

  • Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;

  • Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар;

  • Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

  • Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;

  • Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

«Құбылған әлем жарысы - ақылды адам табысы»,- деп Ш.Құдайбердіұлы айтқандай, қазіргі жылдам өзгеріс жағдайындағы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге қарқынды араласуын, адамдардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін негізгі базалық факторлардың бірі болып саналады [1].
Жалпы сауаттылықтың мынадай: тілдік, компьютерлік және ақпараттық, графикалық, заңдық, азаматтық, қаржылық, экологиялық және т.б. параметрлері маңызды болып отыр.
Қазіргі қоғамға постиндустриалдық әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жылдам бейімделетін мамандар керек. Адамның білім деңгейіне, оның білімділігіне қойылатын талаптардың арттуы объективті тарихи заңдылық болып табылады. Осы жаңа жағдайда мектептегі оқыту процесі оқушылардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін құзыреттерінің қалыптасуына және артуына негізделуі тиіс [2].
Ғылыми-әдістемелік негізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі шартары:
1. Білім берудің мазмұнын жаңарту.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту мәселесі оның міндетті түрде ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз етілуін қажет етеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуы білім беру мазмұнын жаңартуды, жаңа оқу бағдарламаларын жасауды мен оқулықтарды қайта қарауды, алынған білімді оқу және практикалық жағдайларда қолдана білуді талап етеді.
2. Сауаттылықтың жаңа нысандарын, қазіргі кездегі сауаттылықтың жаңа түрлерін зерделеу.
Мектептегі білімнің қазіргі кездегі моделінде сауаттылықтың екі нысаны бар екенін атап өтуге болады, олар – жалпы және функционалдық. Жалпы сауаттылық жүйеленген білімнің негізінде қалыптасады және адамның қоршаған ортаны дұрыс түсінуіне негізделеді.
Функционалдық сауаттылық деп құзыретті және тиімді іс-әрекетті айтады. Оған адамның қызығушылығын жүзеге асыру және адамның қоғаммен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы байланысты болады.
Сауаттылықтың көптеген түрлері бар. Олар: компьютерлік, экологиялық, кұқықтық, саяси, экономикалық, географиялық сауаттылық.
3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері. Оның біріншісі – оқытудың мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту. Екінші тетік – оқытудың нәтижелерін бағалаудың жүйесін жаңғырту. Үшінші тетік балалардың білімдерінің қалыптасуына, тәрбиесіне ата-аналардың белсенді араласуын талап етеді. Төртінші тетік қосымша білім беруді дамыту қажеттігіне арналады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында көрсетілген мәселелерді шешуде мұғалімнің атқарар рөлі зор. Әр ұстаз аталған мәселелрді шешуге бел шеше араласқанда ғана ауқымды мәселенің жүгінің жеңілдері сөзсіз.
Осындай игі мақсатты ұстана отырып, 9-сыныптарға арналған «Информатика пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тест жинағын» құрастыруды жөн санадым. Жалпы информатика пәні бойынша 9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы программалау, оқушыға терең алгоритмдік ойлау дағдыларының қалыптасуы, күрделі тест тапсырмаларын орындай білуі, пән бойынша кез келген мәселені тани білуі мен шешу жолдарын таба білуі дер едім. Программалау, алгоритмдік сауаттылық функционалдық сауаттылықтың негізгі өлшемі саналатындықтан информатикадан алған білімдерін тиянақтау, жинақтау, тексеру бағытында түрлі тест тапсырмалары жинаққа енгізілді.
Информатика пәнінен алгоритмдеу және программалау, графиктік объектілерді программалау, көмекші алгоритмдер, ішкі программа, символдардан және сөз тіркестерінен тұратын шамалар, ақпараттық модельдеу, жобалық іс-әрекет тақырыптары қамтылған.
Тест жинағын құрастырудың мақсаты:

  • оқушылардың білімдерін өздігінен жинақтай алуын қамтамасыз ету;

  • компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыру;

  • оқушылардың білім, білік дағдыларын құзыреттілікке ұластыру.

Жинақта төмендегідей тест түрлері қамтылған.





Табиғи тілде жазылуы

Программалау тіліндегі жазылуы

?

Айнымалы

?


Функция атауы


өрнек

-сәйкестендіруге арналған тапсырмалар:

В кестесі берілген. Сәйкестікті табыңдар:



I

1

2

3

4

В[І]



2

-3

4

10

В кестесінің элементтері В кестесінің элементтерінің мәні

1) В[3]
2) В[1]
3) В[В[3]]
4) В[В[1]]



а)10
в) 4
с)2
d) –3





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет