Ұсынылып отырған тест жинағы оқушылардың функционалдық сауаттылығының ғылыми-теориялық базасын пайымдауға, осы бағыттағы оқушы мен мұғалім әрекеттестігін айқындауға бағытталғандықтан, информатика пәнінің ұстаздарына практикалық көмек құралы бола алады деген ойдамын.
Қорыта келе, Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспар дер кезінде қолға алынып отыр және оған әр ұстаз өзіндік үлесін қосуға міндетті дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Жобалау және зерттеу қызметі негізінде12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» әдістемелік құралы.