2
26 шілде, 2014 жыл
№30 (5950)
ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ
Мерекеге арналған
кентіміздің мәдениет
үйінде салтанатты жиын
өтті. Салтанатты жиында
алғашқы құттықтау сөз Ұлытау
аудандық мәслихат депутаты,
Қарсақбай металлургия
зауытының директоры
Маткенов Мұрат Қадырұлына
берілді. Металлургтерді кәсіби
мерекелерімен құттықтап,
еңбек үздіктерін Құрмет
грамоталарымен, Алғыс
хаттармен, ақшалай сый-
лықтармен марапаттады.
Одан әрі мерекеге арнайы
келген қонақтар аудан әкімінің
орынбасары Оспанов Мақсұт
Сәрсенбайұлы құттықтап,
аудан әкімінің Құрмет
грамоталарымен, Алғыс
хаттармен марапаттады.
«Нұр Отан» партиясының
«Қазақмыс» корпорациясы
жанындағы Қарағанды
филиалының өкілі Смағұлов
Сәкен Жақияұлы мереке
иелерін кәсіби мерекелерімен
құттықтап, еңбек үздіктерін
Құрмет грамоталарымен,
Алғыс хаттармен, ақшалай
сыйлықтармен марапаттады,
зауыт еңбеккелеріне партия
билеттерін табыс етті.
Аудандық маслихаттың
депутаты, Қарсақбай кенті
отбасылық амбулаториясының
бас дәрігері Қожасова Ұлмекен
Қасенқызы металлургтерге
жылы лебізін білдірді.
Қарсақбай кентінің әкімі
Нұрғазинов Бақытжан
Сабырұлы металлургтерді
кәсіби мерекелерімен
құттықтап, Алғыс хаттар
мен бағалы сыйлықтармен
марапаттады.
Мәдениет үйінің
фоэсінде Ұлытау аудандық
орталықтандырылған
кітапханасы мен балалар
кітапханасы қызметкерлері
ұйымдастырған «Әлемді
кітаппен бірге ашамыз»
атты библиодесант өтті.
Библиодесант бірнеше
бөлімнен тұрды. «Поэтикалық
алаң» бөлімінде ұлы
ақындарымыз Абайдың,
Мұқағалидың, Фаризаның т.б.
ақындарымыздың өлеңдерін
мәнерлеп және жатқа оқыды.
Сонымен бірге кітап көрмесі,
«Шебер қолдар», «Сиқырлы
суретшілер», «101 жұмбақ»,
«Аталар сөзі – тәрбие көзі»
атты мақал-мәтел сайыстары,
өтті.
Кентіміздегі жеке
кәсіпкерлер мерекелік сауда
өткізді.
Сонымен қатар, мерекеге
арналған спорттық ойындар
тартымды да тартысты өтті.
Осы мерекемізбен арнайы
құттықтауға келген аудандық
мәдениет үйінің жанынан
құрылған «Тау әуендері»
Мәдени-үгіт бригадасы,
Қарсақбай кенті өнерпаздары
ән-жырдан шашу шашты.
Мереке соңы кешкі би
кешімен жалғасын тапты.
Э.Сарыбаева,
Қарсақбай кенті мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі.
Қарашаңырақ Қарсақбайда металлургтер мен
байытушылар кәсіби мерекелерін атап өтті.
Қасақбай десе, осы өңірде мыс өндірісімен көзін ашқан
талай қазақтың жүрегі шым ете түсетіні анық.
Металлургтер күні - Қарсақбай жеріндегі ең басты
кәсіби мереке деп аталуға лайықты. Себебі, Қарсақбай
Қазақстан Түсті металлургиясының қарашаңырағы.
Кешегі тарихи қиын-қыстау кезеңдерде төңіректегі
көшпелі және жатақ қазақ еңбекшілері осы Қарсақбайды
паналады, қазақ жұмысшы табының бір көрігі осы
Қарсақбайдың мыс қорыту зауыты болды.
Тарих тағылымына зерделей қарап, терең үңілетін
болсақ, Арғанаты атырабы сан қилы шежіреге толы,
қойнауы құт, өрісті өлке. Арқа аруының күміс күлкісін-
дей сыңғыр қағып, аққан Қараторғай өзенінің бойында
қоныс тепкен бұрынғы Қорғасын, қазіргі Шеңбер ауылы.
Осы өлкенің екі атауға иеленуінің ғажайып сыры, тари-
хи астары бар.
1939 жылы Ұлытау ауданы
құрылған кезде Арғанаты өңірін-
де Терісаққан өзенін бойлай ор-
наласқан «Желдіадыр», «Талап»,
«Қызылту» колхоздары болған.
Кейіннен 30 шақты үйлерден тұра-
тын бұл үш колхоз біріктірілді. 1950
жылы ірілендіріліп «Талап» колхо-
зы құрылды. Колхоз жылдарында
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру
айтарлықтай жолға қойылып, ең-
бектің ерен үлгісін көрсеткен еңбек
майталмандары Одақ көлеміне
танылды. Солардың қатарында
диқаншы Мағзұм Тепенов өнім алу-
да жоғары көрсеткіштерге жеткені
үшін 1955 жылы Мәскеудегі Бүкіло-
дақтық халық шаруашылығының
көрмесінің медалімен марапат-
талған. Алматы қаласына екі рет
шақырылып, еңбек озаттарының
тізіміне есімі тіркелген. Колхоздың
тыныс-тіршілігінің дамуына өзіндік
үлес қосқан темірден түйін түйген
еңбек қазанын қайнатып, көрігін
қыздыра түскен ұсталар: Ыбырайке
Кәрібаев, Нұра Достанов заманын-
да он саусағынан өнер саулаған
сол дәуірдің қас шеберлері еді .
Колхоз кезінде де ел елдігін сақтап
тұрды .
Тың және тыңайған жерлер
игеріле бастаған жылдарда Қа-
зақстанда бұрынғы колхоздардың
орнына кеншарлар ұйымдастырыл-
ды. 1957 жылы ақпан айында «Тері-
саққан» өзені бойында «Шеңбер»
кеңшары бой көтерді. Елдің еңсесі
көтеріліп, еңбекке деген құлшыны-
сы арта түсті. Бірақ елде өзгеріс бо-
лып, жоғарғы жақтың бұйрығымен
қараша халық қоныс аударуға бет
бұрды.
Қазақ КССР Жоғарғы Кеңесінің
Төралқасының 1959 жылғы 16
желтоқсандағы қаулысы бойын-
ша Қараторғай өзені жағасындағы
Қорғасын руднигі жабылуына бай-
ланысты Қорғасын поселкесіндегі
тұрғын үйлер мен құрылыстар тү-
гелдей Шеңбер кеңшарына берілсін
деген нұсқау жарияланды. Содан
кейін Қорғасын поселкелік кеңесі
ажыратылып, Терісаққан ауылдық
кеңесімен біріктірілді. «Терісаққан»
өзені бойында құрылған Шеңбер
кеншарының орталығы Қорғасын
елді мекеніне жаппай көшірілді.
Ежелден Терісаққан, Қоскөл, Арға-
наты өңірін мекендеген халық Қара-
торғай өзені бойындағы Қорғасын
өлкесіне көшірілгенмен бұрынғы
атауын сақтап қалып, «Шеңбер»
кеңшары деп атай берді .
Шеңбер деген сөздің түпкі мағы-
насына оралсақ, шығу тарихы
Терісаққаннан басталады. Желді
адырдан бастау алатын Терісаққан
өзені биік төбені қақ жарып ағады
да өзен екіге айырылып, екі арна-
мен ағып келіп, қайта түйіседі. Екі
бөлінген өзен суы қайтадан келіп
қосылғанда біраз жерді қамтып
ортасы аралға айналып, Шеңбер
жасайды. Осыдан барып жергілікті
тұрғындар бұл жерді «Шеңбер»-
деп атап кеткен. Кезінде бұл орын
қыста мал жайылатын жер болып
таңдалған. Шөбі шүйгін, құнарлы
қорық болған. Ата-бабаларымыз
Жер Ананың берген байлығын өте
керемет пайдаланған. Осындай
берекелі, шұрайлы жерді аса дәріп-
теген халық жаңа құрылған кеңшар-
ды Шеңбер деп атаған. Қорғасын
аймағына келгенде де ата-бабала-
рының құт өрісі болған көне атауын
сақтап қалғаны тарихи шындық.
Шеңбер ауылында қазіргі қоны-
станған халық байырғы Терісақан
өңірінің тұрғындары.
Қоғам өзгергенмен, заман өз-
гергенмен елдің шежіресі сол қал-
пында сақталады. Ал енді Қорға-
сын тарихына келетін болсақ,
XІX ғасырдан бастау алады. 1814
жылы Ұлытау өңіріндегі Қара-
торғай өзенінің жағасында Қорға-
сын шығатын Қорғасынтау деген
жер бар екені елге мәлім болды.
Оның кенінен қазақтар үй бұйымда-
рын, мылтыққа оқ дайындайтыны
туралы хабарды Орынбор әскери
губернаторы князь Г. С.Волонский-
ге жеткізген. Осыдан кейін арнайы
экспедиция шығарып зерттеткен.
Инженер Генстің анықтауы бой-
ынша Қорғасын кенінің биіктігі 42,
ұзындығы 500 сажень таудан шыға-
ды деп дәләлденген.
Кеңес Үкіметі тұсында бұл жер-
де Қорғасын руднигі орналасты.
Қорғасын кенін өндірді. Қазіргі Қо-
станай облысы Амангкелді ауданы-
ның қарамағында болған Қорғасын
поселкесі 1954 жылы 14 сәуірде
Ұлытау ауданының құрамына ең-
гізілді. Үлкен Жезқазғанның иелігін-
де болды.
1959 жылдан бастап, Қорғасын
аймағына шеңберліктер ие болды.
Ел экономикасының қарқынды да-
муына, халықтың әлеуметтік-тұр-
мыстық жағдайының жақсаруына
сүбелі үлес қосқан ел азаматтары-
ның еңбегі ерекше. Солардың қа-
тарына: Көпей Жабаев, Есілбай
Әбдіғалиев, Иген Әділбеков, «Ең-
бек Қызыл Ту» орденінің кавалері
Әбіш Сұлтанов, Нұрхамит Ысқақов,
Ғабдолла Тускеев, Қыпшақпай
Құлахметов, Мұса Есімбаев, Ми-
замедин Тұңғышбаев, Құсайын
Қазығұлов, Бірімжан Дәулетбеков,
Кенжек Жұмабаев, Хакім Жүні-
сов, Дүйсенбек Төлегенов , Ершат
Сейдахметов, Науқанбай Махме-
тов, Нүриден Сұлтанов , Сартай
Төлегенов, Ахат Зейнелов, Со-
вет Әбусақов, Жүрсін Қасымов ,
Хамзе Есілбеков, Сағынтай Ер-
кінбаев, Жылқайдар Алпысбеков,
Төлеу Қондыбаев, Бәжік Мағзұмов,
Жаһанша Нұрмағанбетов, Базыл
Мағзұмов, Әнтай Тұңғышбаев,
Шәктай Усабеков, Сағынтай Әбдіғо-
жин, Сәрсенбі Рысдәулетов, Сабыр
Әбдіхалықов, Жүсіп Усабеков си-
яқты ел үшін еңбек еткен жандар
Шеңбердің мәртебесін асқақтатты.
Техника саласында айшықты ізін
қалдырған бар ғұмырын осы салаға
арнаған айтулы мотористер Қалма-
жит Айранбаев, Дүкенбай Арыстан-
баев, Кенжебай Оразбаев, Марат
Түскеев, кеңшар техникасының
тоқтаусыз жүріп- тұруына ықпал жа-
саған техника тілін жетік менгерген
ерекше тұлғалар еді .
Тәуелсіз еліміздің іргетасының
нығая беруіне зор үлес қосқан
тағылымы мол, қадірменді тұлға-
лар: Тұрар Алпысбеков , Баташ Бе-
кенов, Әмірәлі Ескенов, Қалқайдар
Алпысбеков, Қапар Райымбеков,
Алтай Хасенов, Серікбай Абыла-
ев, Оразалы Мусин, Мұханбетқали
Сейтқазинов, Ләззат Мусина, Ха-
сен Әбдірахманов, Кеңес Нұраев,
Жеңіс Смағұлов, Жарылқасын
Құтыбаров ел бірлігінің ұйытқысы
болған жандар. Бұл кісілер кезінде
ауылдың өркендеуіне елеулі үлес
қосып, маңдай терін төгіп, заман
ағымына қарсы қасқайып тұрған
еңбек адамдары. Есімдері шең-
берліктерге ғана мақтаныш емес,
аудан көлеміне мақтан ететін бе-
дерлі бейнелі тұлғалар. Жаңарған,
өркениетті ауылдың қатарындағы
Шеңбер тарихы міне,
Қ. Жұмабаев,
«ұлытау» ұлттық тарихи-
мәдени және табиғи қорық-
мұражайының ақпарат
жетекшісі.
Бұл семинар-кеңеске Қа-
зақстан Республикасы Өңір-
лік даму министрлігінің Жер
ресурстарын басқару комитетінің
Қарағанды облысы бойынша ау-
мақтық жер инспекциясы» ММ-
нің басшысы Саяш Шаухатұлы,
құқықтық қамтамасыз ету
бөлімінің бастығы–мемлекеттік
инспектор Тлеулес Мухсинова,
жерді пайдалану мен қорғауды
мемлекеттік бақылау бөлімінің
басшысы–мемлекеттік инспек-
тор Г.Ә.Ойшиев, бөлім бастығы
Ақбаян Сексенбаева, аудан
әкімі Хамит Нұрланұлы Омаров,
аудан әкімінің орынбасары–жер
телімдерін беру комиссиясы-
ның төрағасы Мақсұт Оспанов,
аудандық соттың судьясы Ермек
Бейсенбаев, аудан прокуроры
Абай Уәлибеков, аудан мекеме-
лерінің басшылары, ауыл, кент
әкімдері қатысты.
Семинар-кеңесті аудан әкімі
Х.Н.Омаров ашып, семинарға
облыстан келіп отырған сала
қызметкерлерімен таныстырды.
Семинар-кеңестің күн
тәртібінде «Мемлекеттік
органдардың, мекемелердің,
кәсіпорындардың, ұйымдардың,
жеке және заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасы Жер
туралы Заңдарының сақталуын
және жер бойынша құқықтық
қатынастар саласында жемқор-
лыққа қарсы күреспен алдын-
алу шаралары» туралы мәселе
талқыланды.
«Жергілікті атқарушы орган-
дарымен Қазақстан Респуб-
ликасының Жер Заңдарын
қолдану мен жер бойынша
құқықтық қатынастар саласына
жемқорлыққа қарсы күрес пен
алдын-алу шаралары туралы»
аумақтық жер инспекциясының
бөлім бастығы Т.Мухсинова,
«Жердің пайдалану мен қорғау
бойынша мемлекеттік бақылау»
– Г.Ойшиев, «Жемқорлыққа
қарсы кеңестің жұмысы тура-
лы» «Нұр Отан» партиясының
Ұлытау аудандық филиалының
комиссия төрағасы Ш.Үмбетов,
«Ұлытау ауданы әкімінің және
Қарағанды облысы бойынша
аумақтық жер инспекциясының
ауыл шаруашылығы айналы-
мына тартылған 2013 жылға
ауыл шаруашылық алқаптарын
түгендеу қорытындысы бойынша
2014-2015 жылдарға арналған
бірлескен іс-шаралар жоспары-
ның орындалысы туралы»
М.Оспанов, сондай-ақ, «Мемле-
кеттік жер кадастрын жүргізудің
мақсаттары мен міндеттері
туралы» «МемЖерҒӨӨ» РМК
Жезқазған қаласының бөлімше
директоры Н.Б.Тлеубаевтар
баяндамалар жасады.
Шаруа қожалықтары иегер-
лерінің қойған сұрақтарына
Қарағанды облысы бойынша
аумақтық жер инспекциясының
басшысы С.Ахметов жауап
берді.
Семинар-кеңесті аудан әкімі
Хамит Нұрланұлы Омаров қоры-
тындылай келіп, ауданымыздың
облыс бойынша мал шаруа-
шылығымен шұғылданатын
үлкен аудандардың бірі екенін,
сондықтан да жерімізді барын-
ша тиімді пайдалануға аудан
тұрғындары атсалысу керек, бұл
тұрғыда алда үлкен міндеттердің
тұрғанын айта келіп, ауданда
осындай семинар-кеңес өткізіп
отырған құрметті қонақтарға
ризашылық білдірді.
ҰЛЫТАУ селосы.
Қазіргі кезде жер ресурстарын барынша тиімді
пайдалану, жер Заңдарының сақталуы, жемқор-
лыққа жол бермеу жөнінде нақтылы шаралар
жүзеге асырылуда. Осыған орай, «Қазақстан
Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер
ресурстарын басқару комитетінің Қарағанды
облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы»
Ұлытау ауданында болып, көшпелі семинар-кеңес
өткізді.
3
26 шілде, 2014 жыл
№30 (5950)
ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ
Қазақстан Республикасы Дін істері
агенттігінің Төрағасы Марат Әзілха-
новпен әңгіме.– Жақында Дін істері
агент тігінің құрылғанына үш жыл
толды. Атқарылған істер көпші лік
тің көз алдында. Десек те, ең бас ты
нәтижелер ретінде нені айтар едіңіз?
– Қазір Қазақстандағы діни ахуалды
тұрақты деп айтуға толық негіз бар. Бұл –
осы салаға жұмсалған орасан зор күш-жі-
гердің нәтижесі. Агенттік тарапы нан мем-
лекеттің дін саласындағы стра те гиялық
бағытын айқындаған жаңа заң әзір леніп,
қолданысқа енгізілді. Діни бір лестіктерді
қайта тіркеу жұмысы жүр гізіліп, Қазақстан-
ның конфессиялық ке ңістігі ретке келтіріл-
ді. Осыған дейін рес ми тіркелгенімен, жұ-
мыс істемеген көп теген діни бірлестіктер
мен діни бір лес тік деңгейіне жетпейтін
діни топ тар жұ мысын тоқтатты. Нақты
қыз мет ат қа ратындары өз қызметін жаңа
заң та ла п та ры на сәйкестендірді. Кон фес-
сия лар ға да талдау жасалып, нақты саны
ай қы н далды.
2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай
бойынша елімізде 46 кон фессияны
құрайтын 4551 діни бірлестік тіркелген
болса, қазір гі көрсеткіштерге сәйкес 18
кон фессияға біріккен 3449 діни бір лестік
қызмет атқаруда. Олар дың жар тысынан
астамын, яғни 2400-ге жуы ғын Қазақстан
мұсыл мандары діни басқармасына қа-
тысты мешіттер құрайды. Со ны мен қа-
тар, Орыс православие шір кеуіне қатысты
299, Рим-като лик шір кеуіне қатысты 84
діни бірлестік қызмет атқа рады. Қалған
азшылық өзге діндерге, не гізінен, проте-
станттық ағымдарға тиесілі.
Діни рәсімдер мен жоралар ды тек
заңмен белгіленген орын дарда ғана өт-
кізуді жүйеге кел тіру мақсатында діни
ғимарат тар дың, мінәжатханалар мен
намаз ханалардың жұмысы ретке келті ріл-
ді. Қазір Қазақстанда 3195 ғибадат үйі жұ-
мыс істейді, олардың 2382-сі – мұсыл ман
мешіттері. Республика бойынша 492 ис-
ламдық, 15 православиелік, барлығы 507
мінәжатхана қызмет атқаруда және рәсім-
деуден өтуде. Яғни, діни рәсімдер мен
жораларды бұрынғыдай әртүрлі мекеме-
лерде, орталықтарда, оқу орындарында,
т.б. жерлерде өткізе беруге болмайды, ол
тек жоғарыда аталған заңмен белгіленген
орындарда ғана жүзеге асуы тиіс.
Заң аясында ғибадат ғимарат та рын
салу тәртібі де белгіленіп, талаптары ай-
қын далды, оларды бұрынғыдай негізсіз
сала беруге тосқауыл қойылды. Ендігі
жер де ғибадат ғимараттарын салу кез
келген жеке немесе заңды тұлғаның қа-
лауына байланысты емес, заңмен бел-
гіленген тәртіпке және нақты қажеттілікке
сәйкес жүзеге асырылады. Бұл үдеріс те
мұқият бақылауға алынған.
Айта кететін тағы бір мәселе – жаңа
заң нормалары бойынша діни бірлестік
ре тінде тіркелмеген ешбір құрылым діни
қызметпен айналыса алмайды. Осы та-
лапқа сәйкес қайта тіркеу кезінде қоғам-
дық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, оқу
орталықтары ретінде тіркеліп, діни қызмет
атқарып жүрген бірқатар заңды тұлғалар
қызметін тоқтатты. Олардың қазіргі іс-әре-
кеті де ұдайы назарда ұсталуда.
– Осы арада діни оқу орын дарының
қызметі қаншалықты реттелді? – де-