Сценарий Тақырыбы: «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі»



бет1/4
Дата25.05.2023
өлшемі35,57 Kb.
#97136
түріСценарий
  1   2   3   4

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған сценарий
Тақырыбы: «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі»
Көрнекіліктер: шарлар,гүлдер
Кейіркерлер: Ашулы Тікенек, Ара, Жаз, Күн Шуағы, Қуыршақ
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған кішкентай бүлдіршіндер, ата-аналар, қонақтар!
Кабинетіміздегі кішкентай бүлдіршіндерімізді 1-маусым балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз.
Жүргізуші: «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі» атты шарамызды ашып беру және мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін кабинетіміздің меңгерушісі м.у.а Фатима Сырымқызына береміз.
Өту барысы:
«Аяқтар» биі
(Қуыршақ өзімен - өзі айналдыра қарап сөйлесіп шығады)
Қуыршақ: Қазір жаз мезгілі басталды ғой, күн қандай салқын, жел. Айнала балшық, жасыл шөптер де, гүлдер де жоқ, аспанды бұлт басқан күннің шуағы қайда кеткен?(Айналдыра қарап таңданады да, тәрбиешісімен, балаларды көріп қалып соларға сөйлейді).
Қуыршақ: Мәссаған, мына жерде балалар толып отыр ғой, мен оларды қалай байқамай қалдым? Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер қандай әдемісіңдер, бірақ сендердің көңіл-күйлерің жоқ қой? Сендер бұл жерде неге жиналып отырсыңдар?
Балалардың жауабы: Бүгін біздің мейрам. Бүгін жаздың бірінші күні.
Тәрбиеші апай: 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір баланың тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Әсіресе, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз және де арта түседі. Сонымен бірге жаз мезгілі басталды. Жазда айнала жап - жасыл болып, теректер жапырақтарға оранады, гүлдер өседі, жеміс - жидектер піседі. Біздің жазымыз неге кешігіп жатыр?
Қуыршақ: Бүгінгі мейрам қалай есімнен шығып кеткен? Олай болса, бүгінгі мейрамды жақсы етіп өткізейік. Балалар, біздер жазды көп күттік қой, солай ма? Сендер көңіл көтеруге, ойнауға дайынсыңдар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет