Семинар (практикалық) және зертханалық сабақтардың жоспары



бет31/91
Дата07.01.2022
өлшемі2,08 Mb.
#19751
түріСеминар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91
Жоспар:

1. Түрлі материалдардан бұйым жасау техникасы

2. Қағаз бен қатырмақағазбен жұмыс жасау тәсілдері

3. Маталарды өңдеу; тігуге, тоқуға, кестелеуге үйрету

4. Ермексаз, сазбалшық және папье-машемен

Табиғи материалдарға –талдың қабығы, түбірі, құм, жапырақ, гүл күлшелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. заттар жатады.

Жұмыс процесі кезінде табиғи материалдың күрт сынғыш қасиеттеріне байланысты қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді. Ой-өрістерін кеңейтеді. Қоршаған ортаны сүйе біліп, экологиялық біліктілігін арттырады.

Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы қиялына әсер ете отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал жасайды. Сондықтан көркем еңбек оқушы қабілетін дамытудың негізгі факторы болып табылады.

Төртінші сынып оқушылары 1-3 сыныптарда ою-өрнектерді сызу, оны материал бетіне салу, жапсырмалау, әшекейлеу сияқты көркем еңбектің түрлерінен әдістемелік түсінік алып, қолын жаттықтырса, 4- сынып көлемі орта білім жұйесінде жүргізілетін еңбек дәрістеріне өту жолындағы дайындық белесі болғандықтан, ұсынылатын көркем еңбек түрлері жеңілден күрделіге қарай ілгерілеу әдістемесімен жүргізілетін болады. Өйткені бұл сыныпта көркемдеуді мол қажет ететін қатты материалдарды өңдеу, әзірлеу, дизайндық жағынан мағлұмат алатын әдістемелерімен жұмыс істеудің бағыты көзделеді.

Көркем еңбек сабағының сарамандық жұмыстарға бағытталған білімдік хабарламасы қыздар үшін жұмсақ заттармен, ал ұл балаға салмағы жеңілдеу тақтайшамен, ағаш материалымен және табиғи материалдармен жұмыс істейтін дәрістер болуы керек. Мысалы, «Киіз үй» тақырыбы. Бұл қыз және ұл балаларға ортақ тақырып болып саналады.

Жұмыс процесінде орындалатын іс түрлерінен мұғалім оқушыларға мағлұмат бере отырып, олардың жұмысқа икемдік қабілеті мен таным-талғамын кеңейтіп, көркем еңбектің дәстүрлі түрлерінің үлгісін, оның бөлшектерін дұрыс жасай білуіне, затқа салынатын оюдың түрлерін орынды қолдану сияқты элементтер арқылы, олардың рухани өрістерін кеңейте түсулеріне тәрбиелеу мұғалімнің негізгі мақсаты болуы керек.

Еңбекке баулу кезінде оқушылардың орындауына жеңіл, қарапайым түрде орындалған халық тұтынатын бұйымдар қала мектептерінде немесе оқушылар өмір сүрген ортада көптеп кездесе бермейді. Сондықтан қалалық мектептерде қолөнер бұйымдарын жасап, оған көркем еңбек әдістемесін қолдану біршама қиындықтарға тудырады. Сол себепті қалалық мектептерде көркем еңбек сабағы тақырыпқа бөлінген сағат көлемінде қалып қоймай, өнер туралы жазылған оқулықтардағы көркем бұйымдар сутеттерімен танысып, мұражайға барып, көркем зат жасаудың мүмкіндіктерін және олардың түрлерін көрулері қажет. Өтілген және өтілетін сабақ тақырыбын оқушылардың толық меңгерулеріне ықпал жасау керек. Сонда ғана оқушы қолға алған затын бітіруге толық түсінік алады.

Ши тоқу ерте заманнан бері халқымыздың қолөнерінің бір түрі болып табылады. Бұл адам өмірінде де және еңбек сабағында қолдануға болады. Мысалы; шиді тоқымас бұрын дайындап алады. Дайындау жұмысы күз айында, ши биік өсіп, піскен шағында жүргізіледі. Бүкіл ауыл таңертен тұрып, ши тартуға кіріседі. Өйткені түнде түскен шықпен шидің түбі босайды. Оңай тартылады немесе жаңбырдан соң ши оңай тартылады. Дайындалған шидің қабығын аршып, көлеңкеге кептіріп қояды.

Шиді тоқу үшін қолданылатын қондырғы өте қарапайым жасалады.Қондырғы бір ұшында ашасы бар, ені қада мен бел ағашынан тұрады.

Бел ағаштың үстінен арақашықтықтары бірдей кертіктер жасалады. Оны дақ деп атайды. Дақ жіптің санына тең болады және ол тоқу жіптерінің бір келкі түсіп отыруы үшін қажет. Жіптің екі ұшына салмақты тас байлайды да, тоқуға қажетті жіпті орап қояды. Мұндай жіпті арқау жібі дейді. Шиді тоқығанда ши талшықтарын бір-бірлеп бел ағаштың үстіне қояды да, тас байланған жіптерді ауыстырып отырады. Демек әр ши сайын тас екі жаққа ауысып түсіп отырады. Әр шидің бірінің басын екіншісінің түбіне келтіру керек. Сонда ши тегіс тоқылып шығады. Тоқып болған соң шидің екі жақ ұштарын тегістеп қырқады. Тоқылған шидің сыртын көріністеріне қарап үш топқа бөледі;

1. Ақ ши


2. Орама ши

3. Шым ши (жүн орап, өрнектеп тоқылған)

Түбі дөңгелек себет жеміс – жидек жинауға және оны сақтауға ыңғайлы, сонымен қатар оған гүл салып қоюға да болады. Мұндай себетті түбінен бастап тоқиды.


  1. Өңделген сегіз шыбық таңдап алып, пышақпен 4 шыбыққа сол тіліктен өткізеді.

  2. Айқасқан шыбықты 2 жіңішке шыбықпен айналдыра тоқиды. Тоқу шыбығы таусылған кезде, ұзын бір шыбықпен жалғастырады.

  3. Себет дұрыс пішінді болу үшін оның түбіне қалып немесе кәстрөл қояды.Түбін өріп болған соң шетіндегі шыбықтарды қайырып, буып тастау керек. Ол- себет қабырғасының негізі.

  4. Бірінші қатар-бекіту қатары. Әр қатарды өрген сайын нығыздап отырады.Жұиыста себеттің тұтқасын өріп не есіп жасаумен аяқтайды.

Сондай-ақ себетті ауыз шеңберінен бастап тоқуға да болады. Ерте заманда тал шыбығынан шарбақ, үй жиһазын, сонымен қатар себеттің бірнеше түрін тоқып шығаратын болған.

Өсімдік түрлерінен құрастырылған гүл шоғы өнерінен икебано деп атайды.Бұл өнер түрі Жапонияда пайда болған.Икебаноны кепкен жапырақтан, шөптен,тал бұтағынан,гүл күлтелерінен құрастырады.

Дизайнерлер икебаномен ғимараттарды,бөлмелерді әшекейлейді.Кепкен гүл мен шөптерді пластмасса,қыш шөлмек құтыларда және ағаш түбірінен жасалған тәрелке сияқты ағаш қабығына орналастыруға болады.

Кептірілген өсімдіктерден дайындалған панно. Кептірілген өсімдіктерден композиция құрып,панно дайындауға да болады.Од үшін кептірілген өсімдіктер, қағаз,желім,щетка керек.

Кептірілген өсімдіктерден басқа, олардың тұқымдарын, сондай-ақ әр түрлі дәндерді,шырша бүршіктерінен пайдаланады.

Қағаз ( италия тіл. bambagia )- жазуға, графикалық жұмыстарға арналған,көркем өнер және өндірістік заттарға арналған зат.

Адамдар қазір біз жазып,сурет салып жүрген қағаз табылғанша көп нәрсені пайдаланғаны белгілі.Біздің ұлы бабаларымыз тарихы мен әдебиетін тасқа жазған.Руникалық жазу болып қаншама ғасыр құпиясын бүгіп келген жазу көне түркі жазуы еді.Орхон,Енисей,Күлтегін ескерткіштеріндегі жазулар біздің заманымызға жетіп отыр. Жазуды тасқа басып,ойып жазатын адамды-бідізші деп атаған. Ал ежелгі мысырлықтар мен индустар құрма ағашының жапырағына жазған. Вавилондықтар мен ассириялықтар қыш тақтайшаларға ұшы біздей істік таяқшалармен таңбалар салып, артынан отқа өртеп,күйдірген. Ондай қыш тақтайшалар қыш қораптарға салынып сақталған. Кейбір елдердің жазуы таңбалардан емес, суреттерден тұрады. Ондай жазулар күні кешеге дейін өмір сүріп келген. Мәселен, 1849 жылы АҚШ Президенті сондай суретпен жазылған хат алып, көпке дейін оқытатын кісі табылмаған. Сөйтсе, ол үндіс тайпасының қарағайдың қабығын сындырып, соған жазған арызы екен. Ніл дария жағасында «папирус» деген өсімдік өседі.Ол «суда өсетін » деген сөзден шыққан. Оның талшықтарын қиып алып желімдеп, нығыздап қатырады да,ондай жеке-жеке парақтары бір-біріне жалғастырып,одан шыққан ұзынша бумаға жазу жазылады. Папирус арзанға түседі,сондықтан да әр алуан елдерде папирус қолжазбалары сақталған аса бай кітапханалар бар. Ежелгі Пергамда жануарлардың терісін уақытқа шыдайтын, күн сәулесі мен ылғалға төзімді материал іздеген. Соның нәтижесінде адам қағазды ойлап тапты. Қағаз неден жасалды ? Ағаштан. Жұқа ақ қағаз парақтарын жасап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет