«Бастауыш мектепте еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінен
дәрістер конспектіСі
5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі
мамандығы үшін
Шымкент , 2015
№1 Бастауыш мектепте еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы – педагогика ғылымының саласы
Жоспар:
1.Еңбекті оқытудың теориясы мен технологиясы және практикумы пәні
2.Еңбекті оқытудың теориясы мен технологиясы және практикумы пәнінің мақсат-міндеттері
3.Еңбекті оқытудың теориясы мен технологиясы және практикумы пәнінің басқа пәндермен байланысы
Әдістеме пәні ретінде оқыту және тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады.
Педагогикалық ғылымның жалпы және жеке әдістемесі бар.Жалпы оқыту заңдылықтары дидактикамен байланысты,ал жеке-әрбір оқыту пәнінің зерттеу обьектілерін,міндеттерін және әдістерін қарастырады.
Оқыту мен дамытудың өзара тығыз байланысты үдерістері бар,олар:оқытудың мазмұны,мұғалімнің қызметі-оқыту,оқушылардың қызметі-оқу.Әдістеменің қызметі-осы үш заңдылықтардың байланыстарын зерттеу және соның негізінде оқу пәнінің,оқытудың мазмұнының талаптарын құрастыру.
Сонымен,әдістеменің обьектісі болып оқыту процесі саналады.
Оқыту әдістемесі әрдайым бір мақсатқа бағытталады.Қазіргі мектепте оның мақсаты тек оқушыларды біліммен,білікпен және дағдымен қаруландырып қою емес,сонымен қатар денесі шыныққан,иілімді ақылымен,жақсы эстетикалық талғамымен жіне жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған адамдарды ізірлеу.
Оқыту әдістемесі машықтық тәрбиені теориялық жағынан қорытындылайды,өзін дәлелдейтін және жақсы нәтижелер беретін оқыту әдістерін ұсынады.
Қазіргі әдістемеде,соның ішінде еңбекке баулу әдістемесінде,оқу пәніне және оны құру жүйесінде ғылыми материалды таңдауда белгілі мөлшерде айқындалады,яғни оқу пәнінің логикасын талапи етеді.
Еңбек пәнінің әдістемесі-бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі негізгі пәннің бірі.Өйткені ол педагогика,психология және техника мен өнеркәсіп технологиясындағы қазіргі ғылыми жетістіктерге негізделген.Еңбекке баулу әдістемесі курсын психлогияны,оқу процесін ұйымдастырудың талаптарын,сонымен қатар техника,техналогия,өнеркәсіп эканомикасының заңдылықтарын білмей,меңгеру мүмкін емес.Педагогикалық мамандықты игеру үшін оқу-тәрбие процесін тыңғылықты меңгеруді үйрету қажет,әрбір нақты жағдайда қандай оқу әдістері жақсы нәтижелер беретінін,қандай көрнекіліктерді пайдалану неғұрлым тиімдірек болатынын және т.б білу қажет.Мұғалім өзінің шығармашылық,сонымен қатар ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі жетілдіріп тұруы тиіс. Еңбекке баулуды оқыту курсының негізгі мақсаты:
-педагогикалық коледж оқушылрына,болашақ мұғалімдерге,еңбекке баулудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуге үйрету,оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік,еңбексүйгіштік маңыздылығын оның қоғам өміріндегі әлеуметтік-эканомикалық рөлін түсіндіру;
-мектеп оқушыларын еңбекке баулудың теориялық және практикалық білімдерін,іскерліктерін,дағдыларын қылыптастыру;
-сабақта және өнеркәсіптерде қолданылатын құрал-саймандармен,құрал-жабдықтармен жұмыс істей білуге үйрету;
-Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартында қарастырылған түрлі бұйымдарды жасауға,оқушыларды өзін-өзі күтуіне,көркем,ауылшаруашылық,техникалық еңбек бойынша жұмыстарды орындауға үйрету;
-мектеп оқушылары белгілі бір мамандық жөнінде нақты кәсіптік бағдар алу үшін оларды үнемі кәсіби-техникалық училищелерге,фабрикаларға,зауыттарға және т.б.орындарға апарып,саяхат ұйымдастыра білуі;
-оқушының тұлғасын,оның еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыру мен дамытуда сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыра білу.
Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың міндеттері:
Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу оқушыларды
-еңбек материалымен (өңдейтін материалдармен);
-еңбек құралдарымен (өңдеуші құрал-саймандармен);
-еңбектегі адамның қызметімен (еңбек құралдарына сүйенумен);
-еңбек нәтижесімен (аяқталған бұйымдармен) таныстырады.
Бастауыш сыныпта еңбек пәнінің политехникалық бірлестігін шамамен мына сызба бойынша көрсетуге болады:
р
ЕЗ – Еңбек заты.
ЕҚ – Еңбек құралы.
АЕ – Адам еңбегі.
ЕН – Еңбек нәтижесі.
1.ЕЗ – Бастауыш класта қолданылатын материалдар:қағаз,тері,ермексаз,әр түрлі материалдар,т.б.
2.ЕҚ – қарандаш,қайшы,біз,сызғыш,циркуль,т.б.
3.АЕ – білімі,әдісі,жұмысты жоспарлай білуі.Мысалы:бүктеу,кесу,біріктіру,т.б.
4.ЕН – біткен жұмыс:қорапша,ұшақ,машина,т.б.
Еңбекке баулу сабақтарында мұғалім бастауыш сынып оқушыларының еңбек құралдары мен материалдары туралы танымдарын ұлғайтады.Бастауыш сынып оқушылары жартылай өңдеуден өтікен материалдармен,мысалы қағаз,картон,мата,пластилин,ағаш сынығы,металл,полуфабрикат және басқаларды қолданады.Осымен қатар балалар тірі табиғаттан алынған материалдарды өңдейді,мысалы шырша,емен жаңғақтары мен жапырақтарын,аққайың қабықтары мен бұтақтарды және т.б.
Сонымен қатар,мұғалім балаларды аталған материалдардың физикалық,механикалық жіне техналогиялық қасиеттерімен таныстырады.Әңгімелесу,саяхатқа шығу және практикалық жұмыстарды жасау барысында оқушылар қағаз-картон,мата,пластмасса шығаратын полиграфия жіне құрылыс өнеркәсіптері туралы жалпы түсініктер алады.Материал қасиеттері мен оны өңдеу тәсілдерін оқыту оқушылардың политехникалық бағдарларын кеңейтіп қана қоймай,олардың еңбегінің нақты,тиімді және нәтижелі болуына ықпал етеді.
Оқушылардың еңбек құралдарымен жүйелі таныстырып отыруы мұғалімнің маңызды міндеті болып табылады.бастауыш сынып оқушылары жұмыстың тәсілін үйреніп,соған сәйкес қайшы,пышақ,біз,ине,отвертка,тістеуік,гайкалық кілт,бұрғы,ою арасы сияқты жұмыс құралдарын қолданады.Қол аспаптарымен жұмыс тәсілін оқытуды еңбектің машиналық құралдарын оқыту базасы ретінде қарастыруға болады.Еңбек құралдарының қол және машиналық негізінде бір ғана принциптердің болуына мұғалім көңіл аударуы қажет.Осылайша,қиюшы қол пышағының кесуші станок пышағынан,қол қайшыларынан айырмашылығы жоқ.Мұғалім оқушыларды еңбектің қол құралдарымен таныстыра келе, ең күрделі машиналық жұмыс негізінде қол жұмысының принциптері енгізілгенін көрсетіп,еңбектің қол құралдарын жақсы меңгеру машинадағы жұмыстың жемісті болуын қамтамасыз етуін мәлімдейді.Модельдеу процесінде мұғалім жалпы түрде балаларды кейбір машина жұмыстарының негізіне алынған жаратылыстану ғылымдық заңдармен таныстырады.
Маңызды болып есептелінетін міндеттер – оқушыларды еңбектегі адам қызметімен таныстыру.Мұғалім нақты мысалдарда қандай да болмасын өнеркәсіптік бұйымның бірнеше сатысының болуымен таныстырылады.Бірінші конструктор болашақ бұйымның сызбаларын шығарады:технолог оның дайындалуының реттілігін жоспарлайды;кейін сызба дайындау реттілігі бейнеленіп,өнеркәсіп орындарының цехтарына түседі,онда жұмысшылар танысып,оны шығаруға қажетті матетиалдарды,инструменттерді,станоктарды дайындап,түрлі технологиялық өңдеулерді жүргізеді,осы қызметтің нәтижесінде тапсырылған еңбек өнімі пайда болады.Оны аяқталған бұйым деп санауға болады.Технологиялық процесс туралы әңгімелеуді мұғалім өнеркәсіптік еңбекте бәрі – еңбек пәні де,еңбек құралы да,адамның еңбектегі қызметі де – «аяқталған бұйымда», «еңбек өнімінде көрсетіледі».Осы білімдер жалпыланған біліктердің қалыптасуына және оның жоғарғы кластарда политехникалық білім берудің жалғастыру базасына фундамент болады.
№2 Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері
Жоспар:
1.Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың маңыздылығы
2.Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мазмұны
3.Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытуды ұйымдастыру формалары
Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім - тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым – қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу» бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену – Ы. Алтынсарин 1887 - 1888 жылдары орыс – қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған. Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.
Болашақ кәсіпкер:
- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс - тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу- мектептің материалдық – технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.
Ата - ана, ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу - тәрбиелік шығармашылық орта құруы қажет.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу».
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке дамуының жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.
Технология - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре - көре, жүре - жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл - күйде жүреді.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн.
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
№3 Материалдар мен еңбек әрекетіне сипаттама
Жоспар:
1.Материалдар жөнінде мағлұматтар
2. Қағаз бен қатырмақағаздың түрлері мен қолданылуы.Мататану
3.Ермексаз және сазбалшықтың қасиеттері, түрлері, қолданылуы
4.Табиғи материалдардың түрлері мен қасиеттері, қолданылуы
5.Ағашты өңдеу тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.
Ермексаз-жұмсақ, илеуге, созуға қолайлы зат. Сондықтан ермексаздан әртүрлі көлемдегі заттарды мүсіндеуге болады. Ермексазбен жұмыс істеу үшін керекті құрал-жабдықтар: 1. Тақтайша, 2. Қырғыштар, 3. Бояулар, қылқалам, 4. Сүрткіш пен ыдыс.
Жұмыс істер алдында ермексазды алақанға салып, мыжып, уқалап жұмсартамыз.
Феодескин, Полех мастері шеберлердің шағын ғана қол өнер жұмыстары дүние жүзіне әйгілі болды. Өте нәзік әр түрлі формалы құтшылар, шақша, ине салғыш мойыншақ салғыш, қол өнер бұйымдар көпшілікті қуантып келді. Осы халықтың құрметіне айналған бұйымдар, папье-машеден жасалып, қара лакпен жасалғанын бәрі біле бермейді.
Папье-маше, француз тілінде, аударғанда “Шайналған қағаз” –деген мағынаны білдіреді. Сонымен папье-маше қағаз массасынан жасалған қатты әрі шымыр зат. Қағаздың қиындыларынан 5-7 қабаттап желімдеп кілейлеп арнайы бір формаға келтіру тәсілі оның шыққан тегі орта ғасырдағы Иран, Европа, Ирак шеберлерінің жасаған бұйымдарымен ХYІ-ғасырда танысты. Иран қорабшалары мен құтшылары бірнеше қабаттап желімделіп біріккен қағазға жасалып, үстінен желіммен бор араласқан қоймалжыңды жағып, кептіріп бояп, сурет салып өрнектеген, бояу сіңген соң үстін лакпен жапқан. Бірақ осы әдемі қорапшалар мен құтшылар өте нәзік болады. Коробовтың шаруа көпестері Россияда алғаш шақшаны папье-машеден жасады. Олар пірестеліп кілейленген картонды зығыр майында қайнатты. Осы заттан жасалған бұйымды ошаққа салып кептірді. Қазіргі папье-машені әр түрлі көрнекі құрал үшін пайдаланады мысалы: макет, рельевті карта жасау үшін. Сондай-ақ жаңа жылдық ойыншықтарын, маскаларын жасайды. Папье-машені жасағанда тегі үшін балшықты немесе пластелиннің қолдануды кей жағдайда дайын бір форманы алуға болады. 1-ші сыныпта оқушылар балшықтың қасиетімен танысып жеңіл тәсілдер өткізеді. Практикалық жұмыс оңай заттарды жабыстырудан басталады. Мысалы: жемістерді немесе қозықұйрықты жабыстыру жұмыстары қиындай түседі. Ал оқушы геометриялық денелердің формасын жасайды. Шар, конус, целиндір, пирамиданы кейін осы геометриалық негізде отырып, шыны аяқ, шәйнек, рамка, кесе т.б. жасайды. Жануарлардың адамның денесін балшықты жабыстыруды хал ойыншықтарын үлгі ете отырып жабыстыру сабағынан аяқтайды. Жабыстыру үшін кез келген майлы балшық жарайды. Балшықты жаз айында кептіріп, ұнтақтап, елеп, сүзіп дайындап қояды. Егер балшыққа кішкене өсімдік майын қосса ол қолға жұқпайтын болады. Кішкентай бұйымдар дайындау үшін кей жағдайда қағаз қиқымдарын балшыққа араластырып қосуға болады, қазіргі кезде балшықтың орынына пластелинді пайдаланады. Пластелиннің құрамында балауыз, балшық, бояу, басқа да қоспалар бар. Пластелинді жұмыстың алдында жылытып илеп қою керек.
Папье-машеден бұйым жасаудың 2 түрі бар. 1-ші түрі алдын ала балшықтан немесе пластелиннен дайындау формаға қағаз қиындыларын бірнеше қабаттап желімдеп жабыстырып үстін жабады. 2-ші түрі бұйымды қағазды массасынан формалап жасайды. Қағаз талшықтары оншалықты иілмейтін болғандықтан кептіру кезінде жасалған бұйым кедір-будр болып серпінділік қалпына түседі. Сондықтан дене форманы сақтап қалу үшін оның құрамына мына заттарды қосу керек: бор, балшық, ағаш күлін және т.б. осы заттардың басын біріктіру үшін храхмал, ұн, столярный және декоративный желімін пайдаланады.
№4 Материалдардан бұйымдар жасау технологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |