Семинар (практикалық) және зертханалық сабақтардың жоспары



бет32/91
Дата07.01.2022
өлшемі2,08 Mb.
#19751
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
Қағаздың түрлерінесурет қағаздары, жазба қағаздары, сызба қағаздары , боялған түрлі-түсті қағаздар, екі жақты қағаздар, гүлдік (папирус,калька) қағаздар, мұқабалық қағаздар, үстелдік, сулық қағаздар, фото қағаздар, сорғыш қағаздар, рентген қағаздары, қабырғалық қағаздар,шегірен қағаздары(тері тәріздес)орауыш қағаздары (конфет,шай,темекі,май заттарды салуға), орам қағаздары, т.б. заттарды орау үшін , плакат қағаздар, баспахана (газет, журнал,кітап) қағаздары жатады. Қазіргі кезде қағаздардың 200 ден астам түрлері өндіріс орындарынан шығарылып, тиісті орындарға жіберіліп отырылады. Бұл өндіріс орындарының барлығы қазіргі заманғы жаңа технологиялық машиналармен жабдықталып, өнім түрлерін көптеп шығаруда. Қағаздар мен қатырма қағаздар, өзіндік қасиеттерімен жоғары бағаланып, тіптен қолданбайтын сала жоқ деп айтуымызға болады.

Сызба қағаздары- қатты, беті жылтыр сурет қағаздарына қарағанда мықтылау болады. Гүлдік қағаздар-жұқа беріктігі мықты болып келеді. Түсті қағаздар-жұмсақ әрі жұқа, бірнеше түске боялып дайындалады. Ол қағаздар көбінесе, аппликациялық жұмыстар үшін қолданылады. Қағаздың қатырма қағаздан айырмашылығы қалыңдығы мен тығыздығына қарай ажыратылады. Егер қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін болып келсе, онда оны «қағаз» деп, ал қалыңдығы 0,5 мм-ден артық болып келсе, оны «қатырма қағаз» деп атаймыз.



Қағаз деп- бүктеуге, бояуға, майыстыруға, қаттауға, қиюға, сызуға, желімдеуге ыңғайлы болып келген талшықты жұқа материалды айтамыз. Қаңаздың негізгі шикізатына ағаш материалы жатады.

Бастауыш сыныптарда қағазды өлшеу, белгілеу тәсілдері;



  1. Қағазбен жұмыс істеген кезде, ең алдымен оны өлшеп, белгілеуден бастаймыз.

  2. Содан соң белгі бойынша бүктейміз.

  3. Бүктеу сызығы бойынша қағазды қайшымен қиямыз.

  4. Сурет бойынша бұйымды құрастырып қағаз жабыстырамыз.

Қағазбен, қатырма қағазбен жұмыс істегенде жабыстыру үшін желім немесе крахмал пайдаланады. Егер желімді қағаздың тұтас бетіне жағатын болсақ, онда желім жағудың рет тәртібін білуіміз керек;

  1. Сол қолымызбен қағаздың жоғарғы жағын ұстап тұрамыз.

  2. Оң қолымен оңтайлы қимылдап, қағаздың ортасынан шетіне қарай желім

жағамыз.

  1. Қағаз парағының жоғарғы бөлігіне желім жаққанда оң қолмен оның жоғарғы шетіне қарай жағамыз.

Қағаз бетінің бір жағын желімдеген кезде оның екінші жағын ескі газетпен немесе пайдаланылған қағазбен жауып қоямыз. Үстелдің бетіне желім жұғып қалмау үшін қағаз немесе қатырма қағаз жаямыз. Ермексаз, сазбалшық және папье-машемен жұмыс жасау.

Бастауыш сыныптарда саз балшықпен және ермексазбен жұмыс істеу бөлімі арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытуда негізгі міндеттерін қарастыру қажет. Сабақты дұрыс ұйымдастыру барысында шығармашылық қабілеті жоғарылайды, политехникалық ой-өрісі дамиды, қоршаған ортаға деген дүниетанымы қалыптасады.



Ермексаздан және сазбалшықтан мүсін жасау – бұл бейнелеу өнерінің бір саласы болып қарастырылады.

Ермексазбен жұмыс істеу барысындағы мұғалімнің негізгі міндеттері;



  1. Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.

  2. Эстетикалық тәрбие беру.

  3. Еңбекті сүюге тәрбиелеу.

  4. Қоршаған ортаны бақылауға тәрбиелеу.

  5. Еңбекті сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптарда еңбек сабақтарында көбінесе ермексазбен жұмыс жасайды. Себебі ермексазды дүкендерден сатып алуға болады, ал сазбалшықты үнемі кездестіре алмаймыз. Сазбалшықты мектепте қолдану тиімсіз, сыныпты ластандырады және одан затты бейнелеу үшін көп дайындықты қажет етеді. Дегенмен, ермексазбен жұмыс істеу де оңайға түспейді, себебі ермексаз майлы, көп уқалаған жағдайда жабысқақ. Сондықтан ермексазбен жұмыс жасау үшін сыныптағы оқушыларға арнап 1 қалта ұн қажет. Ұнды арнайы үстелге немесе мұғалімнің үстеліне қою керек. Жұмсартылған ермексазды ұнға аунатып алсақ, шамалы уақыттан кейін ермексаздың бойындағы майын сорып алады. Құрғатылған ермексаздан бұйым жақсы жасалып, оны гуашпен, майлы бояумен, т.б. бояуға болады. Жасалған бұйымды сыныпта қалдырып кептіріп, кепкен бұйымдарды күйдіруге болады. Күйдірілген бұйым құрғақ әрі мықты келеді, суды бойына сіңірмейді. Ермексазбен жұмыс істеу барысында оқушылардың қызығушылығын дамыту үшін көбінесе көрме ұйымдастырылады. Көрмеге оқушылардың қиялынан туған жұмыстарын қойып, оқушылардың, ата – аналардың, мұғалімдердің алдында көрсетіп, марапаттау керек.Көрме ұйымдастыру барысында оқушылардың жетістіктерін көрсетіп, не істеуге үйренгендерін айтып, нәтижесін қолдау шарт. Көрме ұйымдастыру барысында сынып бойынша оқушылардың арасындағы дұрыс жасалмаған жұмыстар көрмеге қойылмайды. Бірақ бір оқушының жұмысын үнемі көрмеге шығару да тиімсіз, себебі басқа оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан жылына бір рет әрбір оқушының жұмысын көрмеге қоюға тырысу қажет. Көрмені арнайы сыныпта ұйымдастырған қызықты, көп уақыт бойы оқушылар бір – бірімен ойларын бөлісіп, жұмыстарын тамашалай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет