Семинар (практикалық) және зертханалық сабақтардың жоспары



бет33/91
Дата07.01.2022
өлшемі2,08 Mb.
#19751
түріСеминар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91
Байланысты:
БМ ЕҢБЕК ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ (1)

Папье –маше француз тілінен аударғанда «шайналған қағаз» деген мағынаны білдіреді. Папье – машеден әр түрлі модельдер мен бұйымдар жасау, арнаулы үлгілер ретінде түрлі фабрика – зауыттарда даярланған заттарды, оқу құралдарын, макеттерді , ойыншықтарды және шаруашылық саймандарын , т.с.с. пайдалануға болады. Осындай ұсақ- түйек бұйымдарды даярлау үшін балшықтан, ермексаздан және басқа жұмсақ материалдардан жасалатын арнаулы модельдер қолданылады. Пішінін папье-машеден дәл бейнелеу қажет болатын модельді күні бұрын балшықтан дайындалған үлгі бойынша жасайды. Бұйым даярлау үшін жақсы иленген балшықтың түгелдей қатыстырылатындай кесегін алу қажет.

Бұйымды модель үлгісі бойынша жасау. Бұйымның арналуына, шамасына байланысты, ал кейде қажетті материалдардың болуына байланысты оны папье –машеден даярлаудың технологиясы таңдалып алынады. Егер жеке бір дана керек болып, ал олардың мөлшері үлкен болса, онда арнаулы қалыптарды даярлау үшін уақыт кетірудің қажеті жоқ. Желімдеуді балшықтан істелінген модельді түпнұсқа бойынша жүргізуге болады.

Модельді бір –екі қабат дымқылданған қағазбен толық жабады. Ал қағаздар бір – бірімен тегіс жабысуы және ауа көпіршіктерін болдырмау үшін модель шүберекпен бастырылады.

Папье – машеден жасалған бұйымды өңдеу. Кеитірілген бұйым және оның бөлшектері өзара желімденгеннен кейін бұйымның бетіндегі барлық жіктермен оның сыртындағы ақауларын арнаулы ағаш, болат қалақшамен не қарапайым пышақпен тығыздалады. Тығыздалған бұйым қайтадан жақсылап кептіріледі. Жіктері мен керексіз шығыңқы жерлері пышақпен тазартылады. Папье – машеден жасалғандарды майлы бояулармен бояу керек. Кей жағдайда гуашь пайдалануға болады.

Кейінгі уақытта папье – машені тігін жібін пайдалану арқылы жасап жүр.

Тігін жібінен папье – маше жасау үшін төмендегі заттар қажет;



  • Үрленген шар;

  • Тігін жібі;

  • Пластмасса ыдыстағы ПВА желімі;

  • Ине.

5 Халықтық сәнді – қолданбалы өнер (көркем еңбек)

Жоспар:

1.Қазақ халқының сәнді-қолданбалы өнері, оның түрлері.

2.Сәндік қолданбалы өнер негізінде түрлі тұрмыс бұйымдарын жасау, безендіру, ою-өрнек үлгелерін қолдану.

3.Төсеніш бұйымдары.

4.Ағаштан жасалған түрлері.

5.Зергерлік бұйымдар.

Қазақтың ұлттық киімдері – қазақ халқының қолөнері, көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазынасы. Қолөнердің басты бір саласы – киім тігу.Қазақтың ұлттық киімдері ; айырқалпақ, байпақ, бөрік, жаулық, қамзол, малақай, сәукеле, тақия, тон, шапан, ішік, т.б. Кестелеу – тоқыма бұйымдарды көркемдеудің бір түрі.

Кесте тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, біз және кергіш қажет. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді пайдалануға болады. Кестенің кейбір түрлері селдір матаға түсіріледі. Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Матаны кішілеу шеңберге салып, үстінен үлкен шеңберді кигізеді де кереді. Жұмыс жылдамырақ жүруі үшін инені екі қолмен бірдей шанши білу керек. Кейбір кестелер кергішсіз тігіледі; матаны бас бапрмақ пен шынашақтың көмегімен сол қолдың үш саусағы біркелкі етіп керіп тұрады. Матаға инені оң қолдың ортаңғы саусағымен шаншиды. Егер суреттің көлемі кестелейтін бұйымның көлеміне сәйкес келмесе, онда суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.

Баумен кестелеу киімді әшекейлеу үшін қолданылады. Спорт киімдері үшін бауды жуандау етіп, бедерлеп тігеді. Бауды сондай-ақ, ілгекпен де тоқуға болады.

Баудан әр түрлі әдемі белгілер, белдіктер, білезіктер, сөмкелер, гүлдер, кілемшелер жасауға болады. Жіп орнына түрлі-түсті жұқа таспа, тоқыма таспа, мулинені пайдалануға болады. Сондай-ақ тұзақша түріндегі бауларды бұйымдарды, бөлмелерді әсемдеу үшін қолдануға болады.

Киіз үйдің ішінде түрлі-түсті жібек жіптермен кестеленген түскиіз, оюлы сырмақ, текемет, кілемдермен қатар ерекше көзге түсетін басқа да жабдықтар бар. Олар – өрнектеліп тоқылған басқұр мен баулар. Басқұр – тоқыма өнерінің бір түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет