Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат


  8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет133/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   159
1.8.2  8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары. 
 
Қазақ эпосының жанрлық құрамы. 
Көне эпос, батырлар жыры, лиро-эпос. 
Тарихи жырлар, діни дастандар.  
Жыр, жыршы, жырау. 
Айтыс, сипаттамасы. 


Айтысты мазмұны мен тақырыбына қарай жіктеу. 
Балалар фольклорының ерекшеліктері. 
Фольклор мен əдебиет. 
Қазақ фольклоры мен түркі халықтарының ауыз əдебиеті. 
Қазақ фольклорының зерттелу тарихы. 
1.8.3  Емтиханға дайындық сұрақтары. 
 
Қырғыздың  “Манас”  жырының  бір  бөлегін  Шоқан  Уəлиханов  қырғыз  еліне 
нешінші жылы барғанда жазып алды? 
 
“Ақындар” атты еңбектің авторы кім? 
 
Фольклордағы инициация деген не? 
 
Қазақ фольклористикасында тұрмыс-салт өлеңдерін зерттеген кім? 
 
Ə.Бөкейханов  пен  А.Байтұрсынов  құрастырған  23  жоқтау  нешінші  жылы 
басылды? 
 
1862  жылы    Іле  мен  Ыстықкөл  маңайынан  “Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу” 
жырын жазып алған ғалым. 
 
Бақсы  сарыны,  арбау,  бəдік,  рəсімдік  өлеңдер  фольклордың  қай  қоғамдық 
дəуірінен келе жатыр? 
 
Басында қу ағаштың  таңылып тұр,  
Ақ күміс, адыра қалғыр жарқырап тұр. 
Келмейді, сол барғаннан жалғызым-ай, 
Артында  қалған  анаң  аңырап  тұр,  -  деген  жолдар  мұңды  өлеңдердің  қай 
түріне жатады? 
 
„Мақал-мəтел  -  əр  халықтың  өзі  жасап  алған  логикалық  формуласы, 
өлшемі...”, - деп айтқан қай ғалым? 
 
Жоғарыдан келемін құлан атып 
Шолақ құлақ тышқанды бұлаңдатып 
Үйірімен əкелген құланыма 
Ауыл-аймақ барлығы қалды батып... Қай жанрға жатады? 
 
Ағын судың өлгені, 
Аязда мұз боп қатқаны. 
Асқар таудың өлгені, 
Басын бұлттың басқаны. 
Ай мен күннің өлгені, 
Еңкейіп барып батқаны, - қай шешеннің сөзі? 


 
Суалмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бұлақ жоқ. 
Тамыры суда болса да, 
Уақыты жеткенде, 
Құрамайтын құрақ жоқ, - деп айтқан биді көрсет. 
 
„Қаурысынды  түтетісімен-ақ,  алып  қарақұс  жетіп  келеді.  Қанатына  мінгізіп, 
оны құдықтан шығарады”, - қай ертегіден? 
 
«Қазақтар балаларын ең алдымен сөйлеуге үйретеді, ол үшін оларды шешен-
билердің  сарқытымен  тамақтандырады,  жатқан  орындарына  жатқызады, 
ауыздарына түкірткізеді жəне осылар арқылы бала-шағасына тіл дариды деп 
ойлайды», - деп кім айтқан? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет