Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Білімді жастар – болашақтың тірегі. Ашық рай, дейді моделі, барыс септігіндегі есімше



бет10/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

9-апта. Білімді жастар – болашақтың тірегі. Ашық рай, дейді моделі, барыс септігіндегі есімше
Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екендігін дәлелдеуде. Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің келешегін жалғастырып, ұлтымыздың мәдeни мұpaсын жeтiк бiлiп, oны өз шығapмaшылығында пaйдaлaнып, төл мәдeниeтiмiздi жaңғыpтып, жаңа қырынан танытуда. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Қазір елімізде ғылыми-техникалық көрмелер және өнертабыстар байқауы жиі ұйымдастырылады. Бұл өнертабысты коммерцияландырудың, өнертапқыштарды ынталандырудың жақсы тәсілі. Әрі осындай шараларда жеңімпаз атанған авторлар халықаралық байқауларға жолдама ала алады. Қазіргі заманғы қазақстандық жас өнертапқыштарға келсек, 2012 жылы республикалық «Шапағат» байқауында «Венераны зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу кешенінің моделі» өнертабысының авторы 16 жасар павлодарлық қыз Назифа Бақтыбаева жеңімпаз атанды. Өз жобасының арқасында ол Хьюстонда (АҚШ) «Эйр Смит» халықаралық олимпиадасының жүлдесін алып, Техас университетінің стипендиаты болды. Дарынды қыздың жобаларына шетелдік мамандар қызығушылық білдірді. Осы байқаудың тағы бір жеңімпазы солтүстікқазақстандық Маркен Саянов небары 11 жасында пультпен басқарылатын «Қолқанат» қуыршағын жасаған.
Тапсырмалар:
1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
жарқын қаруланып
білікті өнертабыс
алдыңғы буын көрме
өркендеу байқау
озық жоба
2. Сөйлемді орыс орыс тіліне аударыңыз. Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі.
3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Өз салаңыз бойынша қандай жаңалық әкелер едіңіз. Өз ойыңызды жазыңыз.
5.Ашық райлы етістіктерді қатыстырып, мәтін тақырыбына қатысты үш сөйлем құрастырып жазыңыз.
6. Ұлттың мәдени мұраларын жазыңыз.
7. Білім туралы қандай мақал білесіз?
8. Сөйлемді жалғастырып жазыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Дарынды қыздың жобаларына ..................


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет