Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)



бет1/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ


«ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Семинар сабақ өткізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Қазақ тілі
І семестр – Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


ZhBB 1 Жалпы білім беру модулі

2024
І семестр – Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


1-апта. Отбасындағы қарым-қатынас
Граматикалық тақырып: «Зат есім тудырушы жұрнақтар (-лық, -шы, -гер)»
ОҚЫЛЫМ.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Отбасындағы қарым-қатынас
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамт болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүнеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Бала дамуының қандай қырын алсақ та, қай жас ерекшелігі болмасын оның тиімді болуына отбасының ролі ерекше.
Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері:

  • Тәрбиелік;

  • Сауықтыру;

  • Рухани-адамгершілік;Танымдық-білімділік;

  • Тұрмыстық;

  • Еңбекке баулу;

  • Мәдени-ағартушылық;

  • Демалыс-шығармашылық;

  • Тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет