Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Жаңа әлемдегі жастар келбеті. Себеп үстеулері, табыс септігіндегі есімше



бет8/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

7-апта. Жаңа әлемдегі жастар келбеті. Себеп үстеулері, табыс септігіндегі есімше
Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Жастарға» деген өлеңінде: «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін»! - деп ұрпаққа үлкен сенім артқан.
Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда жастардың алатын рөлі ерекше, себебі алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру сол жастардың қолында, яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы- оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады. Статистика агенттігінің жүргізген моноторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз жалпы халықтың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. «Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ, сондықтан қай уақытта болмасын ересектерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық көрсету – дәстүрлі үрдіс.


Тапсырмалар:
1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
қыран қатысты
жалпы тамырын
адамгершілік қауымы
құқықтық бәсеке
саяси білімді
2. Мәтіннен жастардың келбетін анықтайтын сөйлемді тауып жазыңыз.
3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Өзіңіздің болашақта алға қойған мақсатыңызды жазыңыз.
5. Мәтіннен септік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жазыңыз.
6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жасаңыз.
7. Қазіргі уақытта жастар бойындағы қандай жат қылықтарды айта аласыз?
8. Жастар арасындағы әлеуметтік желіге тәуелділік туралы ойыңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет