9-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздерді оқып, өз пікіріңізбен бөлісіңіз.
1. Ең қиын мамандық – адам болып қалу. (Хосе Хулиан Марти)
2. Адам өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау. (М.Мақатаев)
3. Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз. (Әл-Фараби)
10-тапсырма. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбы бойынша
7-апта.
ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ: САПА МЕН КӨЛЕМ.
ГРАММАТИКА: ЕТІС ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың бірі – еңбек өнімділігі болып табылады.
Еңбек өнімділігі – нақты жұмысшының жұмыс уақытының бір өлшемінде (немесе бір жұмысшыға) белгілі өнім мөлшерін (астық, сүт, ет) өндіру қабілеттілігі.
Еңбек өнімділігін көтеру жолдары және факторлар:
тиімділігі;
өндірісті интенсивтендіру және материалдық-техникалық базаны
жетілдіру;
ҒТП жетістіктерін енгізу;
өндіріс үрдестерін кешенді механизациялау, автоматтандыру;
кадрлар біліктілігін көтеру;
еңбекті материалдық ынталандыру мен ұйымдастыруды жетілдіру.
Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (заттандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.
Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі.
Еңбек өнімділігі асқан сайын, өнімнің бір бірілігіне кететін еңбек үлесі қысқарады.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіші экономика мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің әмбебап индикаторы болып табылады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) зерттеулері еңбек өнімділігінің өсуі халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыруда негізгі рөл атқаратынын көрсетеді.
Қазіргі уақытта еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарлатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және прогрестің жалғыз көзі болып табылады.
Экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсу мәселесі ең қиыны болып отыр, бірақ оны шеше отырып әлеуметтік бағытталған нарық экономикасын тұрғызуда жетістікке жетуге болады. Осы мәселені шешу үшін ұлттық өндіріс дамуына бағытталған қаржы-несиелік және экспортты-импортты дамыту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |