Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


-тапсырма. Сөздермен жұмыс істеңіз (сөздікті пайдаланыңыз)



бет10/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

1-тапсырма. Сөздермен жұмыс істеңіз (сөздікті пайдаланыңыз).
Баспалдақ, мәжбүрлейді, арнаға, қадам, шешім, таңдау, қабілет, қызығушылық, бейімділік, меңгеру, кедергілер, жеңу, іс-әрекет, табысты.


2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз.
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Мамандық таңдау, дұрыс таңдау, қадам басамыз, қарапайым кеңес, болашақ мамандық, қызық мамандық, құнды ақпараттар, мамандықтың артықшылықтары, жұмысқа орналасу.


5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, мезгіл мәнді сөйлемдер құрастырыңыз.
Мамандықты дұрыс таңдамағанда, мүмкіндігі болғанда, мамандықты таңдаған уақытта, жазған соң, дәрістен кейін, пәнді таңдаған уақытта, университетке барған шақта.


6-тапсырма. Берілген сөйлемдердің сыңарын тауып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Мен университеттен кейін, __________________________________.

  2. Мен мамандықты таңдаған соң, ____________________ .

  3. Ата-анам айтқаннан кейін, ___________________________________ .

  4. Университет бітірген соң, ___________________________________ .

  5. Курстық жұмысты тапсырып үлгергенде, ________________________ .

6. Спорт залға барған уақытта, _________________________________ .


7-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.
Мамандық таңдау барысында оқушының өмірден өз орнын іздейтіні анық. Әдетте ата-анаңның немесе жүрек қалауына сүйенген жөн дейді.
8-тапсырма. Сұрақтар бойынша пікір алмасыңыз.

  • Сіз өз мамандығыңызды қашан таңдадыңыз?

  • Мамандық таңдауда неге сүйендіңіз?

  • Сіз мамандығыңызды дұрыс таңдадыңыз ба? 

  • Таңдаған мамандығыңызды өзгерткен кезіңіз болды ма?

  • Мамандық таңдауда кімдердің ықпалы көбірек болды?

  • Адамның өз мамандығына қанағаттануы дегенді қалай түсінесіз?

  • Кейбір жастар өзі оқыған мамандық бойынша неге жұмыс істегісі келмейді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет