1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі айғақтар мен детальдарды анықтаңыз. 2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. Жұмыс түрлері, еңбек тәртібі, еңбекақы төлеу, табыс табу, беймезгіл жұмыс, сыйақы алу, жалақы төлеу.
Демалыс уақыттарына ақы төлеу еңбектің қай түріне жатады?
Еңбекақы төлеудің мерзімді фомасы туралы не білесіз?
4-тапсырма. Төмeндeгі cөйлeмдергe синтаксистік тaлдaу жacaңыз. Жалақы – қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы. Беймезгіл жұмысқа көтеріңкі мөлшерде ақша төленеді.
5-тапсырма. Аударыңыз. Еңбекақы – жұмыс берушінің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай бірілетін төлем немесе сыйақы. Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін. Алайда кей жағдайларда қызметкерлер еңбекақыны клиенттерден сыйлық ретінде тікелей алуы мүмкін. Салыстыратын болсақ, жалақы қызметкерге жұмыс істеген сағатына қарамастан белгілі бір уақыт ( мысалы апта, немесе ай) сайын берілетін тұрақты төлем.
Лайықты жұмыс – бұрынғы жұмысынан айырлған, табысы жоқ азаматтар үшін олардың кәсіптік даярлығына сай келетін, жас шамасы, еңбек стажы, тәжірибесі ескеріліп ұсынылатын жұмыс.
Уикипедия
6-тапсырма. Берілген сөздepдің opын тәpтібін тaуып, cөйлeмді дұpыc құpacтыpыңыз.
еңбекақы /күшінің / бағасы / жұмыс
оның /ұсынысқа / байланысты / шамасы / сұраныс /пен
еңбекақы /болады / қосымша / төлеу /түрлері / негізгі/ және.