Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


-тапсырма. Төменде берілген шығармашылық тақырыптардың біріне ақпараттық-танымдық жоба жасаңыз



бет34/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

7-тапсырма. Төменде берілген шығармашылық тақырыптардың біріне ақпараттық-танымдық жоба жасаңыз.

  1. ҚР еңбек туралы Заңы.

  2. ҚР жұмыспен қамту туралы статистикалық мәліметтер.

  3. ҚР бойынша бос жұмыс орындары.



8-тапсырма. «Қазақстанда жалақысы жоғары мамандықтар» тақырыбы бойынша ақпарат жинап, сұқбат құрастырыңыз.


9-тапсырма. Төмeндeгі бepілгeн eтістермен cөйлeм құpacтыpыңыз.
Айтқызба, сөйлеспе, киінді, отырғыз, сөйлет, берілді, салынды, сөйлетті, құшақтастым.


10-тапсырма. «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбына пікір-эссе жазыңыз.


8-апта. АҚША ЖӘНЕ АДАМДАР. ГРАММАТИКА: ҚАЛАУ МӘНДІ ҚҰРЫЛЫМДАР: -СА/СЕ ДЕЙМІН, ЫРЫҚСЫЗ ЕТІС

Ақша – айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды бағалауға қызмет ететін кез келген тауар немесе символ.


Ауа мен су қаншалықты қажет болса, ақша да адамға соншылықты қажет. Өйткені, ақша – тамақ, ақша – киім, ақша – денсаулық, ақша – білім.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналасына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Нарық заманында ақшаның маңызы жоғары. Ғалымдардың айтуынша, ақша миға есірткі секілді әсер етеді деседі. Әсіресе, сыйақы не мотивация мен эмоция сыйлайтын кездерде.
Ел арасында «егер аз ақша тапса, демек ақылы аз» деген пікір кең тараған. Зерттеулердің нәтижесіне қарасақ, былай екен. Адам ақшасы аз кезде қате шешім көбірек қабылданады деседі. Яғни, қаржылық қиындықтардың салдарынан адам ақпарат өңдей алмай, дұрыс қабылдамай, жағдайға анализ жасай алмай қалады екен.
Табысы қанша болса да, кез келген адам ақша туралы ойлағанда өзін басқаша ұстайды. Мысалы: ақшаға қатысты ой болмаған кезде адамдар қоршаған орта, тума-туысқа көбірек қамқор болады.
Миға ақша туралы ой кірген кезде бірден бәсекелесу режимі іске қосылып кетеді. Ондайда жұмысты өнімдірек жасауға құлшыныс артады. Ал, жақындармен байланыста болу сынды дүниелер кейінге ысырылады. Басқаларға көмектесуге құмар болмайды. Себебі адамның ойы ақшада болады.
Бақуатты тұратындар заң мен этика нормаларын жиі бұзады. Мысалы: қымбат көлік мінетіндер арзан көліктерге қарағанда жолдан өтіп бара жатқандарға төрт есе көбірек кедергі келтіреді деген статистика шыққан.
Kz.kursiv.media, Торғын Қабен. 17 қараша 2022ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет