Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


-тапсырма. Cөз тіpкecтepін aудapыңыз, оқыңыз



бет39/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

1-тапсырма. Cөз тіpкecтepін aудapыңыз, оқыңыз.
Жақсы тынығу, таңғажайып мекен, қатты шаршайсыз, сахат жасау, мәңгілік естелік, уақыт өткізу, жеңілдікті сезінесіз, ой-санасы тазару.


2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.


3-тапсырма. Төмeндeгі бepілгeн cөз жәнe cөз тіpкecтepімeн cөйлeмдep құpacтыpыңыз.
Саяхат жасау, уақыт, естелік, француз халқымен, мәлімет, көрікті жерлер, әлем, естелік қалдыру.


4-тапсырма. Төмендегі есімшелерді септеңіз.
Танысқан, көрсеткен, бөліскен, дұрысталған.


5-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз және сөз құрамына талдаңыз.
Аралағанда, танысқанда, жоспарлағанда, саяхатағанда, шыққанда.


6-тапсырма. «Не үшін саяхаттау керек?» қажетті сөздерді қолданып, шағын әңгіме жазыңыз.
Қажетті сөздер:Тіл үйрену, дәстүр айырмашылығын білу, көрнекі орындар, жаңа достар, түрлі тағамдар, адреналин, шабыт.


7-тапсырма. «Саяхаттаудың пайдасы» тақырыбында пікір алмасыңыздар.


8-тапсырма. Ұсынылған тұжырым бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз, аргумент қолданыңыз.
Тұжырым сұрақ: Саяхат өмірді ұзартады ма?


9-тапсырма. Ғұламалардың айтқанына келісесіз бе? Пікіріңізді айтыңыз.
Саяхат – өзімізді қайтадан іздеп табуға арналған ең ұлы ғылым.
Альберт Камю

Қозғалу, тыныс алу, зерттеу, саяхаттау – міне, өмірдің сәні.


Ханс Кристиан Андерсен

Саяхат – өркендеу мен прогрестің ажырамас бөлігі. Егер сен бөтеннің әлемі қалай құрылғанын көрсең, саған өз әлеміңді жайластыру әлдеқайда оңай.


Юрий Дудь


10-тапсырма. «Есте қалған саяхат» тақырыбында эссе жазыңыз.
11-апта. Қазақстан табиғаты жайлы шетелдіктердің көзқарасы.
Сөз тудырушы жұрнақтардың қолданысы.
Қазақстан табиғаты жайлы шетелдіктердің көзқарасы.

Еуразияның қақ ортасында орналасқан Қазақстанда тарихи ғимараттар мен заманауи сәулет өнерімен үйлесім тапқан бірегей табиғат ескерткіштер бар. Қазақстан таулары мен далаларының арасында кейде көздің жауын алатын ғажайып жерлер бар. Еліміздің көрікті жерлеріне қызығушылық танытатын шетелдік туристтер саны көбейіп келеді. Қазақстанда жылдың кез келген уақытында жарқын эмоциялар беретін ерекше орындар көп. Ел аумағында табиғатты жақсы көретіндер үшін нағыз таптырмайтын жерлер бар. Мәдениет және спорт министрлігі елдегі шетелдік туристер үшін ең танымал көрікті орындардың рейтингісін жасады. Министрліктің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Ішкі туризмнің көрсеткіштері де бірнеше есе өсті.


Шет елден келген саяхатшының бірі Роб ван Звайтерн: Мен Қазақстанды тұрмысқа қолайсыз, құм басқан ел деп ойлаған едім. ЕХРО көрмесі арқылы оның таңғажайып табиғатының куәсі болдым. Шынында, алуан түрлі жануарлар әлемі мен табиғи үйлесімі мені таңқалдырды. Қазақстан ғажайыптарын терең түйсіндім. Мұны түсіну үшін тек көзбен көру керек секілді деген екен. ЕХРО-дан ерекше әсер алған жиһанкез Қазақстан туралы түсінігінің жаңа деректермен толыққанын мойындаған. Әсіресе, шетелдік туристтер Қазақстанның табиғи ескерткіштеріне қызығады. Еліміздегі табиғаты тамылжыған көрікті жерлерде қызмет көрсету деңгейін көтеру керек.
Әрі саяхатқа арналған бағыттарды түрлендірген абзал. Сонда ғана ішкі туризм әлемдік трендтерге төтеп бере алады. Тәуелсіз Қазақстан бүгінде өзін татулық пен келісімнің мекені ретінде дәлелдеп, бейбіт өмірдің бесігіне айналды. Бүгінде егемен еліміз әлемнің 184 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатқан. Елі мен жері тыныш мемлекетке шетелдіктердің көп бет бұратыны белгілі дүние. (https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/item/600823-sheteldik-turister-aza-stanny-tabi-i-eskertkishterine-yzy-ady)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет