Тапсырмалар:
Мәтінмен танысып, іштен оқыңыз.
Мәтіннен 10 жаңа сөз жазып, сөзтіркестер жасап, аударыңыз және оқып, есте сақтаңыз.
Мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастырыңыз және маңызды ойға назар аударыңыз.
Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Қызметінің, климаттық, бұлттылығы, нәтижелерін, қауіпсіздігін, өңірлерінде.
Мәтінді оқып, өз ойыңызбен айтыңыз.
Жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райының өзгеруі туралы айтыңыз.
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, болжам мәнді сөздерді табыңыз.
а). Если сегодня дадут зарплату, я может быть куплю себе красивое платье.
ә). Я думаю, ты не дашь ему списать.
б). Может Вы выздоровеете от этого лекарства.
в). Как ты думаешь, может ли он сегодня позвонить?
г). Если он будет затрудняться, наверное вы ему поможете.
д). Возможно я приду пораньше.
8. Орталық Қазақстанның ауа-райына қатысты сұхбат жазыңыз.
14-апта. Спорт жаңалықтары. Көсемшенің қимыл-сын пысықтауыштық қызметі.
Спорт жаңалықтары.
Спорт (ағылшынша спорт – түпнұсқа ескі француз диспортының аббревиатурасы – «сауық, көңіл көтеру» белгілі бір ережелерге сәйкес ұйымдастырылған адамдардың (спортшылардың) физикалық немесе интеллектуалдық қабілеттерін салыстырудан тұратын іс-әрекеті. Спорт – бұл жарыс, сондай-ақ дене шынықтыру және жаттығулар арқылы оларға мақсатты дайындық мақсатында орындалатын дене (немесе интеллектуалдық) әрекеттің нақты түрі. Демалыспен бірге физикалық денсаулықты бірте-бірте жақсартуға, интеллект деңгейін арттыруға, моральдық қанағаттануды алуға, жоғары жетістіктерге жетуге, жеке, топтық және абсолютті рекордтарды жақсартуға, атақ-даңққа жетуге, өзінің физикалық мүмкіндіктері мен дағдыларын жетілдіруге, спортқа ұмтылу.
Элиталық спорттың мақсаты – ең үлкен спорттық жарыстарда мүмкін болатын жоғары спорттық нәтижелерге (немесе жеңістерге) қол жеткізу.
Біздің елде спорт пен денешынықтыру мәдениетінің берік және ертедегі дәстүрлері кеңінен қамтылған. Денешынықтыру мәдениеті өзіндік ұлттық тарихи дамудағы барлық жолдарын жоғалтпады. Көптеген шараларда денешынықтыру мәдениетінің ұлттық түрі айқын көрініп тұрады. Әр халық өздерінің ұлттық мәдениетіне спорт қазынасын ең жақын жағынан енгізді.
( https://www.uniface.kz/index.php?id=608&post=article§ion=3)
Мәдениет және спорт министрлігі еліміздегі ең танымал әрі жиі болып тұратын ұлттық спорт түрлерін атады. Олар: тоғызқұмалақ, қазақша күрес, бокс, көкпар, бәйге. 2022 жылы ұлттық спорт түрімен айналысатын қазақстандықтардың саны 580 мыңнан асқан. Ал ұлттық спорт түрлері бойынша үйірмелердің саны 16555-ке жеткен.
(https://kaz.zakon.kz/sport/6025044-azastanday-e-tanymal-ltty-5-sport-tr.html)
Тәуелсіз Қазақстанның атын әлемге танытқан тұңғыш чемпиондар: В.Жиров (бокс), Ю.Мельниченко (күрес), А.Парыгин (қазіргі бессайыс) , Б.Саттарханов, Г.Головкин, С Сапиев, Б.Артаев (бокс), О.Шишигина (жеңіл атлетика), О.Рыпакова (жеңіл атлетика), Д.Баландин (жүзу спорты), Г.Голвкин (бокс), Б.Артаев (б), А.Винокуров (велошабандоз) т.б.
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1690518-tauelsiz-memleketimizdinh-tunhghysh-chem/
Спорт жаңалықтарын көбінесе KazInformburo.kz.,Tengrinews.kz., NUR.KZ., SN.kz., Stan.kz., Baribar.kz т.б. және теледидар арналары, интернет желілері арқылы білуге болады.
Спорт жаңалықтары туралы жеткізіп жүрген спорт журналистері Әйгерім Тоқсанбек, Дастан Кенжалин, Амангелді Сейітхан және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |