Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)



бет26/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

Оқылым.

Әжемнің ақылы
Отбасындағы жанжалдың көпшілігі болмашы себептен туындайды. Болмашы нәрсеге сын айту, кемшілік іздеу, ал екінші тарап бұл айтылғандарға артығымен жауап қайтару, соңы ашулануға, жанжалға ұласады.
Екеуі де менікі дұрыс деп санайды. Ондай үйде жанжал біте ме? Көбінесе жанжалға кінә екі жақтан да болады. Біреуі үндемей қоя салса, кешірім сұраса, қиындық болмайды. Ерлі- зайыптылар менікі дұрыс деп табан тіреген сайын жанжал бітпейді. Соңы отбасының ажырасуына әкеледі. Сондықтан сабырлық керек. Әрдайым кешірімді болған дүрыс.



  1. Жазылым. Отбасындағы ренішті қалай кешіруге болады?

Ең әуелі біз «Реніш» пен «Кешірім» туралы ойыңызды топтап алаңыз:
Реніштің пайда болу себебі .................
Өзіңді қалай ұстау керек деп ойлайсың? ......................
Нәтиже бар ма? Тұжырым жасаңыз ..........................................
Отбасын құрған жастарға әрдайым үлкендердің ақылы, бағыт- бағдары қажет. Талай жыл бір шаңырақта тату-тәтті тұрып жатқан жандар қаншама?......................................



  1. Грамматика: Модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз:

анығынан, шамасы, тәрізді, екен, шығар, болар, дейді, көрінеді.
4-апта. МӘДЕНИЕТ ПЕН БІЛІМНІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Грамматика: Көмекші сөздер
Мәдениет пен білімнің байланысы – қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізі. Бұл екі ұғым бір-бірін толықтырып, адамның жан-жақты дамуына, оның интеллектуалдық және рухани байлығын арттыруға септігін тигізеді.
Мәдениет – бұл қоғамның тарихи даму барысында қалыптасқан материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. Мәдениет адамның дүниетанымын, моральдық құндылықтарын, әдет-ғұрпын және өнерін қамтиды. Білім – адамның ақыл-ой қабілеттерін дамытып, оның ғылыми, техникалық және гуманитарлық салаларда терең білім алуын қамтамасыз ететін процесс.
Мәдениет пен білім өзара тығыз байланысты. Білім мәдениеттің маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол адамдарға өткеннің тәжірибесін үйретіп, болашаққа бағыт береді. Білім беру жүйесі арқылы мәдениет ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мектептер мен жоғары оқу орындары мәдени құндылықтарды насихаттап, жастардың рухани дамуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, білім адамның мәдени деңгейін арттырып, оның әлемді тану қабілетін кеңейтеді.

Мәдениет білім беруді байытады. Мәдениет арқылы адамдар әр түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өнерін, әдебиетін және тілін үйренеді. Бұл білім адамды толерантты, жан-жақты, басқа мәдениеттерге құрметпен қарайтын тұлға ретінде қалыптастырады. Өнер, музыка, әдебиет және театр сияқты мәдениет салалары адамның эстетикалық талғамын дамытып, оның шығармашылық қабілеттерін арттырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет